Шаймуратова Айдана Информатика саба?ында?ы ?йретілетін компьютерді? ??рал жабды?тары 9 а сынып


Информатика сабағында үйретілетін компьютердің құрал жабдықтары
Информатика-адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін,оны іздеу,жинау,сақтау және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.
Информатика компьютер,компьютердің жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы,сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми көзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады.
Информатиканың негізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ,бұл-ақпаратты жинау,өңдеу,беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар.
Компьютердің жады
Ақпаратты сақтауға арналған компьютердің құрылғысы жад деп аталады. Компьютердің жады ішкі және сыртқы деп екіге бөлінеді. Компьютердің ішкі жады оның негізгі түрі болып саналады,өйткені процессор осы жадпен жұмыс істейді. Компьютер іске қосылған соң ішкі жадта программалар және мәліметтер орналасады.
Адамдар онымен компьютер іске қосылған кезде жұмыс істейді. Бірақ компьютер өшірілгеннен кейін,ондағының барлығы өшіріледі. Ішкі жады жедел жадтайтын құрылғы және тұрақты жадтайтын құрылғы болып екіге бөлінеді. Сыртқы жады ақпараттарды ұзақ мерзімде сақтау қызметін атқарады. Оған қатты диск,дискеттер немесе иілгіш дисклер, лазерлік дискілер және басқа да ақпараттарды тасымалдаушы құралдар кіреді.
Тінтуір

Тінтуір-“графикалық” басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда,экрандағы тінтуірдің нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып,қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып,объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып,экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді,суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға бола




Пернетақта

Пернетақта(клавиатура-keyboard)-компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Ол пернелерден тұрады,оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады. Пернені басқанда,осыған сәйкес жазылған символ немесе басқа амал орындалады. Қазіргі таңда кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104пернеден тұрады, оның екеуі-Windows терезелері бейнеленген пернелер.Пернетақтаның әрбір пернесі оймақтай(механикалық немесе мембраналық)ажыратып-қосқышқа арналған қақпақ болып табылады.

Жүйелік блок
Жүйелік блок-енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі бөлігі. Осы өңдеуші құрылғыларға жүйелік тақта,ішкі дискіенгізгілер және әр түрлі жүйелік жабдық,соның ішінде бейне тақта мен дыбыстауыш тақталар кіреді.
Жүйелік блок-дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары мен қоректендіру блогы орналасқан блок.
Принтер
Принтер-ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі:матрицалық,сия бүріккіш, лазерлік,сублимационалдық,жарық диодты(LED) принтерлер бар
.


Сканер

Сканер-қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді(суретті,т.б) машина кодына ауыстырып,компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай:жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді,оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды.Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.
Монитор

Монитор (monitor)— 1) компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей,экран ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен,жайма генераторы қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі қорабында – жүйелік блогінде орналасады. Кейбір тұрмыста қолданылатын компьютерлерде Монитор орнына қосымша модуляторлық құрылғымен толықтырылған үйдегі телеэкранды пайдалануғаболады. Мониторлар мәтіндік және график режимде  жұмыс істей алады. Мәтіндік режимде – Монитор экранына тек символдар шығарылып, олар таңбалық генератормен қалыптастырылатын ASCII кодтарының ұлттық әріптермен кеңейтілген символдар жинағынан тұрады. Графикалық  режимде –экранда өте майда мозаик бейнелер шығарылады. Монитордың график. Режимі аса қажетті болып саналады және оның айқындылығы пиксельдер мөлшерімен анықталатын экранның айқындау қабілетіне байланысты. Соңғы кезде VGA және SuperVGA  типтиі Мониторлар қолданылып келеді. Олар мәліметтерді мәтіндік және график. режимдердің екеуінде де экрандағы пиксельдік нүктелер санына байланысты кез келген ақпарат түрлерін сапалы түрде бейнелейді. Монитордың мәліметті жақсы көрсетіп, оларды айқындау қабілеті экрандағы нүктелер санына байланысты, мыс., горизонталь бағытта 200 нүктені, ал вертикаль бағытта 640 нүктені бейнелейтін (640*200), сондай-ақ 800*600, 1024*768 (SuperVGA) және айқындау қабілеті одан да жоғары Мониторлар бар. Экрандағы нүктелер саны артқан сайын яғни нүкте көлемі кішірейген сайын (0,2 – 0,31 мм) Монитор сапасы да, бағасы да арта түседі. Түрлі түсті Мониторларда нүктелер көлемі 0,24 мм болады. Нүктелер көлемі 0,39 мм-ден үлкен Мониторларда экрандағы бейне анық көрсетілмейді. Мониторлар монохромды (ақ-қара түсті) және түрлі түстіболып ажыратылады. Монитордың негізгі сипаттамасына экран диагоналының дюйммен (1 дюйм=2,54 см) берілген қашықтығы жатады мыс., 14 дюйм, 15 дюйм, т.б. 

Модем

Модем(ағылш.modem.modulator-demodulator)-сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.
Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түріндеберуге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.
Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісіболып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдырукерек. Және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзегеасырады – сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше.
Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде,модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді. Модем-сыртқы немесе жүйелік блокқа кірістірілген болуы мүмкін. Сыртқы модемдер-бұл сым арқылы жүйелі блокқа қосылатын модемдер.