Аустралияны? жер бедері мен пайдалы ?азбалары, климаты, ?зендері мен к?лдері. (7-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. (7-сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Аустралия материгімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктеріне тоқталу.
Сабақтың әдіс, тәсілдері: тест, сұрақ –жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, кескін карта, атлас карта, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын сұрау.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Ойлан, тап» Сандар сөйлейді.
1.7,6 млн км2 – Аустралия матирегінің жалпы ауданы.
2.2570 км – Муррей өзенінің ұзындығы.
3.2228 м – Косцюшко тауының биіктігі.
4.-16 м- Эйр көлінің деңгейі.
5.2/3 –бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.
6.2300 км ұзындығы- ең ірі маржанжық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі.
2.Картамен жұмыс.
ІІ.Жаңа сабақ жоспары:
1.Ой қозғау стртегиясыА) Дүние жүзінде неше материк бар? (6)Б) Қазақстан қай материкте орналасқан? (Еуразия)В) Жер бетіндегі алғашқа материк қалай аталады? (Пангея)
2.Мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс: Негізгі мақсаты оқушылар тақырыпты оқып, ашық түрде бір – бірімен пікір алысады. Пікір кезінде мынадай сұрақтар төңірегінде өрбиді.
Аустралияның географиялық орны және жер бедерінің ерекшелігі қандай?
Аустралия мен Африканың жер бедерінен ұқсастығы бар ма ?
Аустралияда қандай пайдалы қазбалар көп шоғырланған?
Аустралияның климатына қандай факторлар әсер етеді?
Өзендері мен көлдері шоғырланған аймақтары?
ІІІ.Бекіту тапсырмасы:
1.Материкті шайып жатқан мұхиттармен теңіздерді контур картаға түсіру.Үнді, Тынық мұхиты, Арафур, Тасман, Маржан теңізі, Карпентария шығанағы, Үлкен Аустралия шығанағы.
2.Венн диаграммасын құру.Африка мен Аустралия ұқсастығы туралы тақта диаграмма құру арқылы жазу.1 Көп бөлігі солтүстік жарты шарда 1 Материк 1 Түгелімен оңтүстік жарты шарда2 Оңтүстік тропик солтүстік тропик сызығы өтеді 2 Оңтүстік жарты шардатропик сызығы 2 Оңтүстік тропик сызығы өтеді3 Экватор, бастапқы меридиан сызығы өтеді 3 Үнді мұхиты 3 Экватор, бастапқы меридиан сызығы өтпейді4 Атлант мұхиты 4 Жағалаулары нашар тілімделген 4 Тынық мұхиты
Қорынтынды.Бағалау
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу, кескін картаға географиялық орнын бейнелеу.