Крок ро каз языку на тему кос соз
ҚОС СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 6 “К” сыныпҚазақ тілі Өткенді қайталау І топ1. “Сөзжасам” дегеніміз не?2. Жаңа сөздер қалай жасалады?3. Жаңа сөз тудырудың қандай тәсілдері бар? ІІ топ 1. Сөз тұлғасы деген ұғымға қандай бөлшектер кіреді? 2. Түбір дегеніміз не? 3. Қосымша нешеге бөлінеді? ІІІ топ1. Сөздер құрамы жағынан қалай бөлінеді?2. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай неше түрге бөлінеді?3. Қандай сөздер біріккен сөздер деп аталады? Біріккен сөз неше түрлі болады? Өнеркәсіп Сарыжайлау Сегізаяқ Отағасы Заттыбек Қызылорда ОЙ ҚОЗҒАУ :Географиялық атау –Күнделікті тұрмысқа байланысты –Өлең атауы –Ән атауы –Қоғамдық өмірге байланысты атау- Кісі атауы – ҚЫЗЫЛОРДАОТАҒАСЫСЕГІЗАЯҚСАРЫЖАЙЛАУ ӨНЕРКӘСІПЗАТТЫБЕК Сабақтың мақсаты: Қос сөздердің жасалу жолдарымен және олардың түрлерімен танысу. Ауызекі сөйлеу кезінде қос сөздердің түрлерін дұрыс қолдана білуге үйрену. Жаттығу жұмыстарын жасау. Қазанның он тоғызы.Сынып жұмысы.Қос сөздер және олардың түрлері. Жұмбақ жасыру Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық. Қабат – қабат қаттама, Ақылың болса аттама.Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр – шиыр жолы көп. Өзі сөйлей білмейді. Салған ізі сөйлейді.Жылмаң – жылмаң етеді, Жылмаңдап сайдан өтеді. Із – міз тастап кетеді. Үлкен – үлкен түйені, Тастапты адам шөгеріп. Өркеші бұлтқа тиеді, Бауыры жатыр көгеріп. Өзі жап – жас, мұрты бар, Ет пен сүтке ұмтылар. Тастамайды жылы үйде Түкті тоны шұп – шұбар. . Күмбір – күмбір қарағым, Қартайғанша жарадың. Бір зат бар дүниеде құшағы кең, Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. Адамзат, жан – жануар арасында Мәңгілік өсіп - өніп өмір сүрген Шыр – шыр етеді, Құлағыңнан өтеді. Ұстай алсаң, Сөйлеп кетеді. ҚОС СӨЗДЕР: қабат – қабат, шиыр – шиыр, жылмаң – жылмаң, із – міз, үлкен – үлкен, жап – жас, шұп – шұбар, күмбір – күмбір, жан – жануар, өсіп - өніп, шыр – шыр. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөздер деп атаймыз. М ы с а л ы: Жан – жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі (Абай). Қос сөздер Қайталама қос сөздер Қосарлама қос сөздер Қос сөздер екі түрліболады:қайталама қос сөздерқосарлама қос сөздер Бір түбірдің екі рет қайталануынанжасалған қос сөздерқайталама қос сөздер деп аталады. М ы с а л ы:Тау – тау астық, көре – көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, үйдей- үйдей боп жатыр т.б.Көзбе – көз айтты, ауыл – ауылды аралады, өз - өзінен қысылды, жүзбе – жүз көрісті т.б.Өзді - өзіне айтты, қолды – қолымен кетті, ерні – ерніне жұқпады, айтып – айтпай не керек, орынды – орынсыз күлме, барар – бармасымды Құртқа біледі. 4. Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейді М ы с а л ы: аяқ – табақ, құрт – құмырсқа, құрбы – құрдас, әке – шеше, кәрі - жас, үлкен – кіші, ұзынды - қысқалы, қысы – жазы. бала – шаға, жүн – жұрқа, көйлек – көншек т.б. ығы – жығы, оқта - текте, некен – саяқ т.б. үгіт – насихат, оқу – ағарту, саяси – экономикалық, қоғамдық – саяси, саяси – көпшілік, оқу - әдістемелік, қазақша – орысша, мәдени – ағарту. Қос сөздердің қайталама түрі де, қосарлама түрі де әрқашан дефис арқылы жазылады. Қосымша сөйлем ішінде негізінен қос сөздің екінші сыңарына жалғанады. Мысалы: барар – бармасымды, келер – келмесімді Тәу. жалғ. І жағы (-ым) мен табыс септік жалғауы (-ды). Жаттығу жұмыстары: І топ90 – жаттығу.ІІ топ91 – жаттығу.ІІІ топ95 – жаттығу. Бекіту:Қос сөз дегеніміз не?Қос сөздер нешеге бөлінеді?Қандай сөздерді қосарлама қос сөздер дейміз?Қандай сөздерді қайталама қос сөздер дейміз?Қос сөздердің екі түрі де қалай жазылады?Қос сөздерге қосымша қалай жалғанады? Қап - қара,Тентек бала,Жүрісі жаман,Ісі шала,Киімі алба – жұлба,Бет – аузы жара – жара.Қарның ашты ма ?Түсіп қалсаң қайтесің,Аттың астына? Үйге: 93,94,95 жаттығулар, ереже оқу, жаттау.Өздік жұмысы дәптеріне: 96,97,98,99 жаттығулар. Ет – мет, шай – пай, түйе – мүйе, ат – мат т.б. Тарс – тұрс дыбыс шықты, жалт – жұлт етті, найзағай жарқ – жұрқ етті т.бҮп – үлкен, қып – қызыл т.б.