Математикадан ашы? саба? Жазы?ты?та н?кте, т?зу, кесіндіні? орналасуы (6сынып) . 
6сынып .Математика .Ашық сабақ
і. Ақпарат алмасу Тақырыптық  жоспар:
Жазықтықта нүкте, түзу, кесіндінің орналасуы.
Қиылысатын түзулер.
1-слайд         1-тақырыпша   Жазықтықта нүкте, түзу, кесіндінің орналасуы.
2- слайд                                 Жазықтық, шексіз.
     Жазықтықты толық кескіндеу мүмкін емес. Жазықтықтың кескінін бетінде нүктені белгілеуге, сызықты жүргізуге, геометриялық  фигураны салуға болатын қағаздың, мектеп тақтасының және т.б. беттері береді.
3-слайд
                                                                      Түзу шексіз.
Түзу толығымен кескіндеу мүмкін емес. Сондықтан түзудің бөлігін салады жөне оны жалғастыруға болатынын есте  сақтайды. 
       Салынған  кесінді мен түзудің кескінін салыстырыңдар.
4-слайд      2-тақырыпша    Қиылысатын түзулер.
5- слайд
      Мысалы,    жазықтықта екі түзу не қиылысады, не  қиылыспайды.
                                           
6-слайд
Жазықтықтағы екі түзудің қиылысуынан төбелері ортақ төрт бұрыш пайда болады. а және b түзулерінің қиылысуынан пайда болған бұрыштар кескінделген. Олар 
Егер а және b түзулерінің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың біреуінің градустық өлшемі болса, қалған бұрыштардың градустық өлшемдерін табуға болады.
Мысалы:
 градустық өлшемін табайық.
   бір жазыңқы бұрышты құрайды.
 осыдан  
Есептеулерден   және  . Мұндағы  және  -тың, қабырғаларының созындысы болып табылады.
7-слайд
 Бір бұрыштың қабырғаларының әрқайсысы, екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болатын екі бұрыш вертикаль бұрыштар деп аталады.
- вертикаль бұрыштар; - вертикаль бұрыштар.
Вертикаль бұрыштар өзара тең.Екі түзу қиылысқанда пайда болатын вертикаль бұрыштардың бір жұбы сүйір бұрыштар болса, екінші жұбы доғал бұрыштар болады.
   іІ. алғашқы бекіту Жазықтық. Жазықтыққа жататын фигуралар.
Қорытынды____________________________________________________________
іІІ.  ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Деңгейлік тапсырмалар:
I деңгей тапсырмалары
1.№ 1084 
    а түзуін салып, оған тиісті емес В нүктесін белгілеңдер. Сызба үшбұрышының көмегімен В нүктесінен өтіп, a  b-ға перпендикуляр  болатындай b түзуін жүргізіңдер. В нүктесі арқылы қанша осындай түзу жүргізуге болады?
______________________________________________________________________
2. № 1085     т түзуін салып, оған тиісті емес А нүктесін белгілеңдер. А нүктесінен т түзуіне дейінгі қашықтықты табыңдар.
______________________________________________________________________
3. № 1088  Тік бұрыш салыңдар. Тік бұрыштың әрбір қабырғасына бір нүктені белгілеңдер. Осы нүктелер арқылы бұрыштың қабырғаларына перпендикуляр түзулер жүргізіңдер. Олардың қиылысу нүктесін белгілеңдер. Суретте қандай төртбұрыш пайда болды?
 _____________________________________________________________________
II  деңгей тапсырмалары
4. № 1089 1) Өзара қиылыспайтын; 
2) қиылысатын перпендикуляр АВ және CD кесінділерін салыңдар.
______________________________________________________________________
5.№ 1091 Бұрышты табыңдар.
______________________________________________________________________
III деңгей тапсырмалары
6. № 1093 Бұрышты табыңдар.
______________________________________________________________________
ІV. Шығармашылық деңгей
 Топтық жұмыс.
4082415177800Сыныптағы оқушылар үш топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды
I топ.  
АВ, CD, және ЕҒ түзулері О нүктесінде қиылысады.                 AOE = 55°, DOF = 25°. ВОЕ және BOD бұрыштарының градустық  өлшемдерін табыңдар.
423481572390II топ.
MN, KL және FT түзулері О нүктесінде қиылысады.                 FOL = 110° және KOM = 35°.    MOT және KOF бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңдар.      
425386566675III топ.
а, b, с және d түзулерінің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың: 1 = 40°; 3 + 4 = 60° ,   7 = 35° болса,                   6 -тың,  8 -тың градустық өлшемдерін табыңдар.
V  БАҒАМДАУ-БАҒАЛАУ.
 Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________