О?т?стік жарты шар материктері


Сабақтың тақырыбы «Оңтүстік жарты шар материктері» (қайталау сабағы)
Латипова Алия Ақанқызы
Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Сабақтың мақсаты: оқылған материалдарды қорытындылау, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: жарты шарлар картасы, Африка, Австралия, Оңтүстік Америка, Антарктиданың физикалық картасы.
Қайталау сабағын «Бақытты сәт» географиялық ойын түрінде өткіземіз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды және олардың құрал-жабдықтарын түгендеп, ынтасын жаңа сабаққа аудару.
Оқушыларды екі топқа және жанкүйерлерге бөлдім. Әрбір топ 5-6 оқушыдан және топ басшысынан құралады. Мұғалім жүргізуші таңдайды, өзі төреші болады. Жүргізушіде әрбір топқа арналған сұрақтар болады.
Егер топтар жауап бере алмаса, жанкүйерлер жауап береді.
І тур
Әрбір топ 5 сұрақтан алады. Ойлануға 20 с. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі.
І топ сұрақтары.
Африканың оңтүстік бөлігін кім бірінші айналып өтті? (Васко да Гама)
Қай материк ең құрғақ? (Австралия)
Африкада кеуіп қалған өзен арналары қалай аталады? (Уәдтер)
Антарктида қандай материк? (ең биік әрі суық)
Оңтүстік жарты шардағы қандай көл тауда орналасқан? (Титикака)
ІІ топ сұрақтары.
Африканың географиясын зерттеуге өзінің өмірін арнаған ағылшын саяхатшысы. (Д. Ливингетон)
Австралиядағы кеуіп қалған өзен арналары. (Криктер)
Қай материк ең ылғалды? (Оңтүстік Америка)
Шөлде соғатын жел. (Сомум)
Жер шарындағы ең биік сарқырама қалай аталады? (Анхель)
ІІ тур
Ойлануға 2 минут. Әрбір дұрыс жауапқа 2 балл беріледі.
І топ.
Топ кофе ұнтағы салынған пакетті алады.
Тапсырма: Осы өсімдіктің отанын, таралған аймағын және дайындау технологиясын атау қажет. (Отаны – Африка, қазіргі таралған аймағы – Оңтүстік Америка)
Сахарадағы шұратты (оазис) сипатта.
Оңтүстік Америкадағы ойпаттарды ата. (Амазонка, Оринока, Ла-Плота)
Африка саваннасындағы ең ірі ағаш. (Баобаб)
ІІ топ.
Топ какао ұнтағы салынған пакетті алады.
Тапсырма: І топқа берілген тапсырмадай. (Отаны - Оңтүстік Америка, таралған аймағы – екі жарты шарда)
Антарктидадағы шұратты сипатта.
Анхель сарқарамасына тап болдың делік, сен оның салмағын біле аласың ба? (жоқ, себебі ондай биіктікте білу мүмкін емес)
Амазонка өзеніндегі ең қауіпті балық. (Пиранья)
ІІІ тур
Топтағы әрбір оқушыға жүргізуші сұрақ қояды. Егер әрбір ойынға қатысушы оқушы дұрыс жауап берсе, онда топ қосымша ұпай алады. Ойлануға 10 сек. беріледі.
І топ.Қай материк басқа материктерден кейін ашылған? (Антарктида)
Оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедерінде неліктен жазықтар басым? (Бұл материктердің барлығы Гондвана материгінің ыдырауынан пайда болған, көне платформа орналасқандықтан)
Оңтүстік жарты шар материктерінің батыс бөлігінде неліктен шөлдер орналасқан? (Суық ағыстар шайып жатқандықтан)
Сельва дегеніміз не? (Оңтүстік Америкадағы экваторлық орман)
Қандай мемлекет түгелдей бір құрлықты алып жатыр? (Австралия)
ІІ топ.
Лама, кондора қайда мекендейді? (Анд)
Виктория-регис, топир, құмырсқа маймыл мекендейтін табиғат зонасын ата. (Гилея)
Хомада дегеніміз не? (Сахарадағы тасты шөп)
Африкадағы суы мол өзен. (Конго)
Ең кіші қолтырауын. (Аллиготор)
ІV тур
« Бейнекөрініс сұрақтары»
10 сек. ішінде әртүрлі таблицалар, суреттер арқылы онда не бейнеленгенін айта білу қажет. (Олар оңтүстік материктердің табиғатымен байланысты болуы қажет)
V тур
Топ басшылар сайысы «Иә ма?», «Жоқ па?» ойын түрінде өткізіледі. Дұрыс жауап берілсе 4 балл алады.
І топ басшысына қойылатын сұрақтар.
Анд тауында емен өсе ме? (Иә. Анд тауында 2000-3200 м биіктікте емен өседі.)
Оңтүстік Африкада дала зонасы бар ма? (Жоқ, Оңтүстік Африкада қоңыржай климаттық белдеуі жоқ)
Австралияның солтүстігі оңтүстігіне қарағанда жылы. (Иә, себебі Австралияның солтүстігі субэкваторлық белдеуде, ал оңтүстігі субтропиктік белдеуде орналасқан)
ІІ топ басшысына қойылатын сұрақтар.
Оңтүстік Америкадағы субтропиктік дала зонасын пампа деп атайды. (Иә, жергілікті халықтың атауы)
Мадагаскар аралында ең ірі және ең кіші хамелеондар тіршілік етеді. (Иә, олар ұзын тілімен тышқандарды аулайды және насекомдармен қоректенеді)
Анаконда дүние жүзіндегі ең ірі жылан. (Иә, оның ұзындығы 5-6 м, кей кезде 10 м. Амазонка, Оринока, Парана өзендерінің алабында мекендейді)
VI тур
Жанкүйерлерге сұрақ қойылады.
І топ жанкүйерлеріне қойылатын сұрақтар
Мулаттар деген кімдер? (Еуропалықтар мен негр ұрпақтары)
Австралия елтаңбасында қандай жануар бейнеленген? (Кенгуру)
Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен (Амазонка)
Ливия мемлекеті қай құрлықта орналасқан? (Африка)
Антарктиданы кім ашты? (Беллинсгаузен және Лазарев)
ІІ топ жанкүйерлеріне қойылатын сұрақтар
Африканың ең үлкен түбегі. (Сомали)
Сахараның дәл ортасында қандай көл орналасқан? (Чад)
Аргентина мемлекеті қай құрлықта орналасқан? (Оңтүстік Америка)
Африка саваннасында нелер мекендейді – бегемотар немесе гиппотамдар ма? (екеуі бір мағынада айтылады)
Австралия ақшасында қандай жануар бейнеленген? (Ехидна, үйректұмсық)
VII тур
Блиц-турнир
2 минут ішінде топ көп сұраққа жауап беруі тиіс. (1балл)
І топ сұрақтары.
Оңтүстік полюске бірінші жеткен саяхатшы. (Амундсен)
Оңтүстік Американың ең үлкен мемлекеті. (Бразилия)
Гевея деген не? (Ағаш)
Оңтүстік жарты шардағы ең ұзын көл. (Танганьика)
Оңтүстік Америка мен Антарктида арасындағы бұғаз. (Дрейк)
Анд тауындағы ең көп таралған пайдалы қазба. (Мыс)
Жабайы америкалық шошқа. (Пекари)
Анд тауындағы жабайы түйе. (Лама)
ІІ топ сұрақтары.
Австралиядағы ең үлкен көл. (Эйр)
Гевеядан не алынады? (Каучук)
Виктория сарқырамасы қай өзенде орналасқан? (Замбези)
«Кенгуру» сөзі қандай мағына береді? («Түсінбедім»)
Шөл арқылы қандай өзен ағып өтеді?
Оңтүстік Американың батыс жағалауын қандай ағыс алып жатыр? (Леруан)
Жер шарындағы ең үлкен жазық. (Амазонка)
Ең кішкентай құс. (Колибри)
VIII тур
2 топқа үлестірме таратылады. Дайындалу уақыты 2 минут. (5 балл)
І топ.
«Оңтүстік материктер», «Ол не?», Бұл не?»
Сахара
Сельва
Эльдора
Самбо
Титикака
Буммендер
Намиб
ІІ топ.
«Оңтүстік материктер», «Ол не?», Бұл не?»
Оазис
Атакама
Абориген
Амазонка
Гилея
Атолл
Бумеранг
Соңы.
Ойынның соңында мұғалім қорытынды жүргізеді. Жеңген топ анықталады. Жанкүйерлерден де жеңген бөлігі анықталады.қорытындыға 1 сағат берілсе, онда түгел турдың тапсырмалары орындалады.