Открытый урок по делопроизводству ?мірбаян мен т?йіндеме 3-курс
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
«№ 1 индустриалдық техникалық колледжі» КММ
АШЫҚ (онлайн) Сабақтың тақырыбы:
“Өмірбаян және түйіндеме ”
Дайындаған 1-ші санатты
қазақ тілі мұғалімі
Джунусова А.Б.
2015 – 2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Өмірбаян және түйіндеме.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушыларға адам өміріне қатысты іс қағаздарының түрлері, оның
тілдік , құрылымдық ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, өмірбаян мен түйіндеме құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру;
дамытушылық: Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой – өрісін дамыту, жаңа сөздік қорды игерту , ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру;тәрбиелік: құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, оқушыларды сыйластыққа, бір – бірінін пікірін тыңдауға тәрбиелеу.Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі: құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар, фильмнен үзінді
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, ағылшын
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)
- Сәлеметсіздер ме?! Бүгінгі сабақта сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бүгінгі сабағымызда көп қонақтар отыр. Біз сіздермен қонақтарды қуана қарсы аламызғой, балалар? Қонақтарға қуанып тұрғанымызды көрсетейік.(жымияды) Көрдіңіздерғой балалар, қонақтар да қуанышты (қонақтар жымияды). Сіздердің көңіл – күйлеріңіздің арқасында, біздің кабинетте сондай жарық пайда болды. Мен бүгінгі оқу процесінде сіздердің көңіл – күйлеріңіз жақсы болуына тілектеспін. Сабақты бастамас бұрын №1, №2 деген екі топқа бөліндіңіздер.
I.ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ (6 мин)
Мен сабаққа дайындалғанда, менің студенттерім қандай деп көп ойландым.
Тақтадағы эпиграфқа назар аударайық: «Сен алдымен өзінді-өзін таны» деп ежелгі грек философы Сократ (б.з.д. 470 - б.з.д.399) айтқандай өзімізді білеміз бе?
Ой шақыру стратегиясы:Мысалы мен – мұғаліммін, ал сіздер студент екендерінді бәріміз білеміз, қазір дәптерге күнді, «МЕН» деген сөзге жауап жазып, жеке – жұппен – топпен – ортада – қорғайысыздар.
4403725-1403355623560-16446504775835-3175Мен
Мен
Топтастыру (кластер): Алдымен жеке жұмысқа 1 минут
Жұппен 1 минут
44043601454150056902351454150Топпен 1 минут
Ортада қорғау 2 минут
-Кейбір ақын – жазушылар күнделікке өз өмірін күнделікті жазып отырған.
-Сіздердің араларыңызда күделік жүргізетіңдер бар ма?
-Бұндай күнделіктер өзін – өзі тануға көмектесе ме?
-Өміріміз – өзін – өзі танумен байланысты.
II.МАҒЫНАНЫ ТАНУ:
-Өзін – өзі тануға яғни өмірімізге байланысты қандай құжат түрлерін білесіздер?
-Ол құжаттар жұмыс іздегенде де қажет? Қандай іс қағаздарын жұмысқа орналасқанда толтырасыздар?
Кластер: Өтініш
28409901968500
түйіндеме сенімхат 33628127310000117221017907000
2246394180842құжаттар
00құжаттар
8322631126460035754635112500арыз өмірбаян
110871018651300
35681311898400хаттама
қолхат
Бүгінгі сабақтың тақырыбы Өмірбаян және түйіндеме, осы құжаттар туралы білім аламыз.(мақсаттары)(2 мин)
Ал сіздер өмірбаян жазып көрдіңіздер ме?
Сол кезде құжат толтыруға қандай білім керек болды?(оқушылардың жауаптары)
Жақсы онда алдымен жаңа сөздермен танысайық:
Жаңа сөздер: (сөз тіркесін, сөйлем құрап жазу) (3 мин)
Өмірбаян - автобиография,
Түйіндеме - резюме
үйленгенмін-женат,
үйленбегенмін-не женат
ажырасқанмын-разведен,
жұбай - супруг,
отбасы жағдайым - семейное положение,
жұмыс тәжірибем-опыт работы,
лауазым, қызмет-должность,
әскери қызметке міндеттімін-военнообязанный (ая),
марапаттар-награды.
Осы құжаттарды білеміз, білгім келеді, үйрендім стратегиясы(ЗУХ) арқылы өзімізді сабақ сонында өздеріңізді бағалайсыздар. (тарату, түсіндіру)
Бірінші бағанша қарайық, Өмірбаян туралы не білеміз? Деген сұраққа жауап жазыңдар және сабақтың сонына дейін осы кестені өздеріңді бағалау үшін толтырасыздар. (1 мин)
(Слайд)
Өмірбаян (5 бет) – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. (7 мин)
Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады.
Біріншісі - Екіншісі - Үшіншісі -
адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін. мемуарлар, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады. қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар - Абай, Ш. Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2" \o "Мұқанов" Мұқанов - «Аққан жүлдыз», HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D1%83%D0%B5%D0%B7%D0%BE%D0%B2,_%D0%9C%D2%B1%D1%85%D1%82%D0%B0%D1%80_%D0%9E%D0%BC%D0%B0%D1%80%D1%85%D0%B0%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B" \o "Әуезов, Мұхтар Омарханұлы" М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Өмірбаян құрылымы:
Құжат атауы;
Аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері;
Ұлты;
Білімі, оқыған оқу орындары;
Отбасы жағдайы туралы мәлімет.
Қазіргі жұмысы, мекен-жайы;
Марапаттаулар мен алған мадақтаулары;
Толтырылған күні мен жеке қолы;
Назар аударыңыз!
Қазақ тіліндегі жыл, ай, күн аттарының жазылу тәртібіне көңіл аударыңыз: алдымен жылы, сонан соң күні және айы жазылады.
Үлгі:
Ахметов 02.09.1957 – Ахметов бір мың тоғыз жүз елу жетінші жылы екінші қыркүйекте туған.
Тапсырма. Санмен көрсетілген адамдардың туған жылы, айы, күні туралы мәліметті сөзбен жазыңыз.
Төлегенов 25.03.1965
Жайлаубаев 12.05.1986
Ниязбеков 23.11.1953
Дәулетбекова 25.08.2001
1-тапсырма. Үлгімен танысыңыз.(1 мин)
2-тапсырма. (4 мин) Үлгі бойынша өз өмірбаяныңызды жазыңыз немесе айтып бере алатын оқушы бар ма?
Жеке – жұп - топ - орта
Әр топтан 1 немесе 2 оқушы өз өмірбаянын Автор орындығына отырып оқиды.
Ал, түйіндеме дегеніміз не? (3 мин)
Түйіндеме – талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылатын құжат.
Құрылымы:
Құжат аты;
Талапкер туралы мәлімет аты-жөні, фамилиясы,
Туған күні, жылы, туған жері;
Азаматтығы;
Мекен – жайы; телефоны;
Үміткердің оқыған оқу орны, жұмыс орны, атқарған қызметі,
Білім, мамандығы;
Қосымша мәліметтері;
Жеке қасиеттері;
Назар аударыңыз!
Мына сөздерге тәуелдік жалғауын жалғанады.
Мысалы: аты-жөн+і, ...
3 – тапсырма: Түйіндеменің үлгілік нұсқасымен танысыңыз (1 мин)
4 – тапсырма: Үлгі бойынша қағаздарды толтыру, ортада қорғау (3 мин)
Тегі, аты-жөні: Мекенжайы: Телефоны: Туған жылы, айы,күні: Отбасы жағдайы: Ұлты: Білімі: Компьютерлік білімі: Жұмыс тәжірибесіҚызметі Тілдерді білуі: Қызығушылықтары: Жеке қасиеттері: Жеке – жұп - топ – орта - Автор орындығы: түйіндемені оқу
Тақтаға назар аударайық:
«Венн диаграммасы» арқылы бұл екі құжаттың айырмашылығы мен ортақ мәліметтерін табайық (мұғалім жазады). (2 мин)
3451860644525003451860546100008528054514852518410654053413760170180001127760170180190881065405
1124585235585
III.ОЙ ТОЛҒАНЫС:
Ал, қазір мен сіздерге «Курьер» көркем филімінен үзіндіні ұсынып отырмын.
(5 мин)
Сұхбат:
Бұл жігіттің жазған өмірбаяны неге сіздерге күлкілі көрінді?
Ол жалған жазса да, өмірбаянын жаза алды ма?
Өте жақсы.
Синквейн (5 жолды өлең) Жеке – жұп - топ – орта жазасыздар, (3 мин)
№ 1 топ: Өмірбаян № 2 топ: Түйіндеме
Нақты, анық, тиянақты Қысқа, анық, қажетті
Таныстырады, анықтайды, жазылады Жазылады, толықтырылады, тексеріледі
Өмір жолын көрсетеді . Жұмысқа орналастырады.
Менің өмірім. Өмір жолы.
Үй тапсырмасы: жаңа сөздер, өмірбаян мен түйіндеме жазу ережелерін қайталау. № 1 топ: 1 тапсырма (6 бет)
№ 2 топ: 3 тапсырма (6 бет) (1 мин)
Бағалау: Сіздер толтырған ББҮ таблицаларын арқылы өздеріңізді бағалаңыздар. (2 мин)