Саба?ты? та?ырыбы:«С?йлемні? т?рлаулы м?шелер»


Тулегенова Куралай Егиновна
Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелер.
Қарағанды облысы білім басқармасының « Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық № 3 арнайы мектеп –интернаты» КММ
Мақсаты: 1. Оқушылардың сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы түсініктерін кеңейту, ережелерін ұғындыру, сұрақ қою арқылы талдау жасату;
2. Оқушылардың ойлау қабілеттері мен есте сақтау дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын дамыту.
3.Топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен жолдастыққа, бір-біріне көмек көрсетуге баулу.
Көрнекілік: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер, карточкалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын даярлау
2. Психологиялық дайындық:
Қайырлы таң, достарым, Қайырлы күн болсын. Сәрсенбінің сәті Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз «4» пен «5-тік» болсын. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың жазып келген жаттығуларын оқытып, талдау.
ІІ деңгей оқушыларға 2-жаттығу. Көп нүктенің орнына туынды зат есімді қойып көшіріп жазу.
ІІІ-ІV деңгейлі оқушыларға арнайы 1 жаттығу. Сөйлемдерді оқу, көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Өткен тақырыпты сұрақ-жауап арқылы бекіту.
а) Зат есім деген не?
ә) Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
б) Зат есімнің қандай түрлерін өттік?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. - Балалар, біз бүгін «Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер» тақырыптарын өтеміз. Сендер бүгінгі сабақта тұрлаулы мүшелердің ережесімен танысасыңдар, берліген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрайсыңдар. Сонымен қатар, грамматикалық тапсырмаларды орындайсыңдар.
2. Дәптерге бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазғызу.
3. Тақтада ілініп тұраған тірек сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлем мүшелері

Тұрлаулы
Тұрлаусыз


1. Бастауыш 1. Анықтауыш
2. Баяндауыш 2. Толықтауыш
3. Пысықтауыш
Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұрауға жауап беретін толық мағыналы сөзді, сөз тіркесін не күрделі сөзді атаймыз.
Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.
Тұрлаулы мүшелер деп сөйлемнің негізгі мүшелері болып саналатын бастауыш пен баяндауышты атаймыз.
Тұрлаусыз мүшелер деп сөйлемдегі анықтауыш, толықтауыш және пысықтауышты айтамыз.

Тұрлаулы мүшелер Сұрақтары Шартты белгісі
Бастауыш Кім? Кімдер?
Не? Нелер? 
Баяндауыш Не істеді?
Не ғылды?
Қайтті?
5. Тақтаға сөйлемдер жазылып, бастауыш пен баяндауышқа сұрақтар қойылады. Олар шартты белгілерімен сызылады. Ережені оқыту. Сұрақтарын анықтау.
6 . Оқулықпен жұмыс.
ІІ деңгейлі оқушыларға мәтінді оқыту, мазмұнын әңгімелету, сөйлем мүшелеріне талдату.
ІІІ-IV деңгейлі оқушыларға оқулықтағы арнайы берілген өлеңді көшіріп жазып, бастауышты мұғалімнің көмегімен табу.
IV. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,Белге қолды қоямыз.Бұрыламыз оңға бір,Бұрыламыз солға бір.Бір, екі, үш,Бір, екі, үш,Жоғары қолды созамыз,Тып - тыныш қана отырамыз

V. Жаңа тақырыпты пысықтау.
1. Суретпен жұмыс. «Қалаға саяхат».
Балалар, біз бүгін сурет арқылы қалаға саяхатқа шығамыз. Ол үшін мынандай сұрақтарға жауап қайтару керек.
- Біз қандай елде тұрамыз? –Біз Қазақстан елінде тұрамыз.
- Біздің қаламыздың аты қандай? –Қарағанды қаласында.
-Ендеше, Қарағанды қаласына саяхатқа шығайық.
- Біз Бұқар жырау даңғылына келідк. Сөйлемін тақтаға жазып, сөйлем мүшесіне талдау жүргізіледі:
- Көшеде нелер көп жүреді? –Көшеде машиналар көп жүреді.
- Машиналарды кімдер жүргізеді? –Машиналарды жүргізушілер жүргізеді.
-Біз қайда бардық? –Біз мұражайға бардық. /Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді таптыру/.
Әңгіменің мазмұнын толық баяндатамыз.
VІ. Бекіту кезеңі
1.Топтық жұмыс. Билеттің артындағы сұраққа жауап береді. 1)Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұратын толық мағыналы сөздерді... дейміз. (сөйлем мүшелері) 2)Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін... дейміз. (бастауыш) 3)Баяндауышқа... деген сұрақтар қойылады? (не істеді? не қылды? қайтті?) 4)Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің... мүшелері дейді. (тұрлаулы)
2. «Ұшты – ұшты» ойынын ойнату.
Ойынның шарты: Оқушыларға бастауышты айтқанда, олар орындарыннан жылдам ұшып тұрулары керек. Ал баяндауышты айтқанда, орындарында қалулары керек. Егер оқушы шатасқан жағдайда, оның қаншалықты тақырыпты игергенін байқаймыз.
3. Кеспе қағаздардан «Кім жылдам?» ойыны арқылы сөйлемдер құрастырылады.
Отанды, сүйемін, мен. Тұрамын, мен, қаласында, Қарағанды. Абай, қалада, бар, ескерткіші. Сөйлемдерді тез арада құрастырып, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табады.
4. Деңгейлік тапсырма
ІІ- топ
1. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
2. Сөйлемді талда:
а) Асқар атпен келді.
б) Дана доп ойнады.
ІІІ-топ
1. Баяндауыш дегеніміз не?
2. Сөйлемді талда:
а) Қойлар өрісте жайылды.
б) Қыздар гүл терді.
IV-топ
1. Бастауыштың астын бір сызықпен сыз.
а) Жел соқты.
б) Бұлт қоюланды.
VІІ. Қортынды.
Венн диаграммасы арқылы сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазғызу
Тұрлаулы мүшелердің анықтамасын, шартты белгілерін жаттап келу.
ІІ деңгейлі оқушыларға 3-жаттығу Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді табу.
ІІІ- ІV деңгейлі оқушыларға арнайы 2-жаттығуды орындап келу.
Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуын бағалау.