?ндірістік о?ыту шеберіні? іс-т?жірибесінен: Тракторды? бас?ару органы ж?не оны? двигателін ж?ргізу.
Трактордың басқару органы және оның двигателін жүргізу
4864102304415002645410230441500ТРАКТОР (жаңа лат traktor, лат traho – тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) – тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина.
Ауыл шаруашылығында жалпы мақсаттағы тракторлардан басқа жер жыртатын, бау-бақшалық, батпақта, тауда жүруге арналған, т.б. мамандандырылған тракторлар қолданылады. Өндірістік тракторлар ауыл шаруашылығы тракторларын қажетті жұмысшы жабдықтармен жарақтандыру жолымен модификациялау түрінде орындалады.
18702142857500Түрлері
Қозғалтқышының түріне қарай трактор ‘‘доңғалақты’’ не ‘‘шынжыр табанды’’ болады. Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары – жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуы және кез келген жермен жүруі, кемшіліктері – ауыр салмағы мен бастапқы құны, шынжыр табанды қозғалтушының төменгі шыдамдылығы.
Батпақта журуге арналған трактор - кәсіпорындарға арналған табанды өте жалпақ шынжыры бар трактор, ылғалды топырақ жерлерде, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%BE%D1%80%D1%84&action=edit&redlink=1" \o "Торф (мұндай бет жоқ)" торф мелиориациялау жұмыстар кезінде істейді.
Тауға арналған трактор- ауылшаруашылығына арналған доңалақты трактор, көлденең жағдайда қаңка орнатуға бейімді жұмыстар аткарады.
Шынжыр табанды трактор-шынжыр тәрізді козғағышы бар трактор: жерге түсіретін кысымы аз, өткіштігі жақсы болады.
Доңғалықты трактор-доңғалақ тәрізді козғағышы бар трактор; келіктік жылдамдыгы жоғары және HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%BB" \o "Металл" металл сыйымдылығы аз болады.
Өнеркәсіптік трактор -жер құрғату, жер қазу, ағаш шаруа- шылығында, кұрылыста және т.б. ауыр жұмыстарды атқаратын трактор; нақты тарту күші 100 ден 250 кН дейін.
Жалпы өнеркәсіптік трактор - кәсіптік трактор, әр түрлі ауыр жұмыс жасауға (неізінде жер қазу) аспалы HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%83%D0%BB%D1%8C%D0%B4%D0%BE%D0%B7%D0%B5%D1%80" \o "Бульдозер" бульдозермен топырақ қазып таситын жабдык пен жасақталған.
Жер өндеуге арналған трактор-ауылшаруашылык жер өңдеуге арналған трактор; жолдық саңылауы, үлкен із айнымалы және бұрылу HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D1%83%D1%81" \o "Радиус" радиусы аз болады.
Баулық трактор- ауыл шаруашылыгында арнайы қолданылатын трактор, аспалы машина- лармен платформаны пайдаланып жұмыс атқаратын нақты тарту күші шағын трактор.
Жалпы ауылшаруашылық жұмысты атқаратын трактор- ауыр ауылша- руашылық жұмыстарды аткаруға арнапған, нақты тарту күші 2-ден 60 кН ға дейінгі трактор.
Тарихы
Бу машинасы орнатылған алғашқы доңғалақты трактор 1830жылы Франция мен Ұлыбританияда жасалды. Қазақстандағы алғашқы тракторлар 1968 жылдан HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D0%B2%D0%BB%D0%BE%D0%B4%D0%B0%D1%80_%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80_%D0%B7%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%82%D1%8B" \o "Павлодар трактор зауыты" Павлодар трактор зауытында шығарыла бастады.
Қолданылуы
Ауыл шаруашылық тракторы жер жырту, өңдеу, тұқым себу, егін жинау, т.б. жұмыстарды атқарады. Қуатты ауыл шаруашылық тракторлары тың және тыңайған жерлерді игеру үшін пайдаланылады. Өнеркәсіптік тракторлар ауыл шаруашылық тракторларына қарағанда ірі әрі қуатты етіп жасалады. Ол әр түрлі аспалы (бульдозер күрегі, қар тазалағыш, экскаватор шөміші, т.б.) және тіркемелі (скрепер, грейдер, т.б.) машиналармен бір агрегатқа біріктіріліп, жер қазу, жол құрылысы, мелиоративтік, т.б. жұмыстарды орындайды.
Құрылымы
Трактордың механизмдері мен жабдықтарына:
күштік қондырғы,
күштік беріліс,
жүрістік бөлік,
қаңқасы,
басқару механизмі,
кабина
электр жабдықтары жатады.
‘‘Күштік қондырғы’’ трактор құрылғыларының жұмысын қамтамасыз ететін қозғалтқыш түрінде болады. Тракторға жылу қозғалтқышы (бу және іштен жанатын) мен электр қозғалтқышы пайдаланылады. ‘‘Күштік беріліске’’ ілінісу тетігі, жалғастырғыш муфта, беріліс қорабы, басты және ақырғы беріліс жатады. Доңғалақты трактордың ‘‘жүрістік бөлігі’’ аспадан, осьтен және пневматик. шиналы доңғалақтан, ал шынжыр табанды трактордың жүрістік бөлігі аспа, шынжыр тізбегі, жетекші доңғалақ, т.б. тұрады. Трактор ‘‘қаңқасы’’ әдетте әр түрлі құрылымды рама түрінде жасалады. трактордың ‘‘басқару механизмі’’ рульдік басқару құрылғысы мен тежеуіштен (таспалы не дискілі) құралады. Трактор ‘‘кабинасы’’ тракторшының жұмысына қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалады. Трактордың ‘‘электрлік жабдықтары’’ ток көзінен (аккумулятор батареясы мен генератор), қозғалтқышты от алдыру, жолды жарықтандыру, кабинаны желдету, дыбыс және жарық сигналының аспаптарынан құралады. Трактордың пайдалану кезіндегі негізгі сипаттамаларына оның техника-экономикалық, техехникалық және агротехникалық көрсеткіштері жатады
Трактордың басқару органы және оның двигателін жүргізуДизельді двигательмен (дизельмен) жабдықталып, қосалқы двигательмен жүргізілетін казіргі ауыл шаруашылық тракторларында басқару органдары мен екі қозғалтқыш де кабинада орналасқан (мәселен, ДТ —75 М трак торында, 5сурет). Мұның өзі жүргізу жүйесін дистанционды басқару арқылы жүзеге асырылады.
Іске қосқыш двигательді жұмысқа әзірлеу және оның жұмысын басқару үшін мыналарды пайдаланады: бензин бачогінің шүмегін басқаратын тұтқа (1), карбюратордын ауа жапқышын басқаратын тұтқа (5), магнето оталдырғышын ажыраткыш (11), стартерді қосқыш (15), жүргізу құрылғысының редукторын іліністіруді және шестерняны жүргізуді қосуды басқаратын рычаг (27).
Негізгі двигательді жұмысқа әзірлеу үшін декомпрессиялық механизм (декомпрессор) рычагы (8), отын жіберуді баскару рычагы (20), «массаны» қосқыш (20), отын багының шүмегі және айдайтын кол насосы (кабинадан тыс орналасқан) қолданылады.
Тракторды басқару үшін кабинада мынадай рычагтар мен педальдар орналасқан.
Шынжыр табанды трактордың бұрылысын басқару механизмінін рычагтары (9 және 10). Тракторды үлкен доға радиусы бойынша бұру үшін тиісті рычагты жайлап артқа тартады.
Бұраушы моменттің арттырғышын қосатын рычаг (10). Рычагты өзіне қарай тартқанда бұраушы моментті арттырғыш қосылады. Рычаг қосылған қалпында ілгешекпен тоқталады.
Отын жіберуді басқару рычагы (20). Рычагты төмен қарай қозғағанда отынның келуі артады. Отынның келуін тоқтату үшін рычагты ең жоғарғы қалпына ауыстырады.
Бас іліністі басқару педалы (21). Егер педальды аяқпен тірелгенінше басса, бас ілініс ажыратылады.
Қуат алу білігінің рычагы (23). Қуат алу білігін қосу үшін рычагты артқа жылжытады. Ал рычаг алдына қарай жылжытылғанда куат алу білігі ажыратылады.
Оң және сол жақ тежеуішінің педальдары (25 және 26). Тракторды шұғыл бұру үшін бұрылатын жақтың рычагын тартып, сол бұрылатын жағындағы педальды ғана басады.
Берілісті ауыстырып қосқыш ры•чаг (28). Берілісті ауыстырып, қосу үшін бас ілішсті толық ажырату қажет.
Аспалы құралдардың негізгі және шығарылмалы цилиндрлерін басқару рычагтары (30, 29 және 31) трактордың артында, оң және сол жақтарында тиісінше орналасқан. Әрбір рычагтың орналасуына карай аспалы құралдардың мынандай қозғалысы мен күйінің түрлері болуы мүмкін: жоғарғы орын ауыстыру — көтерілу, біріншіге дейінгі төменгі ұсталатын қалпында — бейтарап, екіншіге дейінгі ұсталатын қалпында — түсірілу, төмен тірелгенше — қалқыма қалпы.
Бақылап-өлшеу және сигнал приборларына мыналар жатады: тахоспидометр (2), отын қысымын көрсеткіш (4), амперметр (6), двигательдің салқындатқыш сұйығының температурасын көрсеткіш (12), двигательдің майлау жүйесіндегі майдың қысымы қызғанын сигналдайтын бақылау лампасы (13) бұраушы моментті арттырғыштың майлау жүйесіндегі май қысымын көрсеткіш (15), двигательдін майлау жүйесіндегі май қысымын көрсеткіш (16), аккумулятор батареясының (массаға қосылғанын сигналдайтын бақылау шамы (17), дыбыстық сигналдың кнопкалы қоскышы (18).
Двигательді жүргізуге әзірлеу. Салқын двигательді жүргізер алдында смена сайынғы техникалық күтім oneрацияларын атқару қажет/коректендіру жүйесіндегі ауаны шығарып (егер қозғалтқыш көптен бері жүргізілмеген болса), оны отынмен толтырады, ол үшін copy помпасының қол насосын пайдаланады, берілісті ауыстырып қосқыш рычагтың (28), аспалы гидрожүйені басқару рычагтарының (29, 30, 31) бейтарап қалпында тұрғандығына, ал қуат алу білігінің басқару рычагы (23) ажыратылғандығына кез жеткізу, радиатор пердесін жабу,қозғалтқыш капотының оң жақ бүйіріндегі калканын шығару керек.
Двигательді жүргізу. Иінді біліктің айналуын жеңілдету ушш декомпрессорды косып, рычагты (8) шеткі төменгі қалпына қояды. Егер қозғалтқыш ұзак уақыт бойы іске қосылмаған болса, иінді білікті тұтқамен екі-үш рет айналдырады.
Негізгі және іске қосылатын отын багының шүмегін ашады. Іске қосылатын отын багынын шүмегін ашу үшін тұтқаны (1) сағат тіліне қарсы бұрайды. Отын беруді басқару рычағын (20) шеткі жоғарғы қалпына — отын беруді тоқтатуға сәйкес келетіндей етіп қояды. Жүргізілетін шестерняны дизель маховигінің тәжіне ілінісетіндей етіп енгізеді, ол үшін рычагты (27) тірелгенінше жоғары бұрайды, содан соң оны төмен түсіріп, жүргізу құрылғысының ілінісін ажыратады.
Тұтқаны (5) өзіне тартып, жүргізілетін қозғалтқыш карбюраторының ауа жапқышын ашады. «Массаға» тиетін үлкен кнопка бекітілгенше басып, аккумулятор батареясын электр тізбегіне қосады.
Осыдан кейін стартер қосқышынын, (15) рычагын тірелгенінше сағат тілі бойынша бұрап стартерді қосады.
Іске қосқыш қозғалтқыш жұмыс істей бастасымен карбюратордын, ауа жапқышын толық ашып, тұтқаны (6) алдыңғы қалпына қояды да, двигательді 2 минуттей бос жүріспен істетеді. Іске қосқыш двигательді үзақ уақыт бойы бос жүріспен жұмыс істету шектен тыс қыздыруға соқтырады.
Іске қосқыш двигательді қыздырып алғаннан кейін жүргізілетін құрылғының редукторын жайлап іліністіреді. Негізгі двигательді қыздыру үшін декомпрессорды 1—2 минут бойына — двигательдін май магистралында қысым пайда болғанша қосып содан кейін декомпрессорды ажыратады. Егер мұндайда іске қосқыш қозғалтқыш айналу жиілігін бәсеңдете бастаса, декомпрессорды қосып дизельді двигательді тағы да қыздырып, оны қайтадан ажыратады. Іске коскыш қозғалтқыш тұрақты жұмыс істей бастағанда майды барынша жібереді. Дизельді қозғалтқыш тоқтаусыз жұмыс істей бастағаннан кейін редуктор ілінісін ажыратып, магнето оталдырғышын ажыратқыш (11) кнопканы басып, іске қосқыш двигательді өшіреді және отын беру рычагын ортаңғы қалпына қояды. Іске қосқыш двигательді 15 минуттан артық тоқтаусыз жұмыс іететуге болмайды.
Егер стартер немесе аккумулятор батареясы ақаулы болса, онда іске қосылатын двигательді қолмен жүргізуге болады. Ол үшін іске қосылатын двигательдің маховик күндағын стартермен қоса шығарып алып, іске қосатын баудың түйінін оталдыратын двигательдің маховигіндегі ойықтын. біреуіне енгізеді, осыдан кейін маховик стрелкасында көрсетілген айналу бағытына қарай бауды ойыққа 1,5—2 орам айналдырып, бау тұтқасынан қатты тартып іске қосқыш двигательді оталдырады. Маховикті айналдырған кезде тек бау тұтқасынан үстауға болады. Бауды қолға орауға болмайды. Өйткені іске қосу кезінде иінді білік кері айналып кетіп, қол бау мен маховик арасында қысылып қалуы мүмкін. Егер бауды 34 рет тарту әрекетінен соң, қозғалтқыш оталмаса, онда оталғышты және отынның карбюраторға келуін тексереді; байқаған ақауды түзетіп, двигательді оталдыруды қайталайды. Негізғі қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін іске қосылатын двигательдің шүмегін жауып, капот жақтауын орнына қояды да, аспаптарды жинап алады.
Дизельді жүргізгенен кейін қыздырады, ол үшін онын айналысын 2—3 минуттың ішінде орташа қалпынан максимал шамасына дейін жеткізеді. Мұндайда двигательді мұқият тыңдап, бақылау приборларының көрсеткішін тексереді. Қозғалтқыш біркелкі узіліссіз және тарсылсыз жұмыс істеуі, әрі шыққан газы түтіңсіз болуы тиіс. Салқындатқыш сұйықтың температурасы кемі 50°С-қа дейін қызғанда ғана двительдерге күш түсіруге болады. Су температурасы 75°С-қа жеткенде радиатор пердесін толык. ашады.
Кызған двигательдің майлау жүйендегі май қысымы 0,3—0,5 МПа шамасында болуы тиіс. Егер қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде манометр май қысымын көрсстпесе, онда двигательді дереу тоқтатып, акауын тузету ерек.
Күн жылы кездерде декомпрессорды қоспай-ақ двигательді іске қосуға болады. Мұндай жағдайда отын жіберуді қоспай-ақ двигательдің майлау жүйесінде май кысымы байқалғанша інді білікті бұрап, содан кейін отын жіберуді қосу қажет.
Төмен температура жағдайында двигательді іске қосуды оңайлату үшін жылытқышпен жылытады, немесе салқындату жүйесіне ыстық су, ал картер түбіне — ыстық май құяды. Қатты аязда салқындату жүйесіне су кұятын ашық шүмектен әуелі 60—70°С температураға дейін қыздырылған су өт:ізіп, сонан соң ағызу шүмегін жабады ,а, оған температурасы 90—95°С ысық су құяды. Іске қосуды оңайлату үшін қозғалтқыш цилиндріне шүмек қалпақшасы арқылы бензин мен май қоспасынан 2—3 см3 құяды, сондай-ақ дизельдің отын насосындағы байыткыш кнопканы тартады.
Дизельді двигательді тоқтату үшін отын беруді доғарады. Дизельді тоқтатар алдында иінді біліктің орташа және баяу айналу жиілігінде 3—5 минут бос жүргізеді. Мұндағы мақсат — май мен су температурасының біркелкі төмендеуіне мүмкіндік беру. Отын багының шүмегін жауып тастап дизельді тоқтатуға болмайды. Мұндайда қоректендіру жүйесіне ауа сорылып, двигательдің келесі жолы іске қосылуын қиындатады. Дизельді тоқтатқаннан кейін, бүйірдегі «массаны» қосқыш шағын кнопканы басып тұрып, аккумулятор батареясын ажыратады. Сонда бақылау лампасы (17) өшуі тиіс.