Ашы? сынып са?аты Р?міздерім-ма?танышым
Рәміздерім – мақтанышым. Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы жазылған плакат, шарлар. Барысы: I. Кіріспе сөз. Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Біздің мектебімізде патриоттық айлық өтуде. Бұл өтіп жатқан айлықтың мақсаты – Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Әр адам өз елінің қасиетті белгілерін құрметтеуге, тарихын білуге тиіс. II. Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.
БағдәулетБарша халық таныған, Біздің үміт, тілекті. Шырқалғанда Әнұран, Шаттық кернер жүректі. Жеңіс туын көтерген, Жарыстарда сан қилы. Жетіп бізге шет елден, Көкке Әнұран шалқиды. Шәмші атаның сазды үні, Жігер беріп қайратты Бәрімізді мәз қылып, Жаңғыртады аймақты. III. Әдеби монтаж. Ақжол: Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, мемлекеттік Әнұранын қастерлеуге міндетті. Аружан: «Тәуелсіздік» деген құрметті ұғым. Осы қасиетті ұғымды мемлекеттік рәміздер тілімен сөйлетер болсақ, ол сөз елдің өзіндік өмір салтын, арманын, ерекшелігін білдіреді. Қазақ халқы тәуелсіздікке оңай жеткен жоқ. Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы атанғанына 20 жыл болады, ал 1986 жылғы 16 желтоқсанда қазақ жастары тоталитарлық режимге қарсылық көрсетті. Осы оқиғадан бері 29 жыл өтті. Осы оқиға жүрегімізде қалды. . Жанат: Тәуелсіздік - достығымыз, Тәуелсіздік ел бірлігі, Тәуелсіздік – ертеңіміз, Ұрпақтар жалғасатын, Тәуелсіздік – ата жолы, Болашаққа нық басқан. Ән: «Елім менің». Айбарша: 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемелекеттік рәміздерді қабылдады. Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран. Дариға: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жаңдарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элемент – шаңырақ. Шаңырақ – отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Түндік көк аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді. Уықтар - әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәулесін еске салады. Амир: Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты – біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі.
АЙБАРША: Бейнелеп сан ғасырды, Елтаңбасы елімнің. Таратады хас үлгі, Киесіндей жерімнің. Бабам тұлпар жартты, Құлынында танып – ақ. Тұлпар барда қанатты Шайқалмайды шаңырақ. Тәуелсіздік көркі ол да, Өркениет өрінде. Нұр төгеді Елтаңба, Ақ Орданың төрінде. Бағдаулет: Жалау – Ту. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков. Тудың көгілдір бір түстілгі бұлтсыз аспан күмбезін еске түсіреді және Қазақстан халқын бір жолды ұстауға, бірлестікке шақырады. Ашық көк аспан бейбітшіліктің, аманшылық, тыныштықтың белгісі. Гаухар: Күн – байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Сары түс – Алтынның түсі, байлықты білдіреді. Өрнек – ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші. Ал қыран – қырағылықты, қайырымдылықты, ой биігін көрсетеді. Ән: «Елтаңбасы елімнің» Төлеген: Бәрі болған қазақ сынды көне елде, Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнерде. Жаһандағы ең жауынгер халықта, Кім сенеді, Ту болмады дегенге ? Батырлыққа уызынан жарылған, Ер түркіні байрағынан таныған. Өзі ақын, өзі әнші халықта, Кім айта алар, Болмаған деп, - Әнұран?! Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға, Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға. Қалай оның Елтаңбасы болмайды, Түлігіне дейін салса ең – таңба?! Гүлнұр: Желбірейді шалықтап, Қазақстан Жалауы. Көкте қыран қалықтап, Қанат қағып барады. Гүлжанар: Көк асапанда нұрлы Күн, Күлімдейді далама. Бақыт тілеп тұр бүгін, Ол барлық пәк балаға. Салауат: Ұлттық өрнек мұрамыз, Адастырмас мұраттай. Нық көтеріп тұрамыз, Жалауды біз құлатпай. Ән: «Қазақстан жалауы» Айбарша: Әркім тілін сүйеді, Қадірлейміз мұны біз. Қазақ тілі киелі – Мемлекеттік тіліміз Қазына бар бұл тілде, Анам айтқан жыр - әнін. Жоғалуы мүмкін бе, Өлмейтұғын мұраның?! Өлмейді еш уақытта, Ата – баба аңсары. Қазақ тілі бақытқа Жеткізеді баршаны. Отанымыз гүлдене берсін, Қазақстанымыз туымыздағы қырандай самғай берсін!