Урок по теме Бас?ару элементтері
Сабақтың тақырыбы: Басқару элементтері: TextBox, Label, CommandButton, OptionButton, CheckBox.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге басқару элементтері туралы түсінік беру, TextBox, Label, CommandButton, OptionButton, CheckBox басқару элементтерінің мүмкіндіктерін меңгерту, оларды программалауда қолдануға машықтандыру, жаңа термин сөздерді меңгерту, жоспарлы әңгімелеу.
Тәрбиелік: Студенттерді өз беттерімен жұмыс жасауға үйрету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, оқулықтары мен есептеу техникасын, кабинет мүлкін күтіп ұстауға, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Студенттерді өз бетімен ізденуге, ойын тұжырымдауға, өз көзқарасын айта білуге баулу. Шапшаңдық пен тапқырлық, танымдық және шығармашылық қабілеттерін және жылдам ой қорыту қасиеттерін жан-жақты дамыту.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, ағылшын тілі
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Бум таксономиясын пайдалану, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Флипчарт, интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырмалар, презентация
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2 мин
2. Білу 15 мин
(ИТ-мен, оқулықпен, дәптермен жұмыс)
3. Түсіну 7 мин
4. Қолдану 7 мин
5. Талдау 6 мин
6. Жинақтау 5 мин
7. Бағалау 2 мин
8. Үй тапсырмасын беру 1 мин
Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасу, кабинетті ретке келтіру, сабаққа қатысушылықты тексеру.
«Білу» бөлімі
Бұл бөлімде тапсырмалар арқылы жаңа сабаққа қажетті мәліметтер еске түсіріледі. Promethean Activstudio интерактивті тақтасының «сиқырлы өшіргіш» әдісімен дайындалған тапсырманы орындаған кезде 2 оқушы «Даярламаның жинақталған ортасы қандай элементтерден тұрады?» деген сұраққа ауызша жауап береді. Оқушы жауабының дұрыстығы жазылған жауапты өшіргішпен өшірген кезде тексеру арқылы анықталады. Жауап санына қарай 1,2,3 ұпай беріледі.
Promethean Activstudio интерактивті тақтасының «сыр сандық» әдісімен дайындалған тапсырманы орындаған кезде 5 оқушы инструменттер панеліндегі басқару элементтерінің атауын интерактивті тақтада жылжытып, батырма тұсына орналастырып орындайды. Жауап санына қарай 1,2,3,4 ұпай беріледі.
Даярламаның жинақталған ортасының элементтері, оның ішінде инструменттер панелінде орналасқан басқару элементтерімен таныстық. Бүгінгі сабақта TextBox Енгізу өрісі, Label Жазу, CommandButton Батырма, OptionButton Ауыстырып қосқыш, CheckBox Жалауша сияқты басқару элементтері туралы, олардың қызметін меңгеретін боламыз. Олай болса TextBox енгізу өрісіне тоқталсақ.
TextBox Енгізу өрісі
TextBox басқару элементі Енгізу өрісі TextBox батырмасымен жасалады. Негізінде, TextBox мәтін енгізу үшін қолданылады, сонымен қатар оны программа есептерінің нәтижелерін шығару үшін де қолданады. Бұл басқару элементінің негізгі қасиеттері төмендегідей:
Аlignment – мәтінді 0 - сол жақтан, 1 – оң жақтан, 2 – ортаға туралау
Арреаrаnсе – мәтіннің пішінін 0 – жайпақ, 1 – көлемді етеді.
ВаскСоlоr – өрістің фон түсін орнатады
ВоrdеrStyle – өріске жақтау орнатады немесе алып тастайды
Font – шрифттің стилін орнатады
FоrеСоlоr – шрифттің түсін орнатады
Неіght – өрістің биіктігі
Техt – енгізу өрісіне мәтін енгізеді немесе алып тастайды
Width – өрістің ені
CommandButton Батырма
Бұл басқару элементі CommandButton Батырма батырмасымен жасалады. Батырманы басумен шақырылатын кейбір әрекеттердің орындалуын инициализациялау үшін (мысалы, бағдарламаны іске қосу немесе оның орындалуын тоқтату, нәтижелерді басып шығару және т.б.) қолданылады. Батырманың ең жиі қолданылатын қасиеттерін атап өтейін:
Сарtіоn – батырмада бейнеленетін мәтінді орнатады немесе қайтарады.
Default – Енгізу батырмасын беретін логикалық қасиет. Егер батырманың Default қасиетінің мәні Тruе-ге тең орнатылған болса, онда оқиғаны өңдеу процедурасы – осы батырманы басу арқылы да, Еntеr пернесін басу арқылы да орындала береді.
Vіsіble – программа орындалу кезінде батырма бейнелене ме – соны анықтайтын логикалық қасиет.
OptionButton Ауыстырып қосқыш
Ауыстырып қосқыш OptionButton батырмасымен жасалады. Ауыстырып қосқыш екі күйде болуы мүмкін: таңдалған және таңдалмаған. Ауыстырып қосқыш бірнеше бірін-бірі жоққа шығаратын параметрлер немесе әрекеттердің ішінен біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, көше қиылысындағы бағдаршам уақыттың бір мезетінде үш күйдің бірін ғана бейнелей алады. Ауыстырып қосқыштың ең жиі қолданылатын қасиеттеріне келтірейік:
Сарtіоn – ауыстырып қосқышта бейнеленетін мәтінді орнатады.
Value – ауыстырып қосқыш таңдалған жағдайда Тrueні, таңдалмаған жағдайда False-ні кері қайтаратын логикалық қасиет.
Enabled – пайдаланушы ауыстырып қосқышты таңдай алу мүмкіндігін беретін логикалық қасиет.
Label Жазу
Label Жазу басқару элементі Label батырмасымен жасалады. Бұл басқару элементі негізінде Сарtіоn қасиеті жоқ жазуларды, мысалы тақырыптарды бейнелеу үшін қолданылады. Қолданба орындалып жатырған кезде пайдаланушы жазуға кіре алмайды. Жазуды өзгерту қолданба орындалу кезінде тек программалық түрде ғана іске асырылады. Жаудың негізгі қасиеттері төмендегідей:
АutoSize – Жазу өлшемін автоматты түрде өзгерту режимін енгізетін логикалық қасиет. Тruе – ақиқат, Fаlsе – жалған.
Сарtіоn – жазуда бейнеленетін мәтінді орнатады немесе алып тастайды.
Left – пішіннің сол жағынан қалдыратын орынды анықтайды.
Visible – программа орындалу кезінде жазу бейнелене ме, жоқ па соны анықтайтын логикалық қасиет.
CheckBox Жалауша
CheckBox Жалауша басқару элементі CheckBox батырмасымен жасалады. Жалаушаның екі күйі бар: таңдалған және таңдалмаған. Пішінде бір немесе бірнеше жалауша болуы мүмкін. Ауыстырып қосқыштан ерекшелігі – жалаушалар тобы бірін-бірі жоққа шығармайды.
Жалаушаның да ауыстырып қосқыштікіндей Еnаbled, Visible, Style, Рicture және Captіоn қасиеттері бар, бірақ жалаушаның Value қасиеті үш мән қабылдай алады.
Күйі Мәні Тұрақтысы
Босатылған 0 Unchecked
Орнатылған 1 Checked
Жабық 2 Grayed
Түсіну
Жаңа тақырыпты төмендегі қолданба бойынша түсіндіремін. Студенттердің жаңа тақырып бойынша басқару элементтерінің қасиеттерін түсінгендігін ілесіп орындауына қарай 1-3 ұпай бере отырып тексеремін.
4. Қолдану
Сабақ түсінікті болса, бүгін танысқан басқару элементтерін программада қолданып көріңіздер. Батырмалардың жұмыс жасауына қарай 1-3 ұпай беріледі.
5. Талдау
Жаңа тақырып бойынша студенттерге төмендегі тапсырманы орындатамын.
10 студенттен ауызша жауап алынады, 1-3 ұпай беріледі.
6. Жинақтау
Жаңа тақырып бойынша студенттер патриоттық тапсырманың бағдарламасын құрады. Барлығына да жұмыстың орындалуына қарай 1-4 ұпай беріледі.
7. Бағалау
Студенттерді әр бөлімде жинаған ұпайларын бағалау парағына енгізіп, жалпы ұпай санын дәстүрлі бағаға түрлендірумен бағалаймын.
Аты-жөні Білу Түсіну Қолдану Талдау Жинақтау Жалпы ұпай саны Бағасы
5-8 «3»
9-12 «4»
13-17 «5»
1-4 1-3 1-3 1-3 1-4 5-17 8. Үй тапсырмасын беру
§ 2.2.1, § 2.3 оқып, мазмұндау. «Пішіннің негізгі қасиеттері» кестені толтыру, басқару элементтерінің қызметін жаттау.
Бөлім Бөлімнің атауы Бөлімде ұйымдастырылатын іс - әрекеттер Оқушы әрекеті АКТ – ны қолдану әдіс – тәсілдері
І Білу
Ақпараттық деңгей
(Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей) а) Ұйымдастыру сәтін өткізу
ә) Мәліметтерді қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректерді еске түсіреді.
Тапсырмалар түрі: Тақырып мазмұны бойынша кім? не? қашан? қандай? қайда? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелініп, формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту. Қолданылған терминдерді (есте сақтайды және қайталайды), нақты фактілерді, жұмыстың орындалу ретін, негізгі ұғымдарды, ережелерді, қағидаларды біледі.
Тыңдайды, жазады, еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды. Бұл бөлімде интерактивті тақтаның «сиқырлы өшіргіш», «сыр сандық» әдістерін қолдана отырып, дайындалған тапсырмалар арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Жаңа сабақ түсіндіріледі.
ІІ
Түсіну
Тезаурустық деңгей (Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей) Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау. Болжам жасату т.б.
Оқу материалын түсінгендіктен келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Тапсырмалар түрі: Қалай? нені? не істеді? неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетіңіз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз. Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді.
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді.
Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді.
Берілген ақпарат бойынша болашақта туындауы ықтимал салдарын сипаттайды.
Ойларын айтады, түсіндіреді, ерекшелігін көрсетеді, сұрақтар қояды, жазады. Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау.
Promethean Activstudio интерактивті тақтасының құралдарын пайдаланып, объектілерді біріктіру арқылы «Көңілді тетрис» тапсырмасын дайындадым.
ІІІ
Қолдану
Методикалық деңгей (Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей) Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Тапсырмалар түрі: Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер. Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады. Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады. Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
ІV Талдау
Технологиялық деңгей (Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей) Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтату.
Тапсырмалар түрі:
Құрылымы қандай?
Салдары неде?
Топтастырыңыз, салыстырыңыз, себебін талдаңыз Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады. Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды. Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады. Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды. V Жинақтау
Зерттеушілік деңгей (Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей) Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Тапсырмалар түрі: Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз. Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады. Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады. Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады. VІ Бағалау
(Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей) Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. «Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе, жақтайсыз ба/ қарсысыз ба?» деген пiкiрталас, полемика мен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады. Материалдың өзі үшін керектігін, құндылығын, керектісін анықтау, пайымдауға бағыт беру. Идеялар алмасу, пікір айту, өзіне керектісін таңдау.
ә) қорытынды ұпай саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, журналға қойылады
б) қалған тапсырмаларды үйде орындап келуге беру. Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды. Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын талдайды. Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды. Өз пікірін айтады.