Тіл – досты? пен татулы?ты? алтын к?пірі сынып са?аты 2 сынып


Тәрие сағаты. 2 сынып
Тақырыбы: «Тіл – достық пен татулықтың алтын көпірі»
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеуі, тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстауға, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын ұғындыру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.Әдісі: cұрақ-жауапКөрнекілігі: Слайд, суреттер,шарлар.
Барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі. Кіріспе. Мұғалім сөзі: Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің қолдарыңызда.Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында топтық жұмыс түрінде өтеді. Топ құрылды. Топ жұмысы 6 кезеңнен тұрады:1. Өлең – сөздің патшасы..2. Сөз тапқанға қолқа жоқ.3. Мақал сөздің – мәйегі4. Сахналық көрініс.5. Тіл болашағы – жастар қолында..6. Ана тілім – асыл қазынам Әділ қазы бағалайды.Ана тілім, дана тілім бақытымҚазақ тілін білу менің парызым.Тілім менің ұмытылмас тірлігім,Кім біледі тіліміздің тағдырын. Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде. Сен болмасаң болар ертең күнім не? Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен. Қазақ болып қалу үшін түбінде.Қазақ тілім бас иемін мен сағанТілге деген болу керек кең талғам.Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,Қазақ тілі біздер үшін жаралған.Тіліміздің тарихы бар қол жетпес, Айтсаң оның тарихына сөз жетпес,– демекші Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі өте бай әрі көркем. Ана тілін құрметтеген адам Отанын да сүйеді.
Бірінші кезең «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады.Топтан бір оқушы шығып мақалдың басын бастаса екінші ойыншысы мақалды аяқтауы тиісті. Мақалдар тақырыбы тіл, сөз қадірі жайлы болмақ. Екінші кезеңде өлең шумағының алғашқы екі жолы беріледі.
Топ өлеңді аяқтайды.
1. Ана тілді сүйіп өтем, Барлық тілден биік екен...................................2. Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем!.........................................3. Мен ұйықтарда айтады Ертегісін, әндерін.................................4. Жауды жаңбыр топ-топ Шелек - шелек көп-көп!...................................... «Өлең – сөздің патшасы» деп аталатын кезеңде топтан бір оқушы шығып Ана тілі жайында жазылған бір өлеңді мәнерлеп жатқа айтып шығуы тиіс. Төртінші кезеңде топ тілдің бүгінгі жағдайын бейнелейтін көрініс көрсетеді.Бесінші кезең сұрақ-жауап сайысы. Топтың білімі сыналады. Топқа сұрақ1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).2. Абайдың туған жылы? (1845).4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).8. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).3. Абайдың әжесі? (Зере).4. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады? (Кел, балалар, оқылық)5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).6. Күй атасы кім? (Құрманғазы).7. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).8. Қазақ халқының тұрмыс салтында қандай жырлар кездеседі? Келесі кезең суретті сөйлету
Топ болашақтағы «Қазақ тілінің мәртебесі туралы»суретке қарап өз ойларын ортаға салады. Мақал-мәтелдер1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең1. Бал тамған тілден ... (у тамған).2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).5. Тіл қылыштан ... (өткір).6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).9. Тілден артық ... (қазына жоқ).10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес). Қорытындылау.