Салалас ??рмалас с?йлемдерді ?айталау ашы? саба?


Мұғалім: Дүйсенбай А.С
Қостанай қаласы №19 орта мектебі
Пәні Қазақ тілі
Сынып 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы Салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау
Сабақтың мақсаты Білімділік: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін пысықтау;
Дамытушылық: теориялық алған білімін практикалық жұмыстармен одан әрі кеңейту, білімдерін жинақтау, сауаттылығын, тілін дамыту;
Тәрбиелік: өзара сыйластыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі Сұрақ-жауап, топтастыру, талдау, тест;
Сабақтың түрі Білімді бекіту сабағы;
Сабақтың көрнекілігі Презентация, постер, стикер, маркер, таратпа карточкалар, сигналдық карточкалар;
Күтілетін нәтиже Оқушылар салалас құрмалас сөйлем мен оның түрлерін ажырата біледі; Бірін- бірі оқыту дағдылары жетіледі; Тақырып бойынша тұжырым жасайды.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру
3 минут Оқушылармен амандасу, тексеру, оқу құралдарын түгендеу;
Топтарға бөлу: үш түрлі сурет қиындыларын таңдатқызып, оларды құрастыру арқылы 3 топқа бөлу.
Топ атаулары:
І топ. Алғырлар тобы
ІІ топ. Білгірлер тобы
ІІІ топ. Тапқырлар тобы
Бүгінгі тақырып бойынша Табыс критерийлерімен оқушыларды таныстыру. Амандасу,оқу құралдарын шығару; кезекші оқушының сабаққа қатысты мәлімдемесі.
Жылдамдық таныта отырып, қалаған сурет қиындыларын таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.
Тобының атына сәйкес партаға орналасады.
Табыс критерийін тындау. Сурет қиындылары
Табыс критерийлері жазылған постер
Негізгі бөлім
3 минут Қызығушылығын ояту. Берілген сөздерді қатыстырып, өлең шығару. (Тыңдаймыз, сақтаймыз, жинаймыз, бастаймыз.)
1.Дәптерге бүгінгі күн мен тақырыпты жазады.
2.Тыңдаймыз, сақтаймыз.
жинаймыз, бастаймыз сөздерін қатыстырып, өлең шығарады.

1 тапсырма.
14 минут І топ. Алғырлар тобы
Салалас құрмаластардың түрлері және ережелері
ІІ топ. Білгірлер тобы
Салалас құрмаластардың жасалуы (жалғаулықты, жалғаулықсыз)
ІІІ топ. Тапқырлар тобы
Салалас құрмаластардың тыныс белгілері.
тақырыптарына постер жасату.
1.Әр топ өзінің тақырыбына сәйкес постер жасайды
2.Постерлерін қорғайды.
3.Басқа топтарға сұрақ құрастырады. Постер, стикер, маркерлар
2 тапсырма6 минут Әр топқа талдауға сөйлемдер ұсынылады.
І топ. Алғырлар тобы
Сөйлем мүшелеріне талдау.
1.Құлбай үйінде жаңадан мектеп ашылатын болыпты және оған жаңадан мұғалім келетін болыпты.(З.Ақышев)
ІІ топ. Білгірлер тобы
Сөз құрамына талдау.
1.Ешкім үндемеді, себебі бұндағы кісілердің бәрі де қарт әйелдің дауысын біледі. (Ә.Нұрпейісов)
ІІІ топ. Тапқырлар тобы.
Толық синтаксистік талдау.
1.Абайдың қиналғанын Ділдә сезді, бірақ түк өкінген жоқ. (М.Әуезов)
Әр топтан бір оқушы берілген сөйлемдерді тақтаға шығып, қалғаны орнынан ауызша талдайды. Тақта , дәптер
3 тапсырма
12 мин
Әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.
І топ. Алғырлар тобы
Ыңғайлас салалас.
Кезектес салалас.
І деңгей. Берілген сөйлемдерден ыңғайлас салалас және кезектес салаластың жасалу жолын түсіндіріп айт.
Күн батты, тауды қара көлеңке басты. (П.П) Олардың бәрін үйіне апарды да , торға қамап қойды. (үнді ертегісі) Айғай өте ұзаққа созылды және еш нәрсені түсінерліктей болмады.(М.Ә) Баяу ескен жел бірде басылады, бірде толқып, жасыл шөптердің бастарын ақырын ғана ырғайды. (С.Сейф.) Хатты біресе кеудесіне қысады да, біресе мейірі оған мейірі қанбағандай бетінеибасады. (Ә.Ә)
ІІ деңгей. Берілген жай сөйлемдерді мағыналарының ыңғайына қарай жалғаулықты шылаулармен өзара байланыстырып , ыңғайлас салалас пен кезектес салаласқа айналдыр.
Балақаз ашулы арыстанға ұқсайды. Шырайы күлім қағады. Ол кідірмей, кәдімгі қызыл желге айналды.Ол теңіздің толқыған долы толқынына ұқсайды. Артынша- ақ терістік желі түстікке шығып алды.
Қабағын тұнжыртады.
ІІІ деңгей. «Менің досым», «Денсаулық- зор байлық» тақырыбына өлең немесе шығарма жаз, ыңғайлас және кезектес салаласты пайдалан.
ІІ топ. Білгірлер тобы.
Қарсылықты салалас.
Түсіндірмелі салалас.
І деңгей. Берілген сөйлемдерден қарсылықты салалас және түсіндірмелі салаластың жасалу жолын түсіндіріп айт.
Әлімовтің жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді. Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды. Күн жауып кетті,- оны елеген ешкім жоқ. . Байжанның дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді: ол – Сырдария бойының маса - сонасы мен құрт - құмырсқа, бақа - шаяны деген сияқты шақпалы жәндіктері.Сіздерге айтар тілегім сол: мені ұшқыштың оқуына жіберіңіз.
ІІ деңгей. Берілген жай сөйлемдерді мағыналарының ыңғайына қарай жалғаулықты шылаулармен өзара байланыстырып , қарсылықты салалас пен түсіндірмелі салаласқа айналдыр.
Бұл ел Мұхитты бұрын да қадірлеуші еді. Кабинетінің кілті Естайдың қалтасында екен. Ол жолы да Мәскеудің маңы да , өзі де мұндай емес-ті. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан емес екен. Машина бара алмайды. Гүлзат ол жолы да Мәскеуге түнде жеткен еді. Сонымен ол есігін ашты Онысы тап мұндай дәрежеде емес-ті..
ІІІ деңгей. «Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орыны қалады» немесе «Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі-жақсы мінез, екіншісі- жақсы сөз » деген тақырыптардың біріне қарсылықты салалас пен түсіндірмелі салаласты пайдалана отырып пікір жазу.
ІІІ топ. Тапқырлар тобы
Себеп салдар.
Талғаулы салалас.
Сөйлемдерді оқып , себеп-салдар салалас пен талғаулы салаластың жасалуын түсіндір.
Біз ауылға жаяу тарттық: көлік жүре алмайтын тар жол бізге басқа амал қалдырмады.Бұл араның малы қыс жұтауға тиісті емес себебі ондағы көлдіңтөңірегіне жайыла шалғын өседі. Жүргенше қарабет боп өлген артық: Не өлтір, не кеш тағы қолымды шеш. Я алқымда булығып ашу тұрды, я көзінде жаңа бір үрей тұрды. Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады немесе әредікте шешендер, ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік, даулар айтылады.
ІІ деңгей.
Көп нүктенің орнына ыңғайына сәйкес талғаулы және себеп- салдар салалас құрмалас сөйлем етіп құра.
Я алқымда булығып ашу тұрды, я....; Тура келесің бе, әлде....; Ол ауданға жетуге асық, өйткені,...; ... өйткені көптен көрмеген Нариманға жолығады;
ІІІ деңгей. «Менің кітапханадағы уақытым» тақырыбына себеп – салдар салалас пен талғаулы салалас құрмаластарды пайдалана отырып әңгіме құрастыр.
Әр топ өз тапсырмаларын дәптерге жазбаша орындап, ауызша айтады. Дәптер
Бекіту
3 минут Тест жұмысы. Жалпы 5 тест сұрағының әрбірі  дайын слайд түрінде көрсетіліп, жауабы сигналдық карточкадағы әріптік белгіні оқушылардың көтеруі арқылы олардың  алған білімдері тексеріледі. Тест шешеді, дұрыс жауабын сигналдық карточкадағы әріптік белгіні көтеруі арқылы  көрсетеді.
Жауабы:
А 2.B 3.B 4.B 5.E Сигналдық карточкалар
Үй тапсырмасы.
1 минут Сабақтас құрмалас сөйлем мен түрлерінің ережелерін оқу. Әр сабақтастың түріне мысал жазып келу. Дәптерлеріне үй жұмысын жазып алады. Дәптер
Бағалау
3 минут Бағалау парағы бойынша бағалау.
Кері байланыс: сабақтан алған әсерін жазады Бір-бірін, өз-өзін бағалайды.
Сабақтан алған әсерін жапыраққа жазып, ағашқа жабыстырады.
Бағалау парағы
Кері байланыс ағашы мен жапырақтары