Ашы? саба? ?лтты? киімдер (7 сынып)


Ашық сабақ "Ұлттық киімдер" 7 сыныпСабақтың мақсаты:
Білімділік –ұлттық киімдермен таныстыру, көрсету, ұлттық сөзініңерекшелігін көрсету, баяндау, есте сақтау қабілетін ұлғайту, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық – ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша ой дамыту.
Тәрбиелік – адамгершілікке, ұлттық сыйластыққа, Отанымызға сүйіспеншілігін арттыруға  тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  интерактивті тақта,слайдтар,сурет.
Пәнаралық байланыс:  тарих,әдебиет.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, зерттеу .
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
Қазақтың ұлттық киімдері.Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат палеолит - тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.
Слайдтар көрсетіледі:
Киімнің негізгі түрлері:Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Бұларға мынандай киімдер жатады: Сәукеленің түрлері
   Әйелдердің бас киімі                                                                     Ерлердің бас киімі2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеңдер.
Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы, сулық, біркиер, сәндік, салтанат-ғұрып киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігілген. Той-думандарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапан, күпі, кеудеше, тон; сулық киімдерге: шекпен, шапан, т.б. жатады. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі: көйлек, кимешек,қамзол, тақия, сәукеле, кәзекей, кебіс, мәсі, т.б.
Ауызша жұмыс.
1-тапсырма. Мақал-мәтелдермен танысып, мағынасын түсіндіріңдер.
1. Жылы киім тәнді жылытар,                                                                                                  
Жылы сөз жанды жылытар.
(Теплая одежда тело согревает, теплое слово – душу).
2. Киім кірі жуса кетеді,
Көңіл кірі айтса кетеді.
(Одежда очищается при стирке, душа – от задушевной беседы).
Дәптермен жұмыс.
4-тапсырма.  Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын дұрыс табыңдар.
 
қолайсыз
ыңғалы
қаһарлы
қорғану үшін
жауын-шашынмал терісікүздің суығы
   
кожа животного
холод осени
неудобный
чтобы защититься
удобный
крепкий
дождь
 
 
                                      
 
Еркек киімдерінің ең қымбаттысы — аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы торғын, ләмбек сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған.
Шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Кей жерде шапанды әуелі астар мен бидайын қабып алып, тысты соның үстіне бос жабу арқылы тыстаса, кей жерлерде тура тыстың үстінен қабыған, кейде сыритын болған. Мұндай шапанды «сырмалы шапан» деп атаған.
Тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі. Орта денелі адамдарға 11—12 қойдың терісінен тон шығады. Олардың шап терілері мен пұшпақ терілері, таңлықтары, мойын терілері бөлек алынады, яғни олар тон тігісіне пайдаланылмайды. Тондардың жүндері ішіне қарайды, ет жағы қынамен, қабықпен, томар бояумен боялады.
                          
Әйел киімдерінің де әр аймақта әр түрлі үлгілер мен әр алуан атаулар бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Бұлардың әрқайсысының тігілу мәнері де әшекейі де әр қилы. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға-жеңдері кестелі, көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты, аяқ киімдерібиік өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтармен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, қатипа тақия киіп, шолпы тағып жүреді. Қыздар төсін жасыру үшін кеудесін көкірекшемен қатты тартып тастап жүрген.
Тақтамен жұмыс.
Сәукеле, шапан, кимешек, мәсі сөдерін септеңдер.
А.с. сәукеле, шапан, кимешек, мәсі        
І.с.  сәукеленің, шапанның, мәсінің
Б.с.  сәукелеге, шапанға, мәсіге
Т.с.  сәукелені, шапанды, мәсіні
Ж.с.  сәукеледе, шапанда, мәсіде
Ш.с. сәукеледен, шапаннан, мәсіден
К.с. сәукелемен, шапанмен, мәсімен 
                                          Тірек сызба (ассоциация)              
           
                                                                    
Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі.Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмірдің ерекшеліктеріне байланысты.
Суреттерде: Кимешек күндігімен - 1,2 ; Кимешектің әртүрлі үлгілері - 3-14; Дина Нұрпейісованың кімешегі - 15; өз әжем Нұғиның кимешегі (админнің ескертүі) - 16.
Орама кимешек — кимешектің кең тараған түрі ғана емес, ең көне тұрнаты да. Тұтас матаның төменгі бұрышы дөңгеленіп кесіледі де, жоғарғы бұрышы әйелдің бет-пішініне орай ойылып тасталады. Төбе жағына кейде тігіс түсуі де мүмкін. Казақстанның көп жерінде бұл кимешек трапециялық, не төбесі шолақ үшбұрыш түрінде пішіліп, жоғарғы жағы бетке киілетіндей етіп ойылады. Кимешектің артқы ұшы ұзын келеді, кейде өкшеге жетеді. Қазақстанның шығыс өңірінде кимешек қысқа болып, алдыңғы бұрышы қиылған төрт гүл келеді. Бұлкимешектер құрама матадан жасалып, құлақ жағына шаршы қиықтар тігіледі.
Үйге тапсырма: қазақтың ұлттық киімдеріне диалог құрастыру.