Та?ырыбы: Те?деу ж?не оны шешу т?сілдері (3 са?аты) (4)
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Амангелді орта мектебі, Дуйсегалиева Самал Кабаевна
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Математика 4-сынып
Сабақтың тақырыбы Теңдеу және оны шешу тәсілдері (3 сағаты)
Мақсаты Күрделі теңдеуді шығару тәсілдерін үйрету. Өрнек құруға және амалдарды тиімді тәсілдермен орындауға үйрету.
Оқыту нәтижесі Күрделі теңдеуді шығаруды үйренеді. Есептер шығарады.
Түйінді идеясы Ойлы бала-озар.
Әдіс-тәсілдер Тренинг: «Ауызша воллейбол», «Ойлан.Жұптас.Ойлан» әдісі, «Сыныпты шарлау» әдісі, «Конверт сұрақ» әдісі.
Ойлаудың жіктелуі Уақыты Ресурстар Сабақтың мазмұны:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу 10мин Кеспе сандар, кесте. І. Психологиялық тренинг: «Ауызша воллейбол»
ІІ. Топқа бөлу. «Көшбасшы таңдауы»
№9 есептің мәнін алдындағы кеспе сандар арқылы көрсету. - Оқушылар дөңгелене тұрады және өздерінің қалаған сыныптасына допты лақтыру арқылы сыйлық сыйлайды.
- Оқушыларды көшбасшылар таңдайды.
- Мұғалімнің оқыған өрнегінін мәнін алдарындағы сандарды көтеру арқылы тексереді.
Түсіну 5мин Тақта, дәптер Мұғалімнің түсіндірмесі:
х+20*8= 2600 40*6+х =9400
№1 «Ойлан. Жұптас. Бөліс.» әдісі.
І топ: х*(40:4) = 12600
(190-90)*х=38600
ІІ топ: х-560:7= 20000
3090:10-х= 209
ІІІ топ: х:(36+64) = 630
19200:10:х=10 Оқушылар теңдеулерді өздері шығарады. Сосын касындағы көршісімен жұптасады. Бірін-бірі тексереді. Күрделі теңдеудің шығарылуы туралы ой бөліседі.
Қолдану 10мин конверттер №4 «Конверттегі сұрақ» әдісі.
Өрнек түрінде жаз және оқы.
- Оқушылар конверттегі берілген кеспе қағазға өрнекті жазады және бір-бірінің дұрыстығын тексереді.
Талдау
10мин Ортақ парақшалар №9 «Сыныпты шарлау» әдісі
Амалдарды орында.
Топтағы оқушыларға жеке-жеке есептерді шығарып, ортадағы параққа жазады.
Ортадағы парақты жарға ілген соң топтағы оқушылар басқа топтың жазғанын тексереді.
Жинақтау 5мин Оқулық Логикалық жаттығу Оқушылар шапшаң есептеп шешімін айтады.
Бағалау
(Кері байланыс) 3мин
Бағалау парағы Кері байланыс: «Иық тірескен шеңбер»
Оқушылар «Маршрут картасы» арқылы бағаланады.
Үйге тапсырма: №7 109 бет Сабақтан алған білімдеріне кері байланыс береді.