Саба?ты? та?ырыбы: Есептеуіш техниканы? даму тарихы


Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техниканың даму тарихы Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы мағлұмат беру.2. Тәрбиелік: Оқушыларға есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы мағлұмат бере отырып, оларды жауапкершілікке, өз ойларын еркін жеткізе білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.3. Дамытушылық: Оқушыларға есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы мағлұмат бере отырып, олардың көру және есту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.Сабақтың типі: жаңа сабақСабақтың түрі: аралас сабақ (түсіндіру, “Көңілді батырмалар”, «Ол кім? Бұл не?», «Саңырауқұлақ терейік!» ойындары)Сабақтың әдісі: тірек - сызба арқылы түсіндіру, сұрақ - жауап, сәйкестендіру тестіСабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, есептеуіш техника құралдарының суреттеріПәнаралық байланыс: тарих, географияСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Көңілді батырмалар» ойынымен тексеру. Интерактивті тақтада түрлі - түсті батырмалар беріледі. Оқушылар қалаған батырмаларын таңдайды және батырмаларды басқан кезде сол батырманың сұрағы шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.1. Дисплей дегеніміз не?2. Маустың неше түрі бар?3. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы.4. Принтердің түрлерін атаңдар.5. Пиксель дегеніміз не?6. Алғашқы түрлі - түсті мониторлар қай жылы шығарылды?7. Электронды - сәулелі түтікше дегеніміз не?8. Лазерлік принтер қалай жұмыс жасайды?ІІІ. Жаңа түсінік беру: Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап тізіп есептеулер жүргізді. Есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулерді қалайда бір құралдың көмегімен жүргізуді талап етті.ІҮ. Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру:А) жаңа ұғымдар: абак, суанпан, серобян – есепшот.Ү. Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары: Интерактивті тақтада мұғалімдердің және оқушылардың еркін жұмыс істеуін қамтамасыз ету.ҮІ. Жаңа түсінікті тексеру: «Ол кім? Бұл не?» ойыны арқылы тексеру. Тақтада 8 ұяшық беріледі. Ұяшықтар астында суреттер жасырылған, ұяшықтардағы суреттерге жауап бергеннен соң оның астарында жасырынған суреттерге анықтамалар беріледі.1. Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп атаған, ал жапондықтар не деп атаған?2. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым.3. XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик.4. Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды?5. Екінші буындағы ЭЕМ - дердің элементтік базасы не болды?6. Төртінші буындағы ЭЕМ - дердің элементтік базасы не болды?7. ЭЕМ буындарын атаңдар.8. Бірінші буындағы ЭЕМ - дердің элементтік базасы не?ҮІІІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар: «Сыңарын тап» ойынымен бекіту.ІХ. Сабақты қорытындылау: «Саңырауқұлақ терейік» ойынымен қорытындыланады. Тақтада тиін, тиіннің шелегі және 6 саңырауқұлақ берілген. Оқушылар саңырауқұлақтарды таңдайды және саңырауқұлақтардың сұрағына жауап береді. Дұрыс жауап алынған саңырауқұлақ өзі шелекке салынады.Х. Үй тапсырмасы: Есептеуіш техниканың даму тарихыХІ. Оқушыларды бағалау.