А?парат, а?паратты? алуан т?рлілігі ж?не оларды ??деуді? т?сілдері
Тақырыбы:
Қарапайым графикалық редактордың сурет салу құралдары.
Күтілетін нәтиже:
Білім Қарапайым графикалық редакторда сурет салуды үйренеді. Paint графикалық редакторын таниды.
Түсінік Paint графикалық редакторының құралдарымен танысады. Түрлі фигуралармен жұмыс істейді.
Қолданыс Орындаушы Paint графикалық редакторының құралдарын қолдану әдісін меңгереді.
Анализ Paint графикалық редакторында аспаптармен түрлі суреттер салу тәсілдерін талдайды.
Синтез Paint графикалық редакторының құралдарын қолданудың сурет салудағы маңыздылығын көрсетеді.
Баға Paint графикалық редакторында құралдарды қолдануға үйрену қажеттілігін түсінеді.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (13 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау - бағалау(4мин.).
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік, репродуктивті, топтық.
Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Paint қарапайым графикалық редакторының құралдары, масштаб, бүріккіш.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
2012. Paint графикалық редакторының құралдары. 7 - сынып. Ақпарат көзі: http://45minut.kz/?p=90552012. PAINT графикалық редакторы .Ақпарат көзі: http://45minut.kz/?p=14526
2013. Paint графикалық редакторының командалары. Ақпарат көзі: http://web.chitate.ru/docs/47/index - 17152.html
2001. Е. Балапанов, Б.Бөрібаев. Paint программасын пайдалану
Оқушы жетістігін бағалау:
Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
Бонус - балл тапсырмасы:
Графикалық редактор Paint - та сурет салу кезеңдерін атап айт
Үй тапсырмасы:
Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Анықтамаларды жаттау.
Paint қарапайым графикалық редакторын құралдарын атауларын жаттау
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу Тақырып жоспары:
Paint қарапайым графикалық редакторының сурет салу құралдары.
Paint графикалық редакторындағы сурет салу құралдарының ерекшеліктері?
Сурет салу кезеңдері қандай?
Сурет салу кезінде қолданылатын командалар.
Слайдтар:
1 - слайд (титул)
2 - слайд Сабақтың мақсаты
3 - слайд Тақырып жоспары
4 - слайд
1 - тақырыпша. Paint қарапайым графикалық редакторының сурет салу құралдары.
5 - слайд
PAINT графикалық редакторында 16 құралды пайдалануға болады.
Олардың міндеттерін білу үшін тышқанның нұсқағышын қажетті
құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттері
4841240-696595жазылған төртбұрыш пайда болады.
6 - слайд
2 - тақырыпша. Paint графикалық редакторындағы сурет салу құралдарының ерекшеліктері?
7 - слайд
- ерікті аймақты белгілеу құралы, қисық пішінді үзіндіні
таңдау қызметін атқарады;
- белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін
таңдау қызметін атқарады;
- өшіргіш, суреттің белгілі бір бөлігін өшіруге арналған;
- құю құралы, тұйық контурдың ішін кескін немесе фон
түсімен бояйды;
8 - слайд
- түс таңдау, кескіннің немесе оның фонын суреттің кез
келген нүктесінің түсіне өзгертеді;
- масштаб, суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді;
- қарындаш, кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта
сызуға арналған;
- қылқалам, ерікті сызықтарды салуға арналған;
- бүріккіш, пульверизатор эффектісін береді;
- жазу, сурет ішіне мәтін орналастырады;
9 - слайд
- сызық, түзу сызықтар салуға арналған;
- қисық, тегістелген, қабаттасқан сызықтар салуға арналған;
- тіктөртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған;
- көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады;
- эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған;
- бұрыштары дөңгеленген (доғал) тік төртбұрыш,бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
10 - слайд
1432560-185420
11 - слайд Бүріккішті пайдалану
Бүріккіш сайманы аэрограф сияқты жұмыс жасайды. Саймандар тақтасында осы аспапты және дақтардың өлшемінің ішінен керектісін, одан кейін қажетті түсті таңдап, тышқанның көмегімен жылжытып шерту арқылы бояймыз.
Масштаб аспабы
439674059690 Бұл аспап 200%, 400%, 600%, 800% - ке үлкейту мүмкіндігін береді.Аспапты таңдап алғаннан кейін, саймандар тақтасының төменгі жағында тізімнің қажеттісінде тышқанды шерту жеткілікті. Сондай - ақ Түр – Масштаб – Таңдау командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде қажетті өрісті белгілеу арқылы да іске асыруға болады.
12 - слайд
1203960-349250
13 - слайд
1051560-137795
14 - слайд
Суретке сендер мәтін енгізу үшін құралын пайдаланасыңдар.
2765425-331470Егер сендер қаріптің өлшемін өзгерткілерің келсе, немесе оларды курсив, жартылай қалың немесе асты сызылған етіп жасағыларың келсе, онда бұл үшін Шрифты құрал - саймандар тақтасы қажет болады.
Егер бұл тақта экранда жоқ болса, онда мына команданы орындаңдар:
Вид – Панель атрибутов текста
Түр – Мәтін атрибуттарының тақтасы
15 - слайд
Редакторда суреттік бейнелер көрінісіне мәтіндік фрагменттер қосу үшін Мәтін аспабы қолданылады.
Мәтін теру кезінде курсор пішіні қарапайым редакторлардағы сияқты енгізу курсорына ұқсас түрге айналады. Мәтін енгізуді бастау курсорды суреттің белгілі бір нүктесіне апарып, тышқанды шерту арқылы іске асады. Мәтін негізгі түспен енгізіледі, енгізу барысында әдеттегідей BackSpace, Delete пернелерінің көмегімен символдарды жоюға болады. Егер енгізіліп жатқан мәтіннің қарпін, оның өлшемдерін, стилін өзгерткіңіз келсе, енгізу режимін тоқтатпай - ақ (тышқанды шерткенге дейін) мәзірдің Мәтін командасы арқылы өңдеп - түзетуге болады.
16 - слайд 3 - тақырыпша.Сурет салу кезеңдері қандай?
17 - слайд Сурет салу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
1.Құрал таңдап алу керек
2. Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау
3. Кескіннің түсін таңдау
4. Фонның түсін таңдау
5. Сурет салуды бастаймыз
18 - слайд 4 - тақырыпша. Сурет салу кезінде қолданылатын командалар.
righttop19 - слайд
Paint аспаптарын іс жүзінде игеруге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт - редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар (бұл әрекет барлық программаларда кездеседі). Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі Түзету → Өзгерту {Ctrl+Z} (Редактирование → Отменить) командасын таңдау керек.
іі. алғашқы бекіту Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Paint қарапайым графикалық редакторының сурет салу құралдары Paint графикалық редакторындағы сурет салу құралдарының ерекшеліктері? Сурет салу кезеңдері қандай? Сурет салу кезінде қолданылатын командалар
Қорытынды:___________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Құралдар жиыны қанша құралдардан тұрады?
Оның атаулары қандай?
Сурет салудың неше кезеңі бар?
Суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге арналған құрал?
Доптың суретін салу үшін қандай құрал пайдаланады?
Карандаш құралы қандай қызмет атқарады?
Редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті қалай өзгертеді?
ІІ деңгей тапсырмалары
Мына бос жәшіктердің тиісті атауын көрсет.
Суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
Сурет ішіне мәтін орналастыру.
Кез - келген сызықты әр түрлі жуандықта сызуға арналған.
Суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау.
Тіктөртбұрыштар салуға арналған құрылғы.
1
2
3
4
5
46990093980
ІІІ деңгей тапсырмалары
Төмендегі суреттерді қандай құралдың көмегімен салуға болады ?
іV. шығармашылық әрекет Топтық жұмыс.
1 - топқа:
Мұғалім берілген тапсырманы оқиды, ал оқушылар тапсырмаларды компьютерде орындайды.
1. Үлкен шеңбер салыңыз.
2. Сол шеңбердің төменгі бөлігін өшіріңіз. Сол кезде доға пайда болады.
3. Кішкентай шеңбер салыңыз.
4. Сол шеңбердің бірнеше көшірмесін жасап немесе бірнеше шеңбер салып бірінен соң бірін орналастырыңыз.
5. Оларды доғаның астына орналастырыңыз.
6. Кіші шеңберлердің төменгі бөліктерін өшіріңіз.
7. Центрінен бастап сызық жүргізіңіз.
8. Сызықтың төменгі сол жағына кішкене шеңбер орналастырыңыз.
9. Шеңбердің жоғарғы жартысын өшіріңіз.
10. Өзіңізге ұнаған түспен бояңыз.
2 - топқа:
«Қай сөз артық?»
Артық сөзді табу керек және әріптердің орнын ауыстырып дұрыс сөздерді шығару қажет.
Intpa -
Суетр -
Юенм -
Рындашка -
Ықсыз -
Қысиқ -
Иплсэл -
Кішрікбү -
Бұртөышрт -
3 - топқа:
V. бағамдау - бағалау Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігін туралы эссе жаз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________