Урок технологии на тему ?лтты? та?амдар


9 сынып
Сабақтың тақырыбы Қазақтың ұлттық екінші тағамдары.Қуырдақ түрлері Жалпы мақсаты Таңдау бойынша екінші тағамды дайындау технологиясымен таныстырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже Тақырыпты өздігінен меңгереді
Бірін-бірі бағалауды үйренеді
Сыни ойлау арқылы білім алу қабілеттері дамиды
Өз қолдарымен жасап үйренеді
Ұйымдастыру .
1.Оқушылармен амандасу
Жаңа сабақ
«ыстық орындық»
1. Тұздық дегеніміз не? (қысқаша)
2. Тұздықтарды негізгі неше топқа бөледі?
3. Тұздықтарды неше түрге бөледі?
Әр ұлттық асханасында тамақтарды әр түрлі етіп жасайды. Мысалы қазақ ұлттық асханасында екінші тамақтарды, негізінен, еттен әр түрлі дәмдеуш терді қосып дайындайды.
Қазақ халқы барлық уақытта өзінің қонақжайлылығымен және ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Сондықтан болар халықта «Жер танимын десең атың болсын, ел танимын десең асың болсын» деген мақал бар. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы ет пен сүт болған.
Ұлттық тағамдар
Ет тағамдары сүт тағамдары Ұн тағамдары
Қазақша ет Айран, Қатық Бауырсақ, Таба нан
(Бесбармақ, Бешбармақ) Шалап, Шұбат Май шелпек, Қаттама
Қазы, Қарта , Қымыз , Балқаймақ Талқан, Тары
Жал Жая Кілегей ,Қаймақ Жент (қоспа)
Сорпа , Борша Құрт ,Сары май Майсөк (майтары)
Жөргем ,Шұжық Сүзбе, Уыз, Ірімшік Бидай
Сірне , Ми палау ,Құйрық-бауыр ,Қуырдақ
Қуырдақ – соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды.Бауырды соңынан салады, ол көп қайнап, қатайып кетпеуге тиісті.Кісе қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, қарынын турап, майға қуырып әзірлейді. Етті аз қосып, сарымсақ, бек деп аталатын шөпті салады.
Манас қуырдақ – негізінен аң етінен (киік, арқар) жасалады. Етті ұсақтамай турайды, тұз салып қазанға қайнатады. Пісе бастағанда үстіне қаймақ құйып, ұн сеуіп араластырады да қуырады. Дастарханға манас қуырдақ майымен қойылады.
Сырбаз қуырдақ – жаңа сойылған малдың етінен үстіне бие сүтін құйып, тұз салып қайнатып, жасайды. Оны «бұқпа қуырдақ» деп те атайды.
Сергіту сәті
Сарамандық жұмыс.
Бағалау критерий арқылы жиынтық баға шыгарып өздерін бағалайды
Үй тапсырмасы
Жұптық жұмыс
Сұрақ-жауап
Жаңа сабақты меңгеруі
Қосымша тапсырмаларды орындауы
Қорытынды . смайлик арқылы сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма. Ұлттық тағамдарының рецептілерін жасақтау.