?аза? ханды?ыны? бас?ару ж?йесіні? негізгі ба?ыттары саба? жоспары
Күні: Сыныбы:
429704510921900105537017589400 Қысқа мерзімдік жоспар
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының басқару жүйесінің негізгі бағыттары
Cабақтың мақсаты: Қазақ хандығында басқарудың ұлттық жүйесінде хан басқаратындығын оқушылар біледі. Қазақ халқының үш жүзге бөлінуі салдарынан әрбір жүзді хандар және қазақ хандығының құрылымы жеті сатыдан тұратындығы туралы оқушыларға түсіндіру және оқушыларға ой салу өз ойларын ашық жеткізуге дағдыландыру.
Сабақтың міндеті: Оқушылардың өз ойын еркін айтуға, нақты жеткізе алуына ықпал жасау.Сабақтың нәтижесі: ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық құрамы таптық құрылым бейнелейді. Қазақ хандығының басқаруы туралы тарихи мәліметтерді ұғындырып , топ болып тақырыпқа талдау жүргізе алады.
Сабақтағы әдіс тәсілдері: Кері байланыс, топтық жұмыс,АКТ, мыйға шабуыл.
Табыс критери: Кері байланыс орната алады,Оқушылар жаңа тақырыпты түсіне алады,топ ішінде өзара пікір алмаса алады.
Уақыты Кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау Ресурс
2 мин Кіріспе бөлім Психологиялық дайындық
Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау мақсатында, «Топтық әңгіме » ойынын қолданып ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар топқа бөлінеді ,ойын ережесі боиынша іс-әрекеттерді орындады. 3 мин Тұсаукесер Топқа бөлу.
Оқушыларға тәтті кәмпитті тарату арқылы жасылдар, көктер, қызылдар болып 3 топқа бөлемін. Оқушылар өздеріне таратылған кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді. Топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау
1. Қазақ хандығына Есім ханның билік жүргізген жылдары.?
2. Хан талапай дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Қатаған қырғыны деп аталу себебі неде?
4.Қазақ бұқар соғысы туралы не білесіңдер? Қазақ хандығының басқару жүйесі туралы өз ойларын жазады және баяндайды, жеткізе білуі.
Бағалау критерийі.1. Ойының нақтылығы.2. Еркін сөилеуі.3. Білімділігі.
Оқулық, дәпер.
15 мин
Негізгі бөлім.
Жаңа сабақтың тақырыбы. Джигсо әдісі бойынша топтарға жаңа тақырыпты өзара бөлісіп оқуға беремін.
3 топ өзара тақырыпты бөліп алады.
Оқулықты пайдаланады.
Содан кейін әр топ мәтінді талқылайды. Мәтінді талқылайды. Бағалау критерийлері:
1.Ұйымшылдық
2.Түсіндіру әдісі
3.Ойлау дәрежесінің ұшқырлығы Оқулық,
үлестірме қағаздар
(интернеттен)
3 мин
7 мин «Жаужүрек мыңбала» фильмінен үзінді көрсетемін.
Тақырып бойынша түсінгендерін постерге жазып, топпен талқылайды. Әр топтан екі оқушыдан шығып, постерді қорғайды. Видеоролик (интернет)
5 мин Қорытынды Ситуациялық сұрақтар қоямын.
1.Оқушыларға 7 сатыдан құрылған қазақ хандығының басқару жүйесінің кестесін толтыруға әр топқа толтыру кестесін тарату.
2.Өздерінің тұрып жатқан аймақтары қай сатыға жататындығы туралы ой тастау.
3. Қазіргі таңда өздеріміз тұрып жатқан ауылда ауылнайлары мен билер үстемдігі бар ма деген ой тастау, кімдерді білесіздер? Оқушылар ситуациялық сурақтарға жауап береді. Оқушылар өздерін бағалайды. 2 мин Үй тапсырмасы Оқушыларға қазақ хандығының басқару жүйесінің жеті сатыдан тұратындығы туралы кестені толтыру. Тыңдайды,
белгілеп алады. Күнделік
3 мин Бағалау. Сабақты стикерлер арқылы бағалау. Өзін-өзі, топты бағалайды Бағалау парағы
5 мин Рефлексия
Бүгін сабақта қызықты болған сәттер
Сабақтан алған көңіл- күйім
Бүгінгі сабақта менің білгенім Сабақтан алған әсерлерін жазады. Стикерлер арқылы. Стикер