«Жазы?ты?та?ы тік б?рышты координаталар 6 класс
Бекітемін: А.Наимбаева
«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мекемесі
Үлгілі сабақ
Тақырыбы: «Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар
жүйесі.Координаталары бойынша нүктені салу» тақырыбына есептер шығару
Сыныбы: 6 «Б»
Пән мұғалімі: Жиемуратова Н
2015-2016 оқу жылы
Сабақ мақсаты:
I. Еңбек сүйгіштікке, адалдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
II . «Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі және координаталары бойынша нүктелерді салу» тақырыбын пысықтау,тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау.
III. Ой-қиялын,таным,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: Саяхат сабақ.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география.
Сабақтың көрнекiлiгi: Құлып, кiлт, плакат бет жылжымалы проектор,оқушыларды бағалау парағы, сұрақ карточкалары.
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, жазбаша есептер, ауызша есептер, көрнекілік әдісі.
Сабақтың тәсілдері: Топтық, жеке-дара, ұжымдық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру:
а.Амандасу.
б.Сынып тазалығын тексеру.
в.Оқу құралдарын дайындау.
г. Оқушының назарын сабаққа аудару,қызығушылығын ояту.
II..Мақсат қою.
Оқушыларды жаңа сабақты меңгертуге дайындық.
Ғажайып әлемнің құпиясы:
М(-4;-4) Ә(-4:4)
А(1:-4) Л(1:4)
Т(1:-2) Е(1;2)
Е(3:-2) М(7:2)
М(3:-3) І (8;1)
А(4:-3)
Т(4:-2)
И(5:-2)
К(5:-4)
А(7:-4)
III.Оқулықпен жұмыс:
IV. «Ғажайып бақ»
Ауызша есептер:
1.Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай
(натурал сан)
2.Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы
(дөңгелек)
3.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында.
( сызғыш )
4.Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
( 5 )
5. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?
( 4 рет)
6. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.Мектепке неше бала барды?
( 5 бала )
VII.Қорытындылау.
VIII.Үйге тапсырма беру.
Әркім өз аттарының әріптерін
нүкте деп алып,
оларға координаталар беріп,
координаталары бойынша нүкте салу.