Классный час ко дню языков народов Казахстана


Мақсаты: мемлекеттік тілді құрметтей білу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тілге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру, білім деңгейін көтеру
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар, қабырға газеттері
Шараның жүру барысы:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, «Қазақ тіліне құрмет» интеллектуалды сағатына қош келдіңіздер. Бүгінгі шараға қатысушылар 4 б, 7 а, 10 сынып оқушылар. Біздердің бүгінгі сағатымызда мемлекттік тіл аясында өз біліміміздің қаншалықты дәрежеде екендігін байқаймыз және бір – бірімізден естіген – білгенімізді өз жадымызда сақтай отырып, мемлекеттің тілдің мәртебесін көтерейік дегім келеді.
Жүргізуші :
Тіл- қай ұлтта , қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. тіл байлығы -әбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп , қастерлемейтін адам жоқ. Сөз кезегін 4 б сынып оқушыларына береміз
АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛАна тілің біліп қой,Еркіндігің, теңдігің.Ана тілің біліп қой,Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте! Қ.Мырзалиев
Қазақ тілі
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
«Ана» деген сүйгендік сөз һәм менен
Қылжақтап, алып қашып құрбы бөркін
Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып,
Өмірден, ен даладан ұққам көркін.
С.Торайғыров
АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА
-Ана тілі тым оңай!
Деп Күлдірген тыңдамай
Терезеге қарады,
Теректерді санады.
Оны көріп мұғалім,
Қойды кенет сұрағын:
-Айтшы, тұрып сен енді
Анықтауыш дегенді.
-Анықтауыш ... Әрине ...
Анықтайды бәрін де ...
Күбір сөзі ұзарып,
Күлдірген тұр қызарып.
Ана тілін білмесең,
Аһ ұрасың күнде сен.
                                       Әдібай ТабылдыАНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ
Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.                                       М.ӘлімбаевЖүргізуші :
Тілді білу –халықты, тарихты сыйлау. Неше тіл білсең , сен сонша рет
адамсың. Қазіргі заманда полиглот болу – өмір талабы.
Полиглот шеруі
10 сынып оқушылары
1-оқушы:
Шығыс ғұламасы әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген.
2-оқушы:
А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс , итальян, испан, латын, грек, славян
тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
3-оқушы:
Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс
тілін орта жастан асып барып, жете меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, жете меңгерген .
4 -оқушы:
И. Крылов Еуропаның негізгі тілдерін түгел игерген. Елу жасында ол көне
грек тілінде еркін сөйлеген.
5 -оқушы:
Мұзафар Әлімбаев татар, қырғыз , қарақалпақ тілдерінен сөздіксіз аударған.
Өзбек , түрікмен , башқұрт, болгар, ноғай, қарашай тілдеріндегі шығармаларды оқи алады.
6 -оқушы:
Көп тіл білсең – көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл , дұрысы-
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар
Жүргізуші :
Ал қазір ,балалар, мемлекеттік тіл сабағында алған білімдеріміздің тереңдігін байқау үшін , берілген сұрақтарға «Иә немесе жоқ» деп жауап беру керекпіз.
10 сынып
Қазақ тіліне тән 9 дыбыс бар;
Киіз үйдің қабырғасы кереге;
Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгі – нүкте
Бұл, мынау, сол –сілтеу есімдіктері
Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар екіге бөлінеді
«Қазақстан» түбір сөз
Тұрлаулы мүшенің 3 түрге бөлінеді
7 сынып
Күздің бірінші айы –желтоқсан
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар
Қазақстанның туының түсі көк
Абайдың шын аты-Ибраһим
Қазақ тілінде 5 жалғау бар
Қазақстанның мемлекеттік тілі –орыс тілі
Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар
4 сынып
Қазір жаз мезгілі
Қазақ тілінде 5 септік бар
Құлпынай көкөніс пе?
Ә дауысты дыбыс
Наурыз ұлттық мереке
Елтаңба рәміз болып саналады
Жүргізуші :
Қазақтың түрлі- түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауабын таба ма екен үміткерлер,
Сол себептен жасырын суреттер бар.
Қазір, балалар, тақтада берілген қиындылардан қазақтың салт-дәстүр
атауын тауып, сол дәстүр туралы қысқаша баяндап беру керексіздер.
Жүргізуші :
«Сөз мәйегі – мақал» деп бекер айтылмаған. Балалар, сіздер
қаншалықты дәрежеде мақал білетіндеріңізді естігіміз келеді . Сол себепті сөз сіздерде.
Жүргізуші :
Келесі «Әріптер сөйлейді» бөлімі. Қазір сұрақтар беріледі. Сол
сұрақтарға тақтада берілген әріптерді пайдалана отырып , жауап береміз.
(Ә, Б, Т, С,А,Қ)-129 бет (5/2010)
Жүргізуші :
Өнерлінің өнерін,
Кәне, байқап көрейік.
Жүйрік аттай желейік,
Ән мен биге кезек берейік.
Қазір 7 а сынып оқушыларының орындауында биі.
Ән
Жүргізуші :
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тіл – әр ұлттың қайталанбас байлығы.
Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік ! –дей отырып, бүгінгі интеллектуалды
сағатын аяқтаймыз.