Информатика п?нінен Linux ОЖ файлды? ж?йесі та?ырыбында саба? жоспары


Сабақтың технологиялық картасы
Пән атауы «Информатика»
Курсы 1
Сабақтың нөмірі, тақырыбы 4.2. Unix, Linux ОЖ файлдық жүйесі
Сабақтың мақсаты Студенттерге Unix, Linux ОЖ файлдық жүйесі туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері білім беру дамыту тәрбиелік
жаңа материалдарды өткен тақырыптармен байланыстыра отырып түсіндіріп, алынған білімдерді бекіту, студенттердің білімдерін ойын элементтерін қолдану арқылы тексере отырып, жаңа білімдер беру  оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, еріктілікті, ғылыми дүниетанымын, қабілеттілік пен белсенділікті, танымдық, қызығушылықты дамыту. ақпарттық мәдениетке, ұқыптылыққа және ұжымдылыққа, әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер (стендтер, плакаттар, кестелер, сызбанұсқалар, үлестірме материалдары ) үлестірме материал, ЭЕМ, әдістемелік нұсқау
Сабақта қолданылатын электронды ресурстар (универсалды, Интернет желісі ресурстары, CD-ROM, бейнематериалдар,флипчарттар, презентациялар, электронды плакаттар, электронды оқулық және т.б.) Интернет желісі ресурстары, бейнематериалдар, «Linux ОЖ файлдық жүйесі»
презентациялар.
Жабдықтармен және бағдарламамен қамтамасыз ету қажеттілігі (локалдық желі, интернетке қосылу, мультимедиялық компьютер, бағдарламалық құралдар) Мультимедиялық компьютер, проектор
Интернеттегі білім ресурстары www.http//IBM.com
Практикалық-лабораториялық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтар Компьютер, интерактивті тақтаҚолданылған әдебиеттер тізімі Жапарова Г.Ә., Информатика негіздері. Оқу құралы. Алматы:Экономика, 2006-296 бет.
Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. Информатикадан 30 сабақ.Алматы:1999;
Инчин А.С. Работа персональном компьютере.Алматы 2002;
Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. Операционная система Windows 98.
Сабақтың құрылымы
Сабақтың кезеңдері Уақыты, мин Сабақ кезеңдерінің мазмұны Оқытушының қызметі Студенттің
қызметі
Ұйымдастыру бөлімі 3 Студенттерді сабаққа дайындау. Оқу көрнекіліктерін дайындайды. Студенттердің қатысымын тексереді, кабинет тазалығын қадағалайды, студент. жұмыс ырғағына бейімдейді. Оқу құралдарын дайындайды
Жан – жақты білімдерін тексеру 14 «Unix, Linux ОЖ негізгі түсінігі.» тақырыбы бойынша білімдері тексеріледі. Жалпы сұрақтар қойылады.
Үй тапсырмасы бойынша тапсырмалар орындайды.
Үй тапсырмасын тексеру 20 “ Unix, Linux ОЖ негізгі түсінігі. Негізгі объектілері және басқару әдістері.Операционды жүйенің утилиталары» сұрақтар қою арқылы тексеру Үй тапсырмасын тексеру жолдары:
1. Викториналық сұрақтар
Сұрақтарға жауап береді
Жаңа сабақ түсіндіру 35 «Linux ОЖ файлдық жүйесі» тақырыбындағы презентациялар қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіру
бойынша конспект толтыруды түсіндіреді.
Бейнематериалдар арқылы Linux ОЖ файлдық жүйесі түсіндіріледі. Оқытушыны тыңдайды, керекті мағлұматтар бойынша конспект
жазады.
Жаңа тақырыпты бекіту 15 «Linux ОЖ файлдық жүйесі» сұрақтар қою арқылы бекіту "Linux ОЖ файлдық жүйесі" түсіндіреді Сұрақтарға жауап беру, компьютерде жұмыс жасау
Сабақты қорытындылау 3 Алған білімдерін қорытындылап, үйге тапсырма беріледі. Үйге тапсырма береді. Студенттерді бағалайды, сабақты қорытындылайды. Үй тапсырмасын жазып алады..
Үй тапсырмасын тексеру.
Жан-жақты білімдерді тексеру тапсырмалары.
Linux файлдық жүйесі unix-ұқсас кез-келген  операциялық жүйе секілді қатаң  каталогтар құрылымын береді. Әр   Linux дистрибутиві өңдеушілер жағдайына  қарай құрылымдарды өзгерте алады.  Мұнда біз әр   дистрибутивте  қоданылатын  каталогтарды көрсетеміз:
/boot- операциялық  жүйенің   ядросы мен жүктеу картасы,  сонымен қатар жүктеушілердің   конфигурациялық файлдары(lilo, grub) болады.Linux файодық жүйесінің ең маңызды  каталогтері:
/lost+found каталогтері.Linux файлдық жүйесі unix-ұқсас кез-келген операциялық  жүйе секілді қатаң каталогтар  құрылымын береді:/lost+found- қателерді тексеруден  өткен файлдық жүйені қалпына  келтіруден кейінгі ақпарат.
/media.Linux файлдық жүйесі unix-ұқсас кез-келген операциялық  жүйе секілді қатаң каталогтар  құрылымын береді. Әр   Linux дистрибутиві  өңдеушілер жағдайына қарай құрылымдарды  өзгерте алады. Мұнда біз әр   дистрибутивте қоданылатын  каталогтарды  көрсетеміз:/media-сөндірілетін құрылғылардың  (usb-дискілер, CD, floppy) монтерлеу нүктесі.
Linux-тың жұмысы үшін керек баптаулардың барлығын (файлдардың барлық керек түрлері мен атрибуттарды, соның ішінде рұқсат құқықтарын сақтауды) қолдайтын файлдық жүйелердің бірнеше түрі бар.
Ext2/3
Файлдық жүйенің осы түрі Linux үшін арнайы жасалып, Linux-жүйелердің көбінде қолданылады. Ext3 пен Ext2 айырмашылығы, біріншісі кейін шығып, құрамында журналдау қолдауы бар. Қалған қасиеттері бойынша осы екі файлдық жүйе бірдей, және бір-бірне оңай айналдырылады. Сенімділігі жоғары болған соң әдетте журналдауы бар нұсқасы (Ext3) таңдалады. Диск әрекеттер белсенділігі жоғары болған кезде Ext3 файлдық жүйенің өнімділігі төмендейді және жүйеге түсетін орташа жүктелу артады (Load Average).
ReiserFS
Бұл файлдық жүйе дерекқорға ұқсас: оның ішінде өзінің индексация мен жылдам іздеу жүйесі бар, ал оның файл мен бумалар ретінде көрінуі – жүйенің тек бір көрінісі ғана. Әдетте ReiserFS ұсақ файлдардың көп санын сақтауға үшін жақсы келеді деп саналады. Журналдауды қолдайды.
XFS
Бұл файлдық жүйе үздіксіз жазылатын не құрамасы өзгертілетін үлкен және өте үлкен файлдарды сақтауға арналған. Ext3 сияқты өнімділігі нашар емес, бірақ оны қолданған кезде электрқорегі кенет өшірілсе, файлдардың құрамасын жоғалту қаупі бар (қауіпсіздік салдарынан осындай кезде файлдың құрамасын нөлдеу қолданылады). Үздіксіз қорек көзіне (UPS) қосылған компьютерлерде қолдануға ұсынылады.
SWAPFS
Файлдық жүйенің осы түрі ерекше болып келеді, және ол қатты дискте swap аймағын жасау үшін қолданылады. Ол аймақ көбінесе жеке бөлімге шығарылады, және Linux-та виртуалды жады ретінде қолданылады. Егер физикалық жады аз болса, мәліметтердің бір бөлігі осы аймаққа көшіріледі.
JFS
IBM компаниясы осы файлдық жүйесін жүктелуі үлкен серверлер үшін жасаған: жасау кезінде өнімділік пен сенімділікке назар аударылған, және қойылған мақсаттарға жетті.
Сонымен қатар, Linux-та, өзінің файлдық жүйелерден басқа, тағы да көптеген түрлеріне қолдау бар. Егер ол файлдық жүйелерге жазу тәсілі белгілі болса, онда жазу мен оқу әрекеттері қолжетерлік болады, басқа жағдайда – тек оқуға ғана болады. Файлдық жүйелерің ондай түрлері әдетте басқа операциялық жүйелердің меншігі болады.
Ішкі құрылысымен ажыратылатын көптеген файлдық жүйелердің түрлері бар, бірақ пайдаланушы өз үшін әрқайсысында бір-бірінің ішіне салынған бумалардан тұратын әдеттегі құрылысты табады. Файлдық жүйелер қатынасты құру уақыты, ақпаратты сақтау сенімділігі, ақаулықтарға тұрақтылығы, және тағы да басқа қосымша қасиеттері бойынша ажыратылады. Қазіргі операциялық жүйелер файлдық жүйелердің көп түрін қолдайды. (Қатты дисктер, CD мен DVD дисктерде қолданылатындардан басқа).
Файлдық жүйелердің маңызды қасиеті – журналдауды қолдау. Журналдалатын файлдық жүйе дискіге жазудың барлық әрекеттерін үздіксіз бақылап отырады, сондықтан электрқорегі кенет өшірілгеннен кейін, компьютер қайта қосылған кезде файлдық жүйе әрқашан да жұмысқа дайын күйінде болады.