География п?нінен презентация. Та?ырыбы:Аустралия — географиялы? орны, Жер бедері мен пайдалы ?азбалары
Үй тапсырмасыАфрика материгі тарауына сұрақтар...
АУСТРАЛИЯ
АУСТРАЛИЯ- географиялық орны, Жер бедері мен пайдалы қазбалары.
Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн км2. Материк атауының өзі латыншадан аударғанда “оңтүстік” деген мағына береді. Өйткені, Аустралия түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр. Ауданының кіші болуына қарамастан, материк табиғатының өзіндік ерекшеліктері бар.Австралияның мүйістеріСолтстік-Йорк Шығыс-Байрон Батыс-Стип-ПойнтОңтүстікте-Саут-Ист-Пойнт
Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, оның орташа биіктігі – 215 м.
Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден - бір материк.
Аустралия – Жер шарындағы ең құрғақ материк: оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.
Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүт қоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар – эвкалипттер (биіктігі 100 м-ден асады) сақталып қалған.
Материк жағалауында ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан.
Аустралия материгінің жерін бір ғана ел - Аустралия Одағы алып жатыр.
Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі биіктігі 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлінің деңгейі (-16 м)
Географиялық орныАустралия оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғасады. Материктің жағалаулары нашар тілімденген, материктің оңтүстік-шығысында ғана бірнеше қолайлы қойнаулар кездеседі. Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр.
Мұхиттағы судың беткі температурасы жазда +28 С-қа жетсе, ал қыста +20 С-тан төмен түспейді.
Үйге тапсырма s53, АУСТРАЛИЯ- географиялық орны, Жер бедері мен пайдалы қазбалары.198-200 беттерді оқу, кескін картаға түсіру.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!