6 сынып?а арнал?ан Парфия патшалы?ы аттф ?ыс?а мерзімді жоспар.


6 сынып
Дүние жүзі тарихы
Күні: Тақырыбы: Парфия патшалығы.Мақсаты: Оқушыларға Парфия патшаығының құрылуы, көшпелі тайпалардың ұрпағы Арсак құрған Парфия патшалығы билеушілерінің өз шекарасын үнемі ұлғайта отырып, Римнің басқыншылық әрекетіне күйрете соққы бергендігі туралы баяндау.
Күтілетін нәтиже: Тарихи фактілер, тарихи түсініктер мен тарихи ұғымдарды талдау дағдыларын қалыптастыру.
7 модульдң кіріктірілуі: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық», АКТ, «Дарынды және талантты оқушыларды үйрету», «Жас ерекшеліктеріне сәйкес үйрету».
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Мәтінмен жұмыс, кесте толтыру, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйреті, пікірлесу
Қолданылатын ресурстар: Тақта, Оқулық, тірек- сызбалар, нұсқаулық, Шың кітабы. Бағалау парағы
Сабақ барысы: Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеттері
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу;
Психологиялық ахуалды орнату.
«Жүректен жүрекке» Оқушылар өз-өздерін ретке келтіреді, ынта-зейінін сабаққа аударады.
Білу.
Мәтінмен жұмыс Тапсырманы түсіндіреді, оқушыларға сұрақтары жазылған карточкаларды таратады. Оқулық мәтінін жетекшілікке ала отырып, Парфия патшалығының құрылуы туралы айтып беріңдер, бұл мемлекеттің негізін кімдер құраған? Оқушылар оқулықпен жұмыс атқарады; ізденеді, мәліметті сараптайды. Нақты шешімін мұғалімге жауап береді.
Түсіну.
Мәтінмен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Мұғалім тапсырманы түсіндіреді, бақылайды. Парфия қуатты мемлекетке айналу себебін төмендегі кесте бойынша түсіндріп беріңдер:
Арсак Тиридат І Митридат
Мемлекеттің негізін қалады
Патшалықтың жерін кеңейтіп, қуатты мемлекетке айналдырды. Шекараны Евфрат өзеніне дейін жеткізді. Бай аймақты өзіне қаратты
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды. Мәтінді сараптайды, ізденеді. Кестені толтырады, бір-бірімен ақылдасады. Кесте бойынша түсіндіреді.
Қолдану.
Тірек кесте құру Мұғалім оқушыларға тапсырмасы жазылған карточка береді, оқушының жұмысын бақылайды.
Парфияны басқару жүйесі

Оқушылар мәтіннен негізгі ойды бөліп алады, нақты жауапты тапқаннан кейін кестеге түсіреді.
Талдау.
Диалогтік оқыту Оқушыға тақырып бойынша тапсырма беріледі: «Жылдар сөйлейді»:
Б.з.б. 130 жылы ...
Б.з.б. 55 жылы ...
Б.з.б. 53 жылы ... Оқушы өздігінше жұмыс жасайды. Өткен тақырыптарды еске түсіреді, сыни тұрғыдан ойлайды. Берілген тапсырманы орындайды.
Жинақтау(синтез).
Диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Тапсырманы түсіндіру, бақылау.
Парфияның римдіктерді талқандауы туралы тақырыпшаны оқушыларға өздігінше оқытып, пікірлеріңді ортаға салыңдар. Ойланады, ойларын жинақтайды, пікірлерімен бөліседі.
Бағалау.
Тест Оқушыларға шағын тест тарату. Өзін-өзі бағалау, кері байланыс парағын толтыру
Рефлексия. Сауалнама:
Бүгінгі сабақта не туралы айтылды?
Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
Сенің көңіл-күйін қалай өзгерді? Оқушылар тақырып бойынша ұққандарын, сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс – тілектерін жазады.
Үй тапсырмасы. тақырыпты қайталау.