Тарих саба?ынан саба? жоспар
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Білімділік мақсаты: Оқушыларға ғұн мемлекетінің ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұн тайпаларының бірлестігі туралы мағлұмат беру, ғұндар туралы 5 - сыныпта өткендерін, білетіндерін толықтыру
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге деген ынталарын арттыру, ой - өрістерін кеңейту, есте сақтау, ойлау, шапшаңдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілік мақсаты: білімділікке, достыққа, татулыққа, Отанын, елін, жеріне деген сүйіспеншілікке, туған елінің тарихын білуге, азаматтық - патриоттық тәрбие беру Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер, құрал - жабдықтар: слайд, плакаттар, карточкалар, компьютер, карта, шарларПәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, математика
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ( Сәлемдесу, түгендеу)ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Дұрыс па, бұрыс па? ойыны ( слайдта гүлдердің астында жасырылған сұрақтар беріледі. Оқушылар дұрыс болса, дұрыс екенін, бұрыс болса дұрыс жауабын айтып жауап береді) Қойылатын сұрақтар:1. Қаңлылар б. з. б. 3 - 2 ғасырлар - б. з. 5 - ғасыры аралығында өмір сүрді (дұрыс)2. «Вэсаканың ер жүрек ұлдары Канха қамалының алдында құрбандық берді деп жазған қытай тарихшысы Сыма Цянь( бұрыс. Ежелгі Ираннның б. з. б. 6 ғ жазылған «Авеста» қасиетті кітабы)3. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысы туралы қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «Тарих жазбаларында», қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерде жазылған (дұрыс)4. Тарихшы ғалымдар қаңлы ескерткіштерін зерттей келе 4 - ке бөлді: Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар, Көк - Мардан ( бұрыс, 3 - ке Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар)5. Қаңлылардың негізгі қонысы Әмудария өзенінің орта ағысы, қазіргі Бішкек жерінен Қаратау жеріне дейінгі аралықты алып жатыр ( бұрыс, Сырдария өзенінің орта, төменгі ағысы, қазіргі Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы, Қаратау бөктерінен Талас өзеніне дейінгі аралықты алып жатыр)6. Қаңлы елінің билеушісі - хан, Астанасы - Битянь қаласы (дұрыс)7. Алтын - асар, Көк - мардан, Пұшық - мардан деген қалалары болды? ( дұрыс)ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:Сабақтың мақсатымен жоспары мен таныстырып өту Жоспары:1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі2. Мемлекеттік құрылымы3. Ғұн тайпасының бірлестігіБ. з. б. 1 мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігінде Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияны көптеген тайпалар мекендеген. Солардың бірі ғұн тайпасы. Қытай деректерінде ғұндар туралы б. з. б. 3 ғасырдың аяғынан бастап айтылады. Ғұн сөзі сунну, гун руң, хун ю т. б. атаулармен берілген.Ғұндар кезеңі: б. з. б 4 ғасыр б. з 3 ғасыры аралығын қамтидыОрналасқан жерлері, территорияларын картадан көрсетуҒұн мемлекетінің әскери жүйесіМемлекеттің ең жоғарғы басшысы – шаньюй деп аталды. Одан кейінгі орында түменбасылар шаньюйдің жақын - туыстары тұрды. Ғұндар 24 рудан тұрған. 24 түменбасы, олардың әрбіреуінде 10 000 атты әскері болған.Ғұндардың қанша әскерлері болғанын есептеп шығарыңдар:Жылына 3 рет ақсақалдар кеңесі болып тұрды. Б. з. б. 3 ғасырда Цинь патшалығы солтүстіктегі көршілерінен қорғану мақсатында Ұлы Қытай қорғанын салды. Сендер Ежелгі дүние тарихынан бұл туралы Ежелгі Қытайды өткенде оқыдыңдар - Қорғанның биіктігі қанша, ұзындығы қанша?- Қорғанның үстінен қанша адам, немен жүре алады дедік?- Жаудан қорғану үшін 60 - 100 метр сайын нелер орналастырылды?Ғұн тайпасының бір мемлекетке бірігіп, күшейген кезі б. з. б. 2 - ғасырмен 1 ғасыр аралығында Мөденің билік тұсында болды. Оның жасаған әскери реформалары арқасында Ғұн мемлекеті қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю - банды да жеңіп Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзені орта ағысына дейінгі аралықты иемденді. үйсін, қаңлы, алан. т. б. тайпаларды басқардыб. з. б. 1 - ғасырдың ортасында, яғни б. з. б 55 жылыҒұндар қаңлылармен бейбіт келісімде болды, бірақ тұрақтап тұрмай б. з. б 2 ғасырдан бастап б. з. 4 - ғасыры аралығында Батыс Европаға дейін қоныс аудара бастады.
Бекіту кезеңі: Бас қатырғыш сұрақтар:1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылған. Оларды қалай атады?2. Ғұн мемлекетінің өмір сүрген кезеңі3. Картадан ғұндардың мекендеген жерлерін көрсет.4. Мемлекеттің құрылымы5. Ғұн мемлекеті қай уақытта, нешеге бөлінді?6. Қай ханның тұсында мемлекет жерін кеңейтті, қай тайпалармен соғысты, басып алды?Сабақты өзіндік бағалау:Ү. Сабақты қорытындылау, бағалауҮйге тапсырма: §20 оқу, ғұндардың қыш ыдыстарының суретін салып келу, өзіндік бағалауды аяқтау