Информатика п?нінен сыныптан тыс шара (7 класс)


Сайыс тақырыбы: «Тапқыр информатиктер»
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәнедеріне деген қызығушылықтарын арттыру, білім деңгейін көтеру, сөйлеу шеберлігін, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.
Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, викториналық сұрақтар, тапсырмалар.
Сайысқа 7 оқушыдар құралған 2 топ қатысады. «Тапқырлар» және «Жүйріктер» тобы. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
І кезең “Кім жылдам?”
ІІ кезең “Жалғастыра жарысу”
ІІІ кезең “Жұмбақтар әлемі”
ІV кезең “Кім озып келер?”
V кезең “Мадақтау” сайысы
Ғылымда асулар көп алатұғын,
Қанатын биіктерге қағатұғын.
Ұшқырлығын танытып қыран құстың,
Кез келді жылдамдықты білетұғын.
І кезең «Кім жылдам?»
Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Сұраққа жылдам жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
“Тапқырлар” тобы сұрақтары
Сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері.... (санау жүйесі)
Информатика дегеніміз не? (ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым)
Санау жүйесінің неше түрі бар? (2)
Сегіздік санау жүйесі қандай сандардан тұрады? (0,1,2,3,4,5,6,7)
Алгоритмнің неше түрі бар? (3)
Тармақталу алгоритмі дегеніміз қандай алгоритм? (алгоритмнің шартқа байланысты тармақтарға бөлінуі)
Логиканың атасы кім? (Джордж Буль)
Операциялық жүйе дегеніміз не? (компьютердің жұмысын басқаратын жүйе)
Антивирустар қандай бағдарлама? (вирусқа қарсы бағдарлама)
Дербес компьютердің қандай түрлері бар? (тасымал, қалта, планшеттік )
“Жүйріктер” тобы сұрақтары
Пікірлер мен олардың байланыстары туралы ғылым қалай аталады? (логика)
Компьютердің атасы кім?(Ч.Бэббидж)
Екілік санау жүйесі қандай сандардан тұрады? (0,1)
Санау жүйесінің қандай түрлері бар? (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық)
Алғаш бағдарлама жасаушы кім? (Ада Лавлейс)
Ақпаратты тасымалдаушы құрылғыларға нелер жатады? (флешка, диск, дискет)
Принтердің қандай түрлері бар? (матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік)
Операциялық жүйелердің түрлері? (Windows, WindowsХР)
Файл дегеніміз не? (бірқатар байттар тізбегі)
Компьютерлік вирус деген не? (өздігінен көбейетін, компьютерді бұзуға әкелетін бағдарлама )
Білікті бірді шығар, білімді мыңды жығар» демекші ІІ кезең “Жалғастыра жарысу” деп аталады. Әр топқа 5 мақал-мәтелдің бастапқы жолы айтылады, топ мақалды жағастыру керек. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
“Тапқырлар” тобына
Ақыл - тозбайтын тон, (Білім – таусылмайтын кен)
Оқу  – білім азығы,( Білім – ырыс қазығы.)
Тіліңмен жүгірме, (біліммен жүгір.)
Білегі күшті бірді жығады, (Білімі күшті мыңды жығады.)
Білегіңе сенбе,(біліміңе сен.)
“Жүйріктер” тобына
Білімдіге дүние жарық.( Білімсіздің күні кәріп.)
Қына тасқа бітеді, (Білім басқа бітеді.)
Көп жасаған білмейді, (көп көрген біледі.)
Қарғыстың ең жаманы – (Өзің білме, білгеннің тілін алма.)
Ғылым – теңіз, (білім – қайық )
Әр жүйріктің жететін мәресі бар,
Биіктерге жете алмас өресі бар.
Екеуінен сүрінбей өтіп кеттік,
Қалғандарын ойнауға қалайсыздар?
ІІІ кезең «Жұмбақ әлемі». Жаратылстану пәндері бойынша сұрақтар жасырылған ұяшықты таңдап, жауабын табу.
Математика 20:
Cол санның өзі шығады
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға
Шекесінен қараған.
Сан өсін қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған. (нөл)
Математика 30:
Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бар мұнда. (нақты сандар)
Математика 40:
Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? (дәреже)
Математика 50:
Бір әкеден «Неше балаң бар?» деп сұраған екен. Ол: «Төрт ұлым бар, әрқайсының туған әпкелері бар» деп жауап беріпті. Әкейдің неше баласы бар? (5 бала)
Физика-информатика 20:
Ақпараттық қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
Физика-информатика 30:
Өрмекшінің өрмегі,
Ұқсас келіп өзіне.
Ерекше оның өрнегі,
Байланысар әлеммен. (Интернет)
Физика-информатика 40:
Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп-кішкене күн көзін. (лампа)
Физика-информатика 50:
Ерітеді мұхит
Көтерілсе жоғары.
Сездірер суық ызғарын
Төмен түссе шамалы. (температура)
Химия-биология 20:
Өзі химиялық элемент, егер “ан” қосымшасын жалғасақ, қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді. Бұл қай элемент? (бор)
Химия-биология 30:
Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық, Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп. Көрсететін суықты, жылуды анық Қандай зат: құрал жасар соны құйып. (сынап)
Химия-биология 40:
Таң сәріден оянып,
  Таңға сәлем беремін
  Кешке дейін шаршамай,
  Күнге қарай беремін.  (күнбағыс)
Химия-биология 50:
Ұша алмайтын құс. (Пингвин)
География 20:
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)
География 30:
Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. (ауа)
География 40:
“Танго” биі әлемге,
Тарап кеткен қай елден? (Аргентина)
География 50:
Айтындаршы ал енді,
Марал, барыс бар елді. (Қазақстан)
ІV-кезең“Кім озып келер?”Топтарға ортақ 4 сұрақ қойылады. Кім бұрын жауап берсе, сол топ 20 ұпай алады.
Мектептегі сайыста Айнаш басынан санаса да, соңынан санаса да 5-орында тұрады. Сайысқа неше адам қатысқан? (9)
Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма?  (Қайыңда алма өспейді)
Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты, неше тәулік боран соқты? (4 тәулік)
Санға қатысты мақал айт. ( Елу жылда — ел жаңа, Жүз жылда – қазан.  Ел құлағы — елу.  Ерінген екі  істейді.)V кезең
“Мадақтау”сайысы Топтарға 5 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде олар берілген информатика терминдерін қолданып әділ-қазыларға немесе оқушыларға мадақтау сөзін айту керек. Ой ұшқырлығына қарай бағалау, жоғары ұпай 10.
Мысалы: Айжан, сіздің көзіңіз кристалды монитор сияқты жарқырайды.
“Тапқырлар” тобына: компьютер, принтер, флешка, колонка.
“Жүйріктер” тобына: интернет, тышқан, пернетақта, агент.
Қорытындылау, марапаттау.
«Байғанин орта мектебі»ММ
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы:
«Тапқыр информатиктер»
Өткізген: Демесінова М.Ж
Сыныбы: 7
2016-2017 оқу жылы