Конспекты по англискому языку на тему Eating habits ( 5 класс)
Мерзімі:_______________ пәні: Ағылшын тілі сыныбы: 5Б
Сабақ тақырыбы: Eating habits
Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі:
Тағамдар және оның пайдасы туралы қысқаша мәлімет білу керек
Тақырыпқа байланысты жаңа сөздердің айтылуын мағынасын түсіну керек
Жаңа сөздерді қолдана отырып, тамақ жайлы айта білу керек
Пайдалы пайдасыз тағамдарды ажырата білу керек
Тағамның несімен пайдалы екенін дәлелдей білу керек
Күтілетін нәтижелер: Тағамдар туралы қысқаша мәлімет біледі
Тақырыпқа байланысты жаңа сөздердің айтылуын мағынасын түсінеді
Жаңа сөздерді қолдана отырып, тамақтар жайлы айта біледі
Тағамның пайдасын ажырата біледі
Тағамның несімен пайдалы екенін дәлелдейді
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: «Жемістер жинау» әдісі, Топтық жұмыс, жеке жұмыс, «Кластер», , «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі, «Серпінді доп» әдісі, «Сен маған, мен саған» әдісі рефлексия, критериалды бағалау
Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру: Формативті бағалау: топтық, өзара, жеке бағалау; мадақтау, сенім білдіру.
Қажетті ресурстар: Оқулық, презентация, суреттер, постерлер, флипчарт, доп, сөзжұмбақ.
Сабақ барысы
Уақыт Кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті әдіс-тәсілдер Ресурстар
2
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, кезекшімен диалог, түгендеу, ауа райы туралы сөйлесу, топқа бөлу Амандасу, кезекші жауап береді, ауа райы туралы айтады, жемістер жинау арқылы топқа бөлінеді, Сұрақ жауап, «Жеміс жинау» Жемістер
5
Үй тапсырмасын сұрау Мұғалім тақтаға үй тапсырмасының дұрыс жауабын шығарады . Оқушылар бір-бірінің дәптерін алып тексеріп, тақтада көрсетілген бағаны қояды «Бариер» плакаттар
2 Миға шабуыл «Ойлан тап» мұғалім тақырыпқа қатысты сурет қояды Оқушылар суретке қарап берілген сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады «Ойлан тап» Презентация
3
5 Жаңа тақырып:
Лексикаға кіріспе
Білу
Сөздерді сөйлемде қолдану
Түсіну Айтылу ережесін үйрету
Оқиды
Сәйкестендір. Суреттерді сөздермен сәйкестендіру керек Серпінді доп арқылы, қайталап айту арқылы, тілдерін жаттықтырады, дәптерлеріне жазады
Көрсетілген суреттерді, сөздермен сәйкестендіру керек «Түртіп алу»
Жеке жұмыс
Презентация
Оқулықпен, тақтамен жұмыс
16
Қолдану Тапсырмалар береді:
1 топ -Оқу, аудару
2 топ –аудару, оқу
3 топ –оқу, аудару
Оқылып болған соң бір –бірінен алынған мәліметті постерге толтырады.
Интербелсенді тақта арқылы грамматиканы түсіндіру, жаттығу орындату Баяндайды,аударады постер қорғайды,
Дайындау – 6 мин
Қорғауға-8 мин
Саналатын саналмайтын есімдерді тауып жазу «Ойлан, бірік, бөліс»
Топтық жұмыс Кітап, постер
8
Бекіту
Рефлексия
Кластер толтыру. 1 топ-пайдалы тағамдар, 2 топ-пайдасыз тағамдар,
3-топ диалог құру
«Мен қандай жетістікке жеттім» белгілеу Тақтада пайда болған сөздерге оқушылар топ ішінде 3 сұрақ құрастырулары қажет
Тақтаға білім мінберіне өз стикерлерін іледі Кластермен жұмыс
плакат
5
Бағалау Формативті бағалау: топтық, өзара, жеке бағалау;критерилерді талқылау, мадақтау, сенім білдіру
Үй тапсырмасын беру Оқушылар критери бойынша бір біріне баға береді, топтық бағалайды
Еx 6 p 19 Флипчарт
Критери бойынша бағалау.