Тест биология 9 класс


9-сынып тест
1.Цитология нені зерттейді?  (Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді)
2.Жасуша құрылысын алғаш рет зерттеген кім? (Р.Гук(1665)
3. Жасушаны зерттейтін ғылым? (Цитология)
4.Жасушаның құрамында неше химиялық элементтер бар? (80-ге жуық)
5.Тірі организмдердің құрамындағы химиялық элементтерді қандай топқа бөледі? (Макроэлементтер , Микроэлементтер , ультромикроэлементтер)
6.Көмірсулар қандай екі топқа бөлінеді?( моносахаридтер және полисахаридтер)
7.Қанның құрамында неше пайыз глюкоза бар? (0,1-0,12%)
8.Липидтер дегеніміз не?(суда ерімейтін органикалық заттар)
9. 1 г көмірсудан неше энергия бөлінеді? (17,6кДж)
10)Ферменттер дегеніміз не? (барлық тірі организмдерге болатын және биологиялық катализатор рөлін атқаратын ерекше нәруыздар)
11)р-РНҚ молекулалары неше нуклеотидтерден тұрады? (3-5 мың)
12)Транскрипция латынша аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (көшіру)
13. Зат алмасу қандай екі процестен тұрады? (Анаболизм жене катаболизм)14.Органикалық молекулалардың бейорганикалық заттардан күн жарығының энергиясын пайдалану есебінен не түзіледі? (ФОТОСИНТЕЗ)15.Митоз неше фазадан тұрады?(4)16.Организмдер қандай жолмен көбейеді? (жыныссыз және жыныстық)17. Гүлдердің аталықтарында аталық жыныс жасушалары қалай аталады?
( спермийлер)18.Транскрипция дегеніміз не:Нәруыз синзетделуінің алғашқы кезеңі.
19.Жасуша цитоплазмасында неше аминқышқылы бар: 20 түрі бар.
20.Транскрипция дегеніміз не ? (тірі жасушалардағы рибонуклеин қышқылының биосинтез процесі)
21)Жабық тұқымды өсімдіктерде қосарлы ұрықтану жүреді оны С.Г.Навашин нешінші жылы ашқан?
Жауабы:1898
22)Сарыуздың құрамында ұрықтың дамуына қандай қоректі заттар қажет?
Жауабы:Майлар,Көмірсулар,Витаминдер)
23)Тозаң дəні қандай жасушадан тұрады?
Жауабы:Генеративтік,Вегатативтік24)Адамда қашан постэмбриондық кезендер болады?
Жауабы:Жыныстық жетілуі,Есеюі,қартайған шағы
25.Моногибридті будандастыруда тек бір жұп қарама-қарсы белгінің тұқым қуалау сипатын кім зерттеді? (Мендель)
26.Эволюция деген не ?
Жауабы:Органикалық дүние даму тарихының жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күштерін зерттейтін биология бөлімін айтады.
27.Органикалық дүниенің эволюциясы туралы негізін қалаған биолог?
Жауабы: Ж.Б Ламарк28.Жан Батист жануарлар дүниесін қандай топқа бөлді?
Жауабы:Омыртқасыздар және омыртқалылар
29.Жан Батист Ламарк өмір сүрген жылдары.
Жауабы: 1744-1829
30.Органикалық дүниенің дамуы туралы алғашқы ой пікірлер Ежелгі қай мемлекеттердің ойшылдардың еңбектерінде жазылған?
Жауабы: Үндістан,Қытай,Египет,Грекия.
31.Чарльз Дарвин кім?
Жауабы: ағылшын жаратылыс зерттеушісі.
32.1871 жылы қай еңбегінде Дарвин адамның жануарлар дүниесіндегі орнын дұрыс көрсетіп берді?
Жауабы: Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу.
33.Дарвинде қанша жасынан бастап табиғатқа деген қызығушылық пайда болды?
Жауабы:8 жасынан
34.Эволюцияның негізгі қозғаушы күші?
Жауабы: Тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу.
35.Популяция дегеніміз не?
Жауабы: Эволюцияның элементарлық бірлігі.
36.Силикат өнеркәсібінің негізгі салалары?
(шыны,цемент,бетон,қыш)
37.Биосфера дегеніміз?
(Атмосфераның төменгі,яғни Жер шарының тіршілік бар қабаты)
38.Күкірт оксидінің және азот оксидтенінің атмосферада болуының нәтижесі.
(Қышқыл жаңбыр)
39.Өсімдік және жануарлар селекциясында қолданылатын едіс.
Әріден буландастыру40. Буландыстыру нәтижесінде орыс ғылымы ХХ ғасырдың 20 жылдары кім ашты.
Д.Карпеченко41.Оңтүстік Қазақстандағы селекциялық орталықта Красновопадскийдің саны неше
210
42.Жануар селекциясына үлес қосқан қазақстандық ғылымдар кімдер
Бутан,Есенжолов,Жандеркин
43.Өсімдік селекциясын дамытқан ғылымдар
Әбуғалиев,Удольская,Бияшев
44.Селекция дегеніміз
(адамның іс-әрекетімен жүретін эволюция).
45.Будандастырудың екі жолдарын ата?
(туыстық будандастыру,туыстық емес будандастыру).
46.Гетерозис дегеніміз?
(барлық организмдер селекциясында байқалатын жағымды жағдай)
47.Табиғат жүйесі атты еңбегінің авторы?
(К.Линней).
48.Эволюцияның элементарлық бірлігі?
(популяция).
49.Эволюцияның негізгі қозғаушы күші?
(тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу).