Графиктік ж?не м?тіндік а?параттарды ??деу (5 сынып саба? жоспары)
Күні: 09.03.2016
Сыныбы: 5
Пәні: ИнформатикаСабақтың тақырыбы: Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеуСабақтың мақсаты: Оқушылар word мәтіндік редакторына суреттерді кірістірумен танысуБілімділік: Алмасу буфер ісімен жұмыс істеу, мәтінге графикалық объектілері және графикалық суреттерді кірістіруді үйрету.Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абсракциясын дамыту.Дамытушылық: Оқушыларың ойлау қабілетін дамыту.Сабақтың түрі: Аралас сабақКөрнекті құралдар: компьютер, инт. тақта, элект. оқулықСабақтың өту барысы:І. Ұйымдастыру:«Жылы жүрек» тренингі.(балалар бір - біріне жылы лебіздер айтады)II. Үй тапсырмасын тексеру:Өткен тақырыптар бойынша түсініктерін сұрау.* Word мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?* word редакторын қалай іске қосамыз?* word мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз* Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетім қалай өзгертеміз?* Мәтінді тегістеуің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіруWord құжатына дайын суреттерді, сондай - ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.Графикалық объектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар. Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар. Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек.) Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар. Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка - Вставить командасын орындаңдар. Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.Мәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады. Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферіне көшіру, алмастыру буферінен мәтінге кірістіру); Суретті файлдан кірістіру (кірістіру - кескін); Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint - те салу (кірістіру – Paint суреті)ІҮ. Практикалық жұмыс:№1 тапсырма: Оқулықтағы «Жалау» өлеңін компьютерге енгізу.Жалғыз жалау желбіреп,Тұманды теңіз төрінде.Жат жерде жүр не тыңдап?Несі бар бөтен жерінде?Ойнақтап түлеп, жел гулеп,Майысар діңгек сықырлап.Ол жүрген жоқ бақ іздеп,Қашпайды бақтан бойды ұрлап.(М. Ю. Лермонтовтан)Ү. Өткен материалды қайталау сұрақтары:1. Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін ата.2. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.3. Кірістіру – кескін және кірістіру – Paint суреті бұйрықтары арасындағы айырмашылық неде?ҮІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу. WORD құжатына суреттер кірістіру.ҮІІ. Оқушыларды бағалау