Урок по делопроизводству на государственном языке Іс ?а?аздары туралы ??ым
№1 Практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздары туралы ұғым. Қазақ іс қағаздарының тарихынан.
Сабақтың мақсаты: Ресми іс қағаздары терминінің мағынасын түсіндіріп, оған қатысты негізгі түсініктер мен анықтамаларды меңгерту.
Қазақстан Республикacы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамызда қабылданған№ 769 "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту туралы" қаулысында көзделген шараларды жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында осы пән енгізілді.
"Ресми іс қағаздары" термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Еңбек қарым- қатынастары, басқару қызметі күрделелінген, ақпараттар ағыны барынша ұлғайған қазіргі заманда ресми іс қағаздарының түрлері өте мол. Мәселен, мекемені, ұйымды басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың (өтініш, бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар жөніндегі іс парағы және т. б. ), басқару функциясы жөніндегі нормативтік, бұйрықша-жарлықшы құжаттардың (жарлық, қаулы, ереже, заң және т. б. ), сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қарым- қатынастарды реттейтін құжаттардың (қолхат, кепілхат, мәмілешарт, келісім, сенімхат және т. б. ) түрлері сан алуан. Кәсіпорындар мен фирмалардың, мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың сыртқы қарым-қатынастарын ұйымдастырып, реттеп отыратын іскери хаттың (өтінішхат, ілеспехат, ақпараттық хат, шақырухат, жауапхат, бекіту хаты , халықаралық хаты) тәрізді үлгілері бар.
Әрбір ресми құжат басқару қызметіне қатысты көлемінде заң күшіне ие, сондықтан оның нысаны мен құрамы жағынан бірізділігі және стандатты болуы талап етіледі. Осыған байланысты әрбір құжаттың міндетті түрде қолданылатын тұрақта, біріздендірілген тәртібі, тұрақты орамдары мен терминдері, яғни реквизиттері (латынша reguisitium – талап етілген, қажетті) болады.
Ресми іс қағаздарының тілі- бір қарағанда стандартты, қалыптасқан клише түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексикалық – грамматикалық жүйесі бар тұтас құрылым. Ресми тілдің кеңсе іс қағаздары сияқты түрлері де, заң құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да қазақ тілінің тілдік жүйесін, лексикалық-грамматикалық, орфографиялық нормаларын жетік меңгеруді қажет етеді.
Ресми құжат -тұтас құрылым, сондықтан онда:
-мазмұнның қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы жазылуы тиіс;
-сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;
-қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер, образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар қолданылмайды.
XVIII – XIX ғ.ғ. ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік органдарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бір қатары Қазақстан тарихы, қазақ – орыс қатынастары, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы жинақтарында жарияланған. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, XVIII ғ. II жартысымен XIX ғ. I жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады. Олар:
1. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.
2. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап, император І Петрге жазған хаты. 1718 жыл 10 желтоқсан.
3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың өзінің қол астындағы адамдармен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Анна Йоанновнаға жазған хаты. 1730 жыл 8 қыркүйек.
4. Орынбор комиссиясының бас командирі И.И.Неплюевтің Әбілхайыр ханмен және жоңғар хонтайшысы Галдан-Цереннің елшілері Кашкамен, Брунмен кіші жүздің бодандығы туралы келіссөзі кезінде жүргізілген хаттама. 1742 жыл 27 қыркүйек.
5. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл 19 қыркүйек.
6. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл 31 қыркүйек.
7. Айшуақ сұлтанның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жыл 18 желтоқсан.
8. Нұралы ханның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жыл 9 қараша.
9. Нұралы ханның барон О.А.Игельстромға хаты. 1785 жыл 21 шілде.
XVIII ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарында түрлі дәрежедегі лауазымды адамдарды, әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды. Мысалы: ғали кәһали уа ғали жәһәли – жоғары дәрежелі әрі жоғары ықыласты; ғали хазіретлеріңіз – ұлы мәртебеліліңіз және т.б. Осы ғасырдағы құжатта кездесетін тұрақты эпитеттер: ғизатлу, хұрметлу (құрметті), мархабатлу (қайырымды), сағадатлу (ырысты), биік мәртебелі, жоғары мәртебелі, ғинаятлу (шапағатты), құдретлу (құдіретті), шафағатлу (шапағатты, мейрімді) т.б. Бұлардың жасалу жолына келетін болсақ, олардың барлығы араб сөздеріне түркі тілдеріне ортақ сын есім тудырушы -лу, -лү жұрнақтары жалғануы арқылы жасалады.
Осы мақсатта қолданылған сөздердің бірі биік, зор, асқар, жоғарғы ұғымын беретін араб сөзі - ғали. Ғали кәһали уа ғали жәһәли - жоғары дәрежелі әрі жоғары ықыласты, ғали хазіретлеріңіз - ұлы мәртебелілігіңіз т.б.
Аталған эпитеттердің әрқайсысы ресми іс қағаздар стилінде тұрақталып, нормаға айналғандығын байқауға болады.
Іс қағаздарының атауларына келетін болсақ жоғары орындардан немесе лауазымды адамдардан бір нәрсені сұрай, өтіне жазылған іс қағаздар ғарыз, ғарыз наме, ғарыз ахуал, ғарыз хал деп аталған.
Ал, бір жағдайды хабарлау, оқиғаны хабарлау, бір нәрсені білдіру үшін жазылған іс қағаздары алғам наме, ғарзе наме деп аталған. Қазір біз іс қағаздарында қолданып жүрген хат термині жоғарыда аталған құжаттарда мәктәбә, күтабтү, кәтаб және хат түрінде кездеседі. Іс қағаздарының атауларына келетін болсақ жоғары орындардан немесе лауазымды адамдардан бір нәрсені сұрай, өтіне жазылған іс қағаздар.
№2 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік үкімет пен басқару органдарының жазылу ережесі. Іс қағаздарына қатысты негізгі түсініктер мен анықтамалар.
Сабақтың мақсаты: құжаттарды дұрыс толтыруды, сауатты жазуға дағдандыландыру. Мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің атауларын дұрыс жазуды үйрету.
Мемлекет басшысының атауындағы барлық сөздер және оның шешімдері бас әріппен жазылады
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық кеңестердің атауларындағы бірінші сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.
Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының, оның бөлімдерінің жергілікті әкімшіліктердің атауларындағы бірінші сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.
Мемлекеттік жоғары өкімет органдарының атауларындағы барлық сөздер бас әріппен жазылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі заң актілерінің және тұрақты комитеттері мен коммисияларының атауларындағы бірінші сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.
Мысалы:
Қазақстан Республикасы Президенті.
Қазақстан Республикасы Үкіметі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
Қазақстан Республикасының Парламенті.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.
Қазақстан Республикасы Қражы министрлігі.
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Шығыстану институты.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.
Қазақ тілі : ресми қарым-қатынас, іс қағаздар тілі.
Алматы: Рауан, 2000ж.
Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.
Ресми іс қағаздары. Алматы: Сөздік-Словарь, 2002ж.
Қасымбекова М. және т. б. Екі тілде іс жүргізу Алматы: Атамұра, 1994 ж.