?сімдіктер д?ниесі


Мұғалімі : ДостаеваЖулдыз Игликовна
Мекен-жайы:Атасу кенті
Мектебі : № 132 ОМ.
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 3
Тақырыбы: Өсімдіктер дүниесі
Мақсаты: 1. Табиғаттың барлық нысандарының өзара байланысын біле отырып, өсімдіктердің адам қамқорлығына мұқтаж екенін түсіндіру. 2. Ой- өрісі мен іскерлігін дамыту арқылы пәнге қызығушылығын арттыру. 3. Табиғатты сүюге, қорғауға, аялауға, оны гүлдендіруге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:;жаңа білімді меңгерту Көрнекілігі:сөзжұмбақ,слайд Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1.Бидайды, күрішті, орамжапырақты неге «мәдени өсімдіктер» деп атайды? 2.Жабайы өсімдіктер екенін неден білеміз? 3.Тіршілік ету мерзімі біржылдық, екіжылдық, көпжылдық өсімдіктерді ата. ІІІ.Жаңа сабақ : а) Ой қозғау
Тірі табиғат Өсімдік
437705500043770550003983990000165544500016554450001176655000
Адам жануар өсімдік ағаш бұта шөп
Өсімдіктердің адамға, жануарға қандай пайдасы бар?
Мұғалім: Адам ежелден өсімдіктерді өз қажетіне пайдаланып келеді.
Адамдар пайдалана беретіндіктен еліміздің ормандары сирей бастады.Топырақ тозады.Бұл табиғаттағы тепе-теңдікті бұзады. Сондықтан қандай қорытынды жасауға болады?
-Ендеше, бүгін біз «Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж» тақырыбын оқиық. Өсімдіктерден не жасалады?
Сөзжұмбақ шешу «Мұқтаж»
1 . Жылу сүйгіш мәдени өсімдік.(мақта)
2 . Су бетінде қалқып өсетін су өсімдігі.(тұңғиық)
3. Суыққа төзімді мәдени өсімдік.(шалқан)
4. Құрғақшылыққа төзімді жабайы өсімдік.(жантақ)
5 . Біржылдық мәдени өсімдік.(бидай)
6 . Жарық сүйгіш өсімдік.(жүгері) Ә) Оқулықпен жұмыс 1)оқушыға оқыту Б)Сұрақ- жауап. - Біздің елімізде өсімдіктер қалай қорғалады?
в)слайд. Қазақстанның өсімдіктерге арналған «Қызыл кітабы» 1981 жылы шықты. Онда 306 өсімдік түрі тіркелген. Қазір оның жаңа нұсқасы әзірленіп, оған 400 өсімдік түрін тіркеу көзделіп отыр. в) сергіту сәті ІҮ.Бекіту.А) слайд. Еліміздегі барлық орман қоры 26 млн. 216 мың га жерді алып жатыр. Бұл Қазақстан жерінің 4, 7% -на тең. Соның ішінде таза орманды алқаптың аумағы 12 млн.428 мың га .Еліміздің жалпы орман қорының 50% -дан астамын сексеуіл ағаштары құрайды. Сексеуіл ағашының қорғаныштық мәні зор. Ол шөлейтті, шөлді аймағындағы құмның жылжуына тосқауыл болады. Сексеуіл ағаштарын қырқуға тыйым салынған.
Еліміздегі орманның көпшілігі Солтүстік өңір мен Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс алқаптағы таулы аймақтарда өседі. Ормандарды шаруашылық салаларында пайдалануға байланысты өнеркәсіптік, қорғаныштық, шипажайлық, қорықтық және т. б. да мәні бар деп жеке топтарға бөледі. Орманның эстетикалық мәні де бар.
Елімізде ерекше қорғалған 2 мемлекеттік («Ертіс орманы» және «Семей орманы») резерват бар.
Алматы облысындағы Шарын өзенінің аңғарында 20-25 млн. Жылдан бері 5014 га жерде өсіп келе жатқан Шаған тоғайы бар. Шаған ағашы өте қатты, әрі салмақты. Ол ылғал сүйгіш ағаш, мұндай ағаш дүние жүзінде 2 жерде ғана. Оның бірі Шарын шатқалында, екіншісі АҚШ-тың Невада штатындағы «Гранд» шатқалында ғана өседі.
Б)Дәптермен жұмыс
«Орман – ел дәулеті, жер сәулеті»
«Өсімдік- жердің жасыл көрпесі»
«Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар қызық табиғаттан таралыпты»
В)тапсырма:1- тапсырма:Табиғаттың адамға пайдасы туралы әңгімелеу
2- тапсырма: адамның табиғатқа пайдасы туралы әңгімелеу
Өсімдік: 1) Адамдар өсімдіктердің арқасында таза ауамен дем алады.
Өсімдіктер адамдарға әдемілік, сұлулық сыйлайды.
Түрлі гүлдерді бір-біріне сыйлап, адамдар бір-бірінің көңіл-күйлерін көтереді.
2) Адамдар өсімдіктердің өздеріне таза ауа сыйлайтынын, әдемілік сыйлайтынын жақсы түсінеді.
Олардың кейбір түрлерінің дәрілік, емдік қасиеттері барын біледі.
Әр адам баласы өсімдіктерді үнемі күтімге алып, жақсы өсуіне жағдай жасайды.
ТЕСТ
Біздің елімізде өсімдіктің: 2) Әр өсімдікке :
А)6000 түрі А) ұзын тамыр
Ә) 40 түрі Ә) Құрлық және ыстық климат Б) 25000 түрі Б) Ылғалды топырақ В) 600 түрі бар В) Белгілі орта қажет 3) Өсімдік топтары деп
А) Жылу мен ылғалдың таралуын: Ә) Топталып өсуге қажетті қолайлы жағдай Б) 140-қа жуық өсімдік түрі В) Жарық, құнарлы топырақ, қоңыржай жылы ауа
4) Мәдени өсімдіктер: А) Адамның қатынасынсыз өсе алмайды Ә) Өздігінен өседі Б) Сырт көмекті қажет етпейді В) Өсу тіршілігін тоқтатады
5) Сирек және құрып кету қаупі бар өсімдіктер: А) Конституцияға Ә) Тіл жөніндегі заңға Б) Дүние тану оқулығына В) Қызыл кітапқа енген.
Υ.Қорытынды
Сонымен сабақта не істедік?
Не үйрендік?
ΥІ .Үйге тапсырма
VII. Бағалау