Windows операциялы? ж?йесі туралы ма?л?маттар
1. Сабақтың тақырыбы: : WINDOWS-тың файлдары мен бумалары.
2. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ
3. Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды бума құруға, файлдарды ерекшелеуге, көшіруге, өшіруге және іздеуге үйрету.
тәрбиелік: оқушыларды өз еңбегімен белгілі бір нәтижеге жету дағдыларын қалыптастыру.
дамыту: WІNDOWS–ты жүктеуді, оның негізгі обьектілерімен және файлдық жүйемен қамтамасыз етуді меңгерту.
4. Оқыту әдісі: көрме, модульдік оқыту.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кестелер, тест тапсырмалары.
6. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру
1. Windows АЖ дегеніміз не?
2. Интерфейс дегеніміз не?
3. Windows АЖ қандай әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді?
4. «Жұмыс үстелі» дегеніміз не және қандай нысандардан тұрады?
5. «Бас мәзір» қалай ашылады?
9. Жаңа сабақты түсіндіру
Файлдар және бумалар жасау. Жаңа бумалар жасаудың бірнеше тәсілі бар. Бір нұсқасы:
1. Менің құжаттарым бумасын ашыңыз (бұл үшін жұмыс үстеліндегі Менің құжаттарым белгішесін екі рет шерту керек).
2. Файлдар мен бумалар тобында Жаңа буманы құру сілтемесін шерту керек. Бейне бетте үнсіз келісім бойынша Жаңа бума деп ұсынылатын ерекшеленген атауы бар жаңа бума пайда болады.
3. Жаңа бума атауын енгізіп, <Enter> пернесін басыңыз. Бума атауы файл атынан кеңейтімі жоқ болуымен ерекшеленеді.
Енді бір нұсқасы: Менің құжаттарым терезесінде мәзір жолағының Файл – Жаңа – Бума әмірлерін таңдау. Сондай-ақ, жаңа бума жасау үшін бұрыннан бар бума терезесінің бос орнын немесе Жұмыс үстелін тінтуір пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Жаңа – Бума әмірін таңдаңыз.
Файлды сақтау үшін ағымдағы бағдарламаның Файл мәзірінен Сақтау әмірін таңдау керек. Егер бұл файл алғаш рет сақталып отырса, ол үшін ашылған сұхбат терезесінің Файл аты өрісінде жаңа ат енгізіңіз.
Файлдың көшірмесін басқа атпен немесе басқа бумада сақтау үшін Файл мәзірінде Басқаша сақтау әмірін таңдаңыз. Ашылған сұхбат терезесінде файлды сақтауға диск немесе бума табу үшін көрсеткіні шертіп, Бума тізімін ашыңыз да, Файл аты өрісінде жаңа атты енгізіңіз.
Файл немесе буманы ашу үшін екі тәсілді пайдалануға болады: оны тінтуірдің сол жақ батырмасымен екі рет шерту немесе оң жақ батырмасымен бір рет шертіп, Ашу әмірін таңдау. Файлдың немесе буманың лақабын жасап, Жұмыс үстеліне орналастыру үшін бума терезесінде қажетті элементті – файл, бағдарлама, бума немесе басып шығарғыш немесе шертіңіз. Файл мәзірінде немесе ашылған мәтінмәндік мәзірде Лақап жасау әмірін таңдаңыз. Жұмыс үстелі көрінетіндей етіп терезе өлшемін өзгертіңіз. Жаңа лақапты Жұмыс үстеліне апарыңыз.
Қандай да бір элементтің лақабын жойған кезде элементтің өзі жойылмайды. Ол компьютерде бұрын қай жерде орналасса, сол орнында қала береді.
Бумалар мен файлдардың атын өзгерту. Файл немесе буманың атауын өзгерту үшін Атауын өзгерту қажет файлды немесе буманы бөлектеп алыңыз. Файлдар мен бумалар тобында Файлды қайта атау немесе Буманы қайта атау сілтемесін шертіңіз. Жаңа атауды енгізіп, <Enter> пернесін басу арқылы орындалады.
Сондай-ақ, файл немесе бума атауын тінтуірдің оң жақ пернесін шертіп, мәтінмәндік мәзірден Қайта атау әмірін таңдап өзгертуге болады. «Documents and settіngsң, «Wіndowsң, «System32ң сияқты жүйелік бумалар атауларын өзгертуге болмайды. Олар Wіndows амалдық жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет.
Бумаларды немесе файлдарды жою. Файл немесе буманы жою үшін бумалар терезесінде жойылуы тиіс файл немесе буманы бөлектеп алыңыз. Файлдар мен бумалар тобында Файлды жою немесе Буманы жою сілтемесін шерту қажет. Файл немесе буманы нысанды тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Жою батырмасын басу; осы файл белгішесін Себет белгішесіне апару; <Delete> пернесін немесе <Shіft>+<Delete> пернелер тіркесімін басу арқылы да жоюға болады. Буманы жойған кезде оның мазмұны түгелдей жойылады. Тұрғылықты дискіден жойған кезде файлдар мен бумалар Себет бумасына түседі, бұл жерде олар пайдаланушы жойғанға дейін жатады.
Файлды Себеттен біржола жою үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірден Жою батырмасын басу керек.
Себеттен барлық файлдарды жою үшін Файл мәзіріндегі Себетті босату әмірін таңдау керек. Себеттен жойылған кезде файл компьютерден біржола жойылады. Себеттен жойылған элементтерді қалпына келтіру мүмкін емес.
Сіз қандай да бір файл қалпына келтіру мүмкіндігінсіз біржола жойылуы қажет екеніне сенімді болсаңыз, <Shіft> пернесін басып ұстап тұрып, файлды Себетке апарыңыз. Файл мәңгіге жойлады да, Себеттен қайта қалпына келтірілмейді.
Есіңізде болсын! Мына элементтер Себетте сақталмайды және қалпына келтірілмейді:– желілік дискілерден жойылған элементтер;
3,5 А дискеттен, CD және DVD дискілерінен, флеш-картадан жойылған элементтер;– көлемі Себеттің сыйымдылығынан артық элементтер.
- Жұмыс үстелінен Лақап жойылған кезде файл немесе бума жойылмайды, тек Жұмыс үстеліндегі Лақаптың өзі ғана жойылады.
Себетке жойылған бумалар мен файлдарды қалпына келтіру. Себет файлдар немесе бумаларды жою кезінде қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Файл немесе буманы тұрғылықты дискіден жойған кезде Wіndows оны Себетке көшіреді, сол кезде бос себет белгішесі толы себетке ауысады. Желілік дискіден немесе иілгіш дискіден жойылған элементтер себетке түспейді, бірден жойылады. Файлдар мен бумалар Себетте оларды пайдаланушы жойғанға дейін жатады. Бұл элементтер дискіде әлі де орын алып тұрады және оларды бастапқы орнына қайтадан қалпына келтіруге болады. Тұрғылықты дискіде орын жетпей қалғанда әрқашан себетті босатып отырыңыз. Тұрғылықты дискіде Себет алып тұратын кеңістікті шектеу үшін оның шектік көлемін өзгерту керек. Қателесіп жойып жіберген файлды қалпына келтіру үшін жұмыс үстеліндегі Себет белгішесін екі рет шертіңіз. Қажетті файлды тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Қалпына келтіру батырмасын шертіңіз. Файлды себеттен қалпына келтіргенде ол бастапқы орнына қайта орналасады. Бірнеше файлды бірден қалпына келтіру үшін <Ctrl> пернесін басып ұстап тұрып, барлық қажетті элементтерді бөлектеңіз. Қалпына келтірілетін файлдарды бөлектеуді аяқтап, Файл мәзіріндегі Қалпына келтіру әмірін таңдау қажет. Себеттен барлық файлдарды қалпына келтіру үшін Өңдеу мәзіріндегі Бәрін бөлектеу әмірін таңдап, содан кейін Файл мәзірінде Қалпына келтіру әмірін шерту керек. Жойылған бумадағы файлды қалпына келтіру үшін алдымен сол буманың өзін қалпына келтіру қажет.
Аралық сақтағыш пен тінтуірдің көмегімен бумалар мен файлдарды көшіру және жылжыту. Аралық сақтағыш – бір мезгілде барлық Wіndows қосымшалары қатынас құра алатын жады аумағы. Файл немесе буманы көшіру үшін бумалар терезесінде көшіру керек файл немесе буманы бөлектеп алыңыз. Файлдар мен бумалар тобында Файлды көшіру немесе Буманы көшіру сілтемесін шертіңіз. Ашылған Көшіру сұхбат терезесінде элемент көшірілуі тиіс буманы не дискіні таңдаңыз да, Көшіру батырмасын басыңыз.
Бірден бірнеше файлды не буманы көшіруге болады. Қатар-қатар орналасқан бірнеше файл немесе буманы бөлектеп алу үшін бірінші нысанды таңдап, <Shіft> пернесін басып ұстап тұрып, соңғы нысанды таңдаңыз. Бөлек-бөлек файлдарды не бумаларды бөлектеп алу үшін <Ctrl> пернесін басып ұстап тұрып, нысандарды кезек-кезек шерту керек. Файл немесе буманы аралық сақтағыштың көмегімен көшіру үшін қажетті файлды тінтуірдің оң жақ пернесімен бөлектеп алып, мәтінмәндік мәзірден Көшіру әмірін таңдау қажет.
Файл немесе буманы жылжыту үшін қаталар терезесінде жылжыту қажет файлды немесе буманы бөлектеп алыңыз. Файлдар мен бумалар тобында Файлды жылжыту немесе Буманы жылжыту сілтемесін шертіңіз. Басқа орындар терезесінде файл немесе бума үшін жаңа орын таңдап, Жылжыту батырмасын басу қажет. Сондай-ақ, файл немесе буманы қажет орынға Жетектегіш бағдарламасының көмегімен апаруға болады. Бұл үшін Жетектегіш бағдарламасын ашыңыз (Бастау батырмасын басып, Бағдарламалар – Қалыпталған – Жетектегіш әмірлерін таңдаңыз). Жылжыту қажет файлды немесе буманы табу керек. Нысанды жылжыту қажет орын Жетектегіштің оң жақ үстеліндегі каталогтар тарамында көрініп тұрғанына көз жеткізіп алыңыз. Нысанды тінтуірдің көмегімен қажетті орынға апарыңыз.
Егер сіз файл белгішесін тінтуірдің сол жақ пернесімен С: дискі аясында бір бумадан екіншісіне апарсаңыз, онда файл жылжытылады. Тінтуір көмегімен орнын ауыстыру кезінде файл жылжытылмай, көшірілгенін қаласаңыз, оны <Ctrl> пернесін басып тұрып апарыңыз. Нысан белгішесін басқа дискіге апарған кезде нысан көшіріледі. Нысанды жылжыту үшін <Shіft> пернесін басып тұрып апарыңыз.
Дискетке жылдам көшіру. Бумалар мен файлдарды дискетке немесе ауыстырылатын тасымалдаушыларға көшіру үшін дискет диск жетегіне, ал флеш-карта USB портына қосылып тұрғанына көз жеткізіп алыңыз. Ауыстырылатын тасымалдаушыға көшірілуі қажет файлдар мен бумаларды таңдаңыз.
Бірнеше файлды бөлектеп алу үшін <Ctrl> пернесін басып ұстап тұрып, олардың әрқайсысын шертіп шығыңыз. Содан кейін тінтуірдің оң жақ пернесімен мәтінмәндік мәзірді ашып, Жіберу әмірін, ашылған тізімнен қажетті мекен жайды таңдаңыз.
Көшірілетін файлдар көлемі ауыстырылатын тасымалдаушы сыйымдылығынан аспауы керек екенін есте ұстаңыз.
Файлдар мен бумаларды ауыстырылатын тасымалдаушыға көшіргеннен кейін, файлдардың көшірілгеніне көз жеткізу үшін оны қарап алған дұрыс.
Өз компьютеріңізде немесе жергіліктіжеліде бумалар мен файлдарды іздеу. Егер файлдың орналасқан орны белгісіз болса, бас мәзірдегі Іздеу әмірінің көмегімен немесе бума терезесінің Құралдар үстелінде ашылатын «Іздеудегі көмекшің құралын қолдану ұсынылады (3.3-сурет). Іздеуді бастау үшін терезенің сол жақ үстеліндегі нұсқаулықтарды орындау керек. Іздеудегі көмекші іздеуді бір немесе бірнеше параметр бойынша жүргізуге, іздеу орнын (өз компьютеріңіздің тұрғылықты дискі немесе жергілікті желіге қосылған компьютерлер) таңдауға мүмкіндік береді.
Файлдың, буманың толық аты немесе атының бір бөлігі, құжаттағы бір сөз не сөйлем, соңғы рет өзгерту енгізілген күні белгілі болған жағдайда іздеу жүргізуге болады. Егер файл немесе бума атының бір бөлігі ғана белгілі болса, онда атының құрамына осы бөлік кіретін барлық файлдар мен бумаларды іздеу үшін алмастырушы таңбаларды пайдаланыңыз. Мысалы, «*хат*ң сұранысы бойынша іздеу нәтижесінде «Құттықтау хат.doc», «Арнайы хат.doc», «Арнайы хат.txt» файлдары табылады.
Жергілікті желіге қосылған компьютерден файлды табу үшін, Іздеудегі көмекшіде іздеу параметрлерін таңдау кезінде Қайдан іздеу керек өрісінде қажетті қор көзін тауып,таңдаңыз.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы
Тапсырма 1. SINKAZ электрондық оқулықтағы №3 модульдің тапсырмаларын орындау.
Тапсырма 2. SINKAZ электрондық оқулықтағы №3 модульдің тест тапсырмаларына жауап беру.
11. Жаңа тақырыпты бекіту
1. Файл, бума, лақап деген не?2. Бумалар не үшін керек?
3. Бума аты файл атынан немен ерекшеленеді? 4. Буманың мазмұнын қалай қарап шығуға болады? 5. «Проводник» бағдарламасының қызметі неде?12. Сабақты қорытындылау
Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
13. Үйге тапсырма беру
Файлдық жүйе. Жарлықтар мен бумалар құру. Ақпарат тасымалдаушылармен жұмыс.