Разработка урока на тему Операционная система Windows
Windows операциялық жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Microsoft Windows ортасының ерекшеліктерін, жұмыс үстелі ұғымын, Windows-пен жұмысты іске қосу және аяқтау ретін, тапсырмалар тақтасын, «Пуск» батырмасын және «тышқанмен» орындалатын әрекеттерді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа оқу материалын игерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-қөрнекілікті.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, PowerPoint-та дайындалған презентация слайдтар, электронды тест, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Бүгінгі сабақтың ерекше сабақ екендігін айту
-Оқушылар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
-Тәуелсіздігіміздің 22 жылдық мерекесі
Тәуелсіздік 11 әріп құралған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман
Талай дара, даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге алдан.
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
Мектебіміз алға шығып елімде,
Жақсы атақ пен нұр шапағын жинады.
Тәуелсіздік алған жылдардың ішінде біздің Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында ауыз толтырып айтарлықтай көп істер атқарылды.. Ол да тәуелсіздік тартуы. Ал енді біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына қалай үлес қосамыз. Біз Тәуелсіздікті дамыту үшін тәрбиелі, намысты, білімді болуымыз керек. Ал қәне біз білімімізді ортаға салайық. Олай болса үй тапсырмасын сұраймын.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға үй тапсырмасы бойынша «Жуан-жіңішке сұрақтар» стратегиясын пайдалана отырып сұрақтар қойылады.
1.Қазіргі дербес компьютердің негізгі құрылғыларын ата?
2.Жүйелік блоктың қызметі қандай?
3.Монитор (дисплей) ... үшін арналған
4. Бұл қандай құрылғы, атқаратын қызметі қандай?
5. Пернелер неше блокқа бөлінеді , негізгі блоктарының атын ата
6. Арнайы пернелердің қызмет кестесін толтыр
Перне аты Перненің қызметі
Enter Енгізу
BaskspaceАлдыңғы символды өшіреді
Бос орын Символдарды бір-бірінен бөледі
Shift Үлкен/кіші әріптерді ауыстырып қосу (1 рет)
Caps lock Үлкен/кіші әріптерді ауыстырып қосу (ұзақ уақытқа)
Delete Меңзердің оң жағындағы символды жою
Esc Болдырмау
7.Тышқан қандай құрылғы?
8. Принтер - ... құрылғы
9. Сәйкесін тап
10. Бұл қандай құрылғы, атқаратын қызметі қандай?
11.Компьютер жадының қандай түрлерін білесің?
12. Адамның жады мен компьютер жадында қандай ұқсастық бар?
13.Ақпаратты жазып алып, тұрақты түрде сақтай алады. Диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт
14. Оны кейде лазерлік дискі деп те атайды. Сыйымдылығы өте үлкен. Екі жақ беті болады. Біріншісі жұмыс істемейтін бет, екіншісі жұмыс беті.
ІІІ.Мағынаны тану.
Жаңа материалды түсіндіру және қабылдау кезеңі
1)Жаңа тақырыпты түсіндіру
Windows операциялық жүйесі
Мақсаты: Microsoft Windows ортасының ерекшеліктерін, жұмыс үстелі ұғымын, Windows-пен жұмысты іске қосу және аяқтау ретін, тапсырмалар тақтасын, «Пуск» батырмасын және «тышқанмен» орындалатын әрекеттерді үйренеміз.
Операциялық жүйе кез келген компьютердің ең қажет құрамдас бөлігі және ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жиыны болып табылады. Операциялық жүйе адам мен компьютердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде Windows – барлық дербес компьютерлерге арналған кең тарлаған операциялық жүйе. Windows –тің кеңінен таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар жұмыс жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады.
Жұмыс үстелінде Windows-тың негізгі әрекеттері ашылады. Windows-тың экранына өздеріңнің қалауларың бойынша стандартты жиыннан алынған түсқағазды іліп қоюға болады.
Жұмыс үстелінің терезесінде мынадай басқару элементтері бар.
1.Пуск батырмасы
2.Басты меню
3.Меню жолдары
4.Бағыныңқы меню
5.Командалар
2) Практикалық бөлім.
Электрондық оқулықтан тапсырмаларды орындау.
ІV. Ой толғаныс.
1 – тапсырма. Жұмыс үстелінің негізгі элементтерін атап жаз.
2 – тапсырма. Жұмыс үстелінің терезесінде қандай басқару элементтері бар?
3 – тапсырма. Тышқанның қандай батырмасы негізгі, ал қайсысы қосымша болып табылады?
4 – тапсырма.Бас менюдің негізгі командалары мен белгішелерін сәйкестендір.
5– тапсырма. «Тышқан» сөздігін пайдалана отырып, тышқанның көмегімен орындалатын әрекеттер қалай аталатынын анықта
6 – тапсырма. «Пуск» батырмасының функцияларын атап шық.
V. Тест жұмысы
1. Windows деген не?
А) Компьютердің жаңа моделі
В) ІВМ компьютеріне арналған пернетақта
С) Мәтіндік редактор
Д) Операциялық жүйе
Е) Қолданбалы бағдарламалық жасақтама
2. Windows жүйесінде Корзина жүйелік қапшығы не үшін керек?
А) Жойылған файлдар мен қапшықтарды уақытша сақтауғаВ) Компьютер дискілерінің шартты түрде көрсететін сақтау бұтағыС) Жергілікті желіні баптау үшінД) Файлдар мен қапшықтардың қасиетін көрсету үшінЕ) Қосымшаларды жылдам қосу үшін
3. Windows жұмысын аяқтау үшін қандай әрекеттер орындайды?
А) CTRL+ALT+DEL пернелер комбинациясы арқылы В) CTRL+F4 пернелер комбинациясы арқылыС) Басты меню – жұмысты аяқтау – (завершение работы)пуск көмегіменД) BREAK немесе ESC пернелері арқылыЕ) Басты меню – STOP пунктінің көмегі арқылы
4. Windows –да күн мен уақытты қалай баптайды?
А) Программы – Дата и времяВ) Пуск – Настройка – Панель управления – Дата и времяС)Документы – Стандартные - Дата и время Д) Пуск – Стандартные – Дата и времяЕ) Пуск – Программы – Стандартные - Дата и время
5.Терезені экран бойымен жылжыту үшін .... «тышқанмен ұстау»
А) Хабарлама қатарынВ)Тақырып қатарынС) Меню қатарынД) Терезенің кез келген аймағынЕ) Терезенің жақтауларынан тыс
VІ. Сабақты қорытындылау: Н.Назарбаев айтқандай «...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңізде »
VІІ. Оқушылардың білімін бағалау.
Бағалау парағына қарап, белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.
VІІІ.Үйге тапсырма. §3.1 тақырып