Білгіштер бекеті сыныптан тыс ж?мыс


Теміртау қаласының №9 мектеп-лицейі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Білгіштер бекеті

САЙЫСЫ
6 сыныптар
Орындаған: информатика пәні мұғалімі
Султанова Ы.Ж.
Теміртау -2016 ж.
«Білгіштер бекеті» сайысы
6 сыныптар арасында
Сайыстың мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімдерін жетілдіру, дамыту, тексеру.
1.Білімділік. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
2.Дамытушылық. Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3.Тәрбиелік. Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық-гигиеналық талаптарын орындату. Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы, сабақ жарыс-сайыс түрінде өтеді.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, презентация.
Жоспары :
Таныстыру(ұран айтылады).
1 кезең
2 кезең
3 кезең
4 кезең
5 кезең
6 кезең
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезең
Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу программасымен таныстыру
Әділқазылар алқасымен таныстыру
Сайысты өткізу
Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Марапаттау
Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде әр түрлі сұрақтар беріледі.
1 кезеңде 3 тақырып бойынша сұрақтар беріледі.

2 кезеңде 2 тапсырма беріледі.

3 кезеңде сөздерді құрастыру бойынша тапсырма беріледі.

4 кезеңде 2 сұрақ беріледі.

5 кезеңде бағдарламада сурет салу беріледі.

6 кезеңде логикалық тапсырма беріледі.