Cаба?тас ??рмалас с?йлемдерді ?айталау
«Манашы орта мектебі» ММ
3175339090 Ашық сабақ
00 Ашық сабақ
Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталау.
Дайындаған : қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Хаметханова Клара
2013\2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақтас құрмалас сөйлем мүшелерін қайталй отырып сөйлем ішінде сабақтастарды ажырата білуге үйрету,оқушылардың білімін жинақтау,бекіту.
Дамытушылық:Оқушыларға сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін, жасалу жолын меңгерту.
Тәрбиелік: Сауатты жазып талдай білуге, сауатты көркем жазуға,талдай білуге тәрбиелеу.
Жаңа технология.
1.Технологиялық құралдар түрлері: интерактивті тақта.
2.Сабақтың түрі:қайталау
3.Сабақтың әдісі: аралас
4. Пән аралық байланыс:әдебиет
5.Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі парақшалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас дегеніміз қандай сөйлем?Мысал келтір.
Мақсат бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқылы сыңарының баяндауышы қалай жасалады?
Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Құрмалас сөйлемдер неше түрге бөлінеді?
3.Сабақтас құрмалас сөйлемдер дегеніміз не?Мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
4. Шартты бағыныңқы сабақтас дегеніміз не? ( Мысал)
5. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас дегеніміз не? (Мысал)
6.Себеп бағыныңқы сабақтас дегеніміз не? (Мысал)
7. Мезгіл бағыныңқы сабақтас дегеніміз не? (Мысал)
8. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас дегеніміз не? (Мысал)
Венн диаграммасы:
-456304269875Салалас құрмаластың бағыныңқысының баяндауышы тиянақты
Салалас құрмаластың бағыныңқысының баяндауышы тиянақты
3039558136301Сабақтас құрмаластың бағыныңқысының баяндауышы тиянақсыз
0Сабақтас құрмаластың бағыныңқысының баяндауышы тиянақсыз
1276126136301Екеуі де күрделі бір ойды білдіреді
00Екеуі де күрделі бір ойды білдіреді
Ойлан тап:
Төмендегі сөйлемдерден шартты бағыныңқы сабақтасты теріп жаз.
а) Еңбек етсең ерінбей, тояды, қарның тіленбей.
ә) Жан қиналмай , жұмыс бітпейді.
б)Ол артына қараса , аттылар жақындап қалыпты.
в) Отқа салып ерітсең де, алтын, сірә, жез болмас.
г)Оқысаңдар, балалар, шамнан шырақ жағылар
Жаңылмай жазып бер:
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшалар мен шылауларды қоса отырып, қарсылықты бағыныңқы сабақтас жаса.
1.Өзеннің суы тайыз бол....., одан өту күрделі
2.Абай басы ауырып жат....., еріксіз күліп жібереді
Кім жылдам?
Сабақтастың бағыныңқысының баяндауышына сай сөйлем құра, сабақтастың түрін ажырат.
-са,-се,....
-ған,-ше,...
-дықтан,-соң.....
-ысымен,-ғалы......
-мақ,-болып (боп) ....
-іп,-ып....
Ой толғау.
Тақырыбы: Абай-дана, Абай- дара қазақта.
Тірек сөздер: қазақ халқы,туған жер,тәуелсіздік,егемен елдің ұланымыз,Қазақстан
Сабақты қорытындылау.
Үлестірмелі парақшалар.
№ Мысалдар Ш.б Қ.б С.б М.б
А
Қ Қ.с М.б
Е
З
1 Ділдәні Абайға айттырған уақытта , Алшынбай ауылы күміс тартқан 2 Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе ,күніне бір мәрте өзіңнен есеп ал! 3 Қайрат,ақыл,жүрек үшеуі өнерлерін айтысып , таласып келіп, ғылымға жүгініпті. 4 Осындай қастарға сөзім өтімді болсын деп,қызметке, болыстық, билікке таластық. 5 Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен. 6 Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң , бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. 8а сыныбының озат оқушысы Абай Құнанбаевтың «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін оқиды.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасы
Сабақтас құрмаластардың барлық түрін қатыстырып, мәтін құрау.