Алаш партиясыны? ??рылуы 9 сынып
Сабақ жоспары 9 сынып.
Тақырыбы: Алаш қозғалысы және «Алаш » партиясының құрылуы
Мақсаты: 1. Оқушылардың мәтінді өздігінен меңгеруге, топпен жұмыс істеуге, бірін- бірін бағалауға баулу;
2. Ұлт қайраткерлері мен үкіметтің солақай саясатына қарсы шыққан қайраткерлердің іс-әрекеті негізінде оқушыны ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдісі: АКТ, СТО, көшбасшылық, оқу үшін бағалау, оқытуды бағалау
Көрнекілік Карта,мультимедиялық тақта,жұмыс парағы,бағалау парағы.
Сабақ барысы
І . Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды 5топқа бөлу,сабаққа дайындық деңгейін қалыптастыру(2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің себебін түсіндір?
2.1917 ж Ақпан революциясының мәні неде?
3.Уақытша үкіметтің рөлі мен атқарған қызметтері
4.Ақпан революциясы кезіндегі жұмысшы мен солдаттар Кеңесінің рөлі мен маңызы? (4мин)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
Мультимедиялық тақтада Алашорда басшыларының суреттері бейнеленеді
Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады
Оқушылардың өздері сабақтың мақсатын қояды (2 мин)
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Алашорда қайраткерлеріне арналған тақырыпты тарихи деректі фильм арқылы беру (6 мин)
Оқулықпен өзіндік жұмыс:
топ тапсырмалары - Алаш қозғалысы туралы мәлімет
топ тапсырмалары – Алаш партиясының құрылуы
топ тапсырмалары – Алаш партиясы бағдарламасының жобасы
топ тапсырмалары – Алаш қозғалысының тарихи маңызы
Топ тақырыптарды топтың ішінде оқып,талқылап,постерге салып ортаға шығарады(10 мин)
Қорғау әр топ(2мин)-10 мин
ІV.Бекіту
«Құпия сандық» ойыны: (Өткен жаңа тақырып бойынша сұрақтар)
Әр топтан бір оқушы келіп сұраққа жауап береді(5мин)
V. Рефлексия
Не білдік? Не үйрендік? Не білгіміз келеді?(3 мин)
VІ. Үй тапсырмасы
§19 оқып, сұрақтарға жауап беру
VІІ. Қорытынды Бағалау(3 мин)