Сабак жоспары Тура ж?не кері санау
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: Тура және кері ретпен санауМектеп:
Күні : Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: натурал сандар мен нөл санының құрамын біледі; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;
10-ға дейінгі сандар тізбегін құрастырады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар: Ресурстар: түрлі түсті қарындаштар;
он заттан тұратын санау материалдары.
Тірек сөздер тура ретпен санау; кері ретпен санау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 20 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санау дағдыларын меңгеруге көмек-тесу; заттардың санын санау дағдыcын бекіту.
Сабаққа байланысты деректі материалдарСабаққа қатысты ескертпелерОқушылар 10-ға дейін есептік санау түсініктерін бекіте отырып, 20 көлеміндегі сандарды санау дағдыларын кеңейтеді. Олар тура және кері ретпен санауды қолданып, 20 көлеміндегі сандарды ретімен атауды үйренеді.
Сабақты есептік санауды қайталаудан бастаңыз. Бұл оқушылардың он көлемінде санау дағдыларын орнықтыруға көмектеседі. Бейнежазбаны көрсету үшін интерактивті тақтаны қолданып, оқушыларға ұстауға келмейтін заттарды санауды ұсыныңыз.
— Аспанда неше бұлт бар?
— Сабынның неше көпіршігін көрдіңдер?
— Неше су тамшысы тамды?
Оқушылармен он көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санаңыз. Ол үшін тақтаға он оқушыны шақырып, 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақшаларды таратыңыз. Оқушыларға бір қатарға ретпен тұруды ұсыныңыз. Қандай ретпен тұруды өздері таңдауға мүмкіндік беріңіз. Олар 1-ден 10-ға дейінгі ретпен тұрады. Шығарып көр. Оқушылардан парақшаларғамұқият қарауды өтініңіз. Парақшалар көлденең және тігінен орналасқан. Оқушылар 1-ден 10-ға де-йінгі сандарды танып, жоқ парақшаларды анық-тауы қажет. Егер оқушылар қиналатын болса, онда оларға 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қағазға жазып, олардың арасынан бар сандарды белгілеу арқы-лы табуды ұсыныңыз.Жауабы:
жоқ парақшалардағы сандар: 5, 6, 9.
Орындап көр. Оқушыларға ауызша 4-тен 10-ға дейін, кейін 1-ден 8-ге дейін санауды ұсыны-ңыз. Оқушылардың кез келген саннан бастап са-най білу дағдысы қалыптасады. Содан кейін оларға керісінше 8-ден бастап 1-ге дейін санатыңыз. Егер оқушылар қиналатын болса, онда аталған сандар-ды қағазда жазуын сұраңыз. Тапсырманы қиын-дату үшін бір саннан тастап, керісінше 10-нан 1-ге дейін санатыңыз.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмаларОқушылардың тірек сөздерді есте сақтауы үшін ойын өткізіңіз. Ойынның шарты: бір оқушы “тура ретпен санау” тірек сөзін айтады, қалғандары ретімен тұрған үш санды тура ретпен санайды.
Бақа неше рет секіруі керек? 1 мен 10-ныңарасындағы сандарды тура ретпен санап, олардың арасындағы санды тауып, бақаға неше рет секіріс жасау керектігін анықтау қажет. Одан кейін бос торкөздерге 10-нан 1-ге дейінгі сандарды кері ретпен жазып шығу керек.
Тура және кері ретпен сана. Оқушылар тураретпен санап, түсіп қалған сандарды анықтап, оларды тура ретпен жазады.
Оқушылар кері ретпен санап, түсіп қалған сандарды анықтап, оларды кері ретпен жазады.
Бағалау Оқушылар сабақ соңында:
он көлемінде санауды;
тура және кері ретпен санауды меңгереді.
Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін баға-лау үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:
— Онға дейін тура ретпен сана.
— Оннан бастап кері ретпен сана.
— Кері ретпен санауды білу не үшін қажет деп ойлайсың?
— 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10. Түсіп қалған сандарды тап. (Жауабы: 5.)
— 10, 9, 8, 7, 5, 4, 3, 2, 1. Қай сан түсіп қалған? (Жауабы: 6.)
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.