Сборник упражнении по казахскому языку для подготовки к ВОУД


Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды , жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады.
Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді.
Фонетикалық жаттығулардың міндеті - балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тілінің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар, 2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі - түбір, жұрнақ, жалғау
- бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп,сөздің жалпы мағынасын тудырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айырабілудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздержасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талартар қойылады: 1) алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туында түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады; 2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі; 3) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.
Жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, олардың жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орында қолдана алады.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар: 1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қосып, өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру; 3) сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі-қызметін байқату; 4) сөздердің лексикалық жағынан болсын, грамматикалық жағынан болсын, қалай өзгеретінін, не арқылы өзгеретінін аңғарту; 5) мағына және тұлға жағынан қандай ұқсастық, айырмашылық барын салыстыру арқылы анықтау; 6) ұқсас сөздерді топтату; 7) байқаған құбылыстары жөнінде жеке - жеке корытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды.
Синтаксистік жатгығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып түсіндіру.
Қорыта келгенде, оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:
 Белгілі  бір  жаттығу  орындау  үшін  оқушылардың  сол  жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.
 Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана, оны саналы орындайды.
Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір білік, дағды қалыптасады.
 Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс.Олүшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарында жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын,белсенділігін нашарлатады.
 Жаттығулар   кездейсоқ   болмай,   белгілі   бір   жүйемен   орындалып отырылуы шарт.
 Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы мүмкін.
 Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауы тиіс.
9.Творчестволық жаттығулар көбірек болуы қажет.
10.Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
Фонетика тарауына арналған жаттығулар

1-жаттығу .Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып жаз.
Ы-і
Б...л...м,ау...р,қ...с,өш...рг...ш,күндел...к, қаб...рға,с...ңл..., ор...нд...қ.
Ұ-ү
...лттық,б...зау,...міт,қ...лып,к...ріш,...найды,...йқы,к...шік,б...рын,...рпақ.
2-жаттығу Ашық дауысты дыбыстарды табыңыз.
а) Е,И Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай ашық , қысаң болып бөлінеді
в) Ы, І
с) А, Ә Ашық дауыстылар: (6) А,ә, о, ө, е, э
д) Ү, О
е) Ұ, У
3-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жазыңдар.
Әрк..мге,..қымбат,ар...тық,туып-...скен жер,...ғым, балалы.. шақ, б...л...нбейт...н,...ғымдар.
4-жаттығу Дыбыстар үндестігін сақтай отырып, сөздерге әртүрлі жалғау, жұрнақтаржалғап көріңіз. Үлгі: бас+тық+тар+ға
Бас+ .......................... От +........................................
Сен+ .......................... Отбасы+ ................................
Үлкен+ ......................... Сөз+........................................
Біз+ .......................... Жиналыс+...............................
Күз+ .......................... Сынып+..................................
Мұғалім+..................... Оқушы+....................................
Көктем+....................... Пәтер+......................................
Бала+............................ Мереке+...................................
Кітап+........................... Үй+..........................................
5-жаттығу Сөздерді орфоэпия заңдылығы бойынша айтыңыз. Үлгі: Жұмыс- Жұмұс
Жұмыс, көбелек, құқық, көбік, күрек, күшік, тасжол, Қыз Жібек, күзгі,
үтік,үтір, мүйіз.
6-жаттығу Үндестік заңына жатпайтын сөздерді жазыңыз.
————————————————————————————————
————————————————————————————————
7-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңдар
Күр...к,Ақт...бе,өск...ле...,күнд...з,ұз...н,үск...р...к,жұлд...з,түй...нш...к,күңг...рт,бүтт...ндей,құм...рсқа,қ...лақ,алаб...ға,б...лб...л,м...хит,ала...ай, та...ертең,к...тер...л...п.
8-жаттығу Төмендегі мәтіннен қатаң,ұяң,үнді дыбыстарды теріп жазыңдар
Алғашқы күні Әлия окопта жатып,жаудың алдын байқады,тіпті бір ойпатта олардыңкөшпелі асханасы тұрғанын көрді. Себебі түс кезінде сол ойпатқа бір-бірлеп термоспен,котелокпен келушілер көбейе бастады. Сол жерді снарядпен соққылау керек деп,артта тұрған батареяға хабар берді.Көп ұзамай біздің зеңбірек жау асханасын тас-талқан қылды.
Бұл күні Әлия айналаның бәрін есіне сақтап,шартты белгілермен кейбіреуін картаға түсіріп алды,көрінген жау болса да,атпады. «Бұл жолы бара тұр,ертең,бүрсігүні кездесіп қалармыз»,-деді.
9 жаттығу Мәтінді буынға бөліп жазыңдар,буын түрлерін анықтаңдар
Түрік тұқымдас Қыпшақтар Оңтүстік-Шығыс Еуропаға осы күнгі Қазақстан жерінің солтүстік-батыс өңірінен кеген-ді.Оныншы ғасырда Еділ бойына жеткен.Он бірінші ғасырдың орта шенінде Днепр өзеніне барып тоқтаған.Ғасырлар бойы әдеттенген тәсілдері бойынша шабатын жауына жоқ жерден тиіп,заматта ғайып болып,үнемі ат үстінен түспей үйренген көшпелі елдің жігіттері шынында соғысқа әбден үйренген,ұзақ жорықтарға шығып жүрген нағыз жау жүрек жауынгерлер еді.Жасынан садақ атып,арқан тастап баулынған қыпшақ тайпалары ұшып бара жатқан құсты көздемей атып түсіретін шетінен мерген болатын.
10-жаттығу Көшіріп жазыңдар, сөздер мен сөз тіркестеріндегі үндескен дыбыстардың астын сызып,ықпал түрін ажыратыңдар
Ұшқышсың,көшке,торы қасқа ат,жаңа дала,бүгін,құндыз,күлдіргі,күңгірт,бұрын,бөлшек,төртеу,жай қалмау,Жүніспек,бір күнгі,Маржанкүл,басшы,Күмісжан,қағазсыз,қағазша,көк ала,қара ала, бара кел, бара алсаң, жұлдызша.
11- жаттығу
Қарамен жазылған сөздерден ілгерінді ықпал заңын көрсетіңдер.
Қыз ұшса-қияға,ұл ұшса-ұяға. Жүнісбек жазғы таңғы ұйқыдан әрі тез,әрі сергек оянады. Бүгін орталық клубта үлкен концерт бол ады. Жастардың өмірге деген көзқарасы күннен-күнге кеңейе түсуде.
12 –жаттығу
Берілген сөйлемдерге фонетикалық трансскрипция жасаңыз. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал ету ерекшеліктерін түсіндіріңіздер.
Ащы мен түщыны татқан білер,Жақын мен алысты жортқан білер.Менің адаспауым бақсылық емес.Осыны ұққан сайын,барлық кәрілерді жанындай жақсы көре бастады.Анда-санда күле қарап, жалт етіп қарағанда,әлдеқандай көп шұғылалы,мол сәуле төккендей болдды. Сопақша біткен сұлу жүзінде жұқалақ,әсем қызылы бар.Үлкен қара үйдің іші ертедегі байлықтың қазіргі күндегі жұтаң кедейліктің жайын айтып тұр.Жалғыз көз шүңет емес,томпақша. Тесіле,сыздана қарайды.Кірпігін де сирек қағады.
13-жаттығу
Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп, тасымал жасаңыз. Тасымалданбайтын сөздердің неге тасымалданбайтынын түсіндіріңіз.
Жиын,Алматы,Астана,уыз,бек,сап,іш май, бес кг,лаж жоқ,ТМД,БҰҰ,электр шамы,үлкен үй, куә бол,күлу,күнде,бүгін,М.Ю.Лермонтов,Александр Бек,суық су,жалт-жұлт,қант,бұлт,орамал,он га,ҚХР,қиын,думан той, жиналыс,уыт,улану,уыттысөз,күйлі мал,әдемі қыз,гүл,нұр,сұр,ертіс,экспедиция,кел,жол,екі-үш жыл,жылы кеш, көшіп келді.
14-жаттығу
Төмендегі шарттарды орында
а)Жуан және жіңішке быунды сөздерді тап
ә) Қатаң,ұяң, үнді дыбыстарға біткен түбір сөздерді тап
б)Ашық, бітеу, тұйық буынды сөздерді ажырат
Кеше нөсерлеп жаңбыр жауды.Жаңбырдан кейін кемпірқосақты көрдім.Кемпірқосақ алуан түсті екенін байқадым.Аспаннан күн сәулесі түскенде,сен оны аппақ жарық ретінде көресің.Кемпірқосақтың жеті жолағы бар. Кемпірқосақ жолақтары қызыл,қызғылт, сары,жасыл,көк,көгілдір,күлгін түсті болады.
15-жаттығу
Қосымшасы қатаң,үяң,үнді дыбыстардан басталған сөздерді іріктеп жаз.
Үйде,дастарқанға,кәмпиттер,сандыққа,суретшілердің,апамның,кісілерге,оқушылар,балықшылар,кітапханада,бірлік,жастық,тәрбиеші,көңілсіз,жақын.
,
Лексика тарауына арналған жаттығулар
1-жаттығу Синонимдік қатарды жалғастырыңыз.
1. Сұлу, ажарлы,.................................................................................................... қыз.
2. Батыр, ержүрек,...............................................................................................жігіт.
3. Сабырлы, салмақты,............................................................................................дос.
2-жаттығу Мақал - мәтелдерді аударыңыз. Антонимдерді теріп жазыңыз.
Көп сөз – күміс, аз сөз - алтын. Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша, адал сөйлеп,
жұртқа жақ. Шын - бір сөз, өтірік – мың сөз. Жаман сөз – жанға кірген тікен,
жақсы сөз – таптырмайтын ем. Ашу түбі – кейіс, ақыл түбі – кеніш. Ақылы
аздың – ашуы көп.
3-жаттығу Синоним сөздерді тап. «Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр» 4-жаттығу Омоним сөздерін тап «Біздің қарамызды көрген соң, олар қолын бұлғап шақырды» 
5-жаттығу Антоним сөздерді тап «Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады» . 
6-жаттығу Мақал – мәлелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз. «Байлықтың атасы-еңбек, анасы – жер», « Өнерлінің өрісі кең», «Аузы күйген үріп ішер». «Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады» 
7-жаттығу Асты сызылған сөздердің омонимін табыңыз. « Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» (Абай). Арық атқа қамшы ауыр тиеді. 
8-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті антоним сөздерін тауып қойыңыз.Түймедей затқа өкпелесең, ..........көретініңіз қалмаған, мырза.Қорлық .......... ерлік өлім артық.Ақымақ бұзуға бар, ....жоқ. 
9-жаттығу Синоним сөздерді тап:1. Қой аузынан шөп алмайды - момын 2. Жүрек жалғау- 3. Төбе шашы тік тұру- 4. Қас пен көздің арасында- 5. Бетінен оты шықты- 6. Қырғи қабақ болу- 7. Бармағын тістеу- 8. Аузына құм құйылу- 9. Ит өлген жер- 10. Тайға таңба басқандай- 11. Ат ізін салмау- 12. Пейілі тар-
10-жаттығу Антонимдерді теріп жазыңыз.
Қап-қара түнді көрдім де,
Жап-жарық таңға кездестім.
Қарасыз, сірә мен мүлде,
Аппақтың нарқын сезбеспін. (М. Мақатаев)
***
Жібек мінез, жігері мол қарындас,
Жүрегінде у менен бал аралас.
***
Бұл жалған ойын емес, бейнет жері,
Қылғанға адал еңбек зейнет жері. (М. Жұмабаев)
11-жаттығу Өлеңнен синоним сөздерді тауып, тағы қандай синонимдер бар екенін анықтаңдар.
Жас қайыңда жапырақ
Күзде тоңса қалтырап,
Десең қуат, әл алсын,
Жылуын бер жаныңның,
Өйткені, сен адамсың.
12-жаттығу Өлеңдегі көнерген сөзді тауып, анықтау.
Күміс шашып ойнайды күн кірпігі,
Ақшоқының қызу еңбек күн-түні.
Бұлақтардың жорға жүріс бүлкілі,
Абай айтқан масатыдай қыр түгі.
Абайдың қырда көне тұр қыстауы,
Ішінен байқалады тұрмыс-халі.
Көтеріп Хан тағын көк сағымменен
Алыста еңкейеді Шыңғыс тауы.
13-жаттығу Өлеңдегі эвфемизмді табу.
Енесіне түскен ажал құрығы,
Жетім лақтың жетті аяныш шырылы.
Жай оғынан жан анасы мерт болған
Кісінейді қулық бие құлыны.
14-жаттығу
Өлеңнен дисфемизмді табу.
Теңізде ойнап көрмесең,
Теңізді сырттан жырлама.
Өлеңге от боп енбесең,
Өзгенің отын ұрлама!
15-жаттығу Термин сөзді тауып қай салада қолданылатынын анықтаңыз.
Әбділданы сыйладым жалыны үшін,
Көрдім одан жанар тау жарылысын.
Көрдім жанын жалаңаш жанып тұрған
Поэзия бақыты, жарығы үшін.
Өкен жандар бейіттері
Теңіз жүзіп бойлайды.
Ескі роман кейіпкері
Су бетінде ойнайды.
16-жаттығу Өлеңнен антонимдерді табу
Тыңдадың дала күйін жаның ұйып,
Алдың сен көкірегіңе бәрін құйып.
Болдың сен өз халқыңдай қарапайым,
Тұлғасы әрі аласа, әрі биік.
Сенсің жалғыз күндіз-түні тілегенім,
Мың тіріліп, сен десе мың өлемін.
Айқайласам жетпейді даусым менің,
Ойлай-ойлай ормандай түнремін.
   
17-жаттығу Семантикалық карта 
Сөз атауы Көнерген сөз Жаңа сөз Термин сөз Диалект сөз Омоним Синоним Антоним Сөздің көп мағ. Кірме
 сөз 
Облыс  әкімшілік  жүз  қадір, қасиет  тарих  шапқын- шылық  Сұлтан  алыс, жақын  жас  майталманы,шебері  Кесене  хандық  Жарғы  ағайын, туыс  би  империя  18- жаттығу Синоним сөздерді тап.«Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр» 19- жаттығуОмоним сөздерін тап. «Біздің қарамызды көрген соң, олар қолын бұлғап шақырды» 20 –жаттығуАнтоним сөздерді тап. «Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады» 
21- жаттығу Мақал – мәлелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз. Байлықтың атасы-еңбек, анасы – жер.Өнерлінің өрісі кең. Аузы күйген үріп ішер. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады. 
22-жаттығуАсты сызылған сөздердің омонимін табыңыз.
Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас (Абай). Арық атқа қамшы ауыр тиеді. 
23-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті антоним сөздерін тауып қойыңыз.
Түймедей затқа өкпелесең, ..........көретініңіз қалмаған.
Ақымақ бұзуға бар, ....жоқ. 
24-жаттығу Синоним сөздерді тап.
1. Қой аузынан шөп алмайды - момын 2. Жүрек жалғау- 3. Төбе шашы тік тұру- 4. Қас пен көздің арасында- 5. Бармағын тістеу- 6. Аузына құм құйылу- 7. Ит өлген жер- 8. Тайға таңба басқандай- 
Морфология тарауына арналған жаттығулар
1-жаттығу Тиісті баяндауышты қойып жаз.
1.Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін баяндауышты қойып жаз.
Мен сізбен әлі . . . . . . /сөйлесемін/.
Өзен суы айнадай мөлдір боп . . . /ағады/.
2. Заттық мағынадағы баяндауыш.
Білім берген, нәр берген - . . . /мектебім/.
3. Көсемше тұлғалы баяндауыш.
Әбдірахманның қаладан келгенін естіп, үй-іші . . . . /қуанып
отыр екен/.
4. Сын есімнен жасалған баяндауыш.
Шіркін, туған жерімнің табиғаты . . . / сұлу , көркем/.
5. Сан есімнен жасалған баяндауыш.
Ұлпан биыл . . . /жетіде/.
6. Есімше тұлғалы баяндауыш.
Жұрттың айдаған малы былтырғыдан гөрі . . . /көбейген,
азайған/.
7. Есімдіктен жасалған баяндауыш.
Барым да, нарым да бір . . . /өзің/.
8. Тұйық етістігінен жасалған баяндауыш.
Менің арманым - қалай да осы мақсатыма . . . /жету/.
2-жаттығу Септік жалғауын жалғаңдар.
Мен кинотеатр...отырмын. Сен кітапхана... бара жатырсың. Сіз емхана... келесіз бе? Ол кітап... алды ма ? Біз дүкен... нан әкеле жатырмыз. Сіз Арман... қарындасысыз ба? Сіздер Әлия... келіңдер. Олар Орбита ықшамауданы... бара жатыр.
3-жаттығу Берілген есімдіктерді топтарға бөліңдер.
1 2 3 4 5 6 7
Жіктеу есімдік Өздік
есімдік Сілтеу
есімдік Сұрау
есімдік Жалпылау
Есімдік Болымсыздық
есімдік Белгісіздік
есімдік
Сен, оған, өзім, ешкім, неге, осы, бәрі, бұлар, қанша, бұл, анау, кімдер, әр, әрқашан, маған, барлық, бізді, олар
4-жаттығу Сөздерді екі бағанға жіктеп жазыңыз.
Бала, ана, адам, кітап, мысық, мәтін, күн, кісі, кәсіпкер,ағай, азамат,
тапсырыс, бөле, мырза, қызметкер, терезе, жылқы, құдағи, жолаушы,
құжаттар, маман, күртеше, әріптес, бор, білім, абонент, демалушы, алма,
тақта, көйлек, жол, Алматы, құрылысшы, жаттығу, есепші, дәрігер, сатушы,
балықшы,
Кім?
Не?
Адам Мысық
5-жаттығу Сөздермен сөйлемдер құраңыз.
1. Қызметкер ..............................................................................................................
2. Жолаушы ..................................................................................................................
3. Маман .......................................................................................................................
4. Жаттығу .......................................................................................................................
5. Жылқы .....................................................................................................................
6-жаттығу Сөйлемдерді( ма ,ме, ба, бе, па, пе) шылауы арқылы сұраулы сөйлемдерге айналдырып жазыңыз.
Бұл кісі Мараттың әкесі. Анау жатқан кітап менікі. Мамандығы – тарихшы.
Жазда Алматыға бармайсың. Ол менің қызым. Ол кісі оқиды, жұмыс істейді.
Бұл жақсы жұмыс. Біз ертең келеміз. Бұл ең танымал университет.
7–жаттығуСұраулы сөйлемдерге айналдырып, аударыңыз.
Это наш дом. Моя ручка. Это - Асет. Университет имени Абая. Это
настоящее счастье. Это твоя книга. Мой сын. Твоя ручка. Наша улица.
День рождение. Ваша квартира. Директор завода. Наша Республика. Ваш
город. Страница книги.
8-жаттығу Сөйлемдерді ма (ме, ба, бе, па, пе) сұраулық шылауымен аяқтаңыз, сөйлем құрап үйреніңіз.
Үлгі: Менің отбасым бар, ал сіздің отбасыңыз барма?
1. Менің отбасым бар, ал ...
2. Менің ата-анам ауылда тұрады, ...
3. Менің әжем бар,...
4.Оның атасы жоқ,...
5.Мен мектепте оқимын,...
6.Олардың інілері студенттер,...
7.Оның нағашылары Өскеменде тұрады, ..
9-жаттығу Сөйлемдерді қалпына келтіріңіз.
1. аты, менің атым, Әлімжан, әкемнің, Кәмил
2. оқимын, мен, ұлттық атындағы, әл-фараби, университетте.
3. мектепте, ол, қаласындағы, №12, пәнінің, Астана, дене шынықтыру,
мұғалімі.
4. ауылда, зейнеткерлер, әке мен шешем, істейді, ағаларым, жұмыс.
5. анасы, кісі, Жұлдыздың, бұл.
6. шағын, емес, отбасым, үлкен, менің
10-жаттығу Сөздердің антонимдерін табыңыз:
1. Жақсы ...
2. Ұзын ...
3. Аққұба ...
4.Жалқау ...
5.Ақылды ...
11-жаттығу Жақша ішіндегі сөздерді аударыңыз.
Менің әріптесім (прекрасный) адам. Оның әйелі (умная, добрая, красивая).
Әлия (высокая,стройная, симпатичная) қыз. Ал, әкем керісінше (строгий,
серезный) кісі.
12-жаттығу Сөйлемдерді толықтырыңыз:
Әріптесімнің аты- ........ Ол ......... жаста. Оның ...... бар. Ол ..... көшесінде
тұрады. Мінезі ........................ Оның көзі ......., шашы........, бойы......... Ол
.................... адам.
13-жаттығу Сөздерді жекеше, көпше түрінде үш жақта тәуелдеңіз.
әке, іні, апа, қарындас.
14-жаттығуБағандандардағы сөздерді сәйкестендіріңіз, орыс тіліне аударыңыз.
1. Менің аталары
2. Сенің анамыз
3. Сіздің қарындастарың
4. Оның інілеріңіз
5. Біздің ата-анаңыз
6. Сендердің отбасым
7. Сіздердің пәтерің
8. Олардың баласы
15-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз, тәуелдік жалғауымен тұрған сөздерді көшіріп жазыңыз.
Менің аты-жөнім... . Жасым... . Ұлтым... . ... қаласында тұрамын. ... інілерім,
ағаларым, қарындастарым бар. Мен оларды жақсы көремін, сыйлаймын.
16-жаттығуТөмендегі сөздерге ІІІ жақта тәуелдік жалғауларын жалғап шығыңыз.
Ата-ана. Ата -әже. Әке.Ана.Бала. Күйеу бала. Қыз. Ұл. Тұңғыш. Ортаншы.
Кенже.Ата. Апа. Келін .Жеңге. Жезде. Немере.Сіңлі. Қарындас. Іні. Аға.
Жиен. Бөле. Нағашы.Ағайын. Бауыр.
17-жаттығу Тәуелдік жалғауларын жалғаңыз
Бала...Апа...
Ата-ана... Ата...
Менің Ата... Біздің Сіңлі...
Сенің Әже... Сендердің Жұбай...
Сіздің Бауыр... Сіздердің Нағашы...
Оның Қарындас... Олардың Дос...
Әйел... Көрші...
Іні... Отбасы...
18-жаттығу Тиісті сөздерді қойыңыз.
... балам. Менің ...әжең
... қыздары Сенің ...сіңлісі
... ұлдарың Сіздің ...ағаңыз
... отбасымыз Оның ...бауырларыңыз
Біздің
Сендердің
Сіздердің
Оладың
19 –жаттығу Тиісті жалғауларды жалғаңыз.
Мен мұғалім... , сен дәрігер..., сіз озат студент..., ол жақсы әріптес..., біз
еңбекқор құрылысшылар..., сендер тәжірибелі спортшы..., сіздер білікті
маман..., олар атақты ғалымдар... .
20-жаттығуСөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Ертерек кетпекші, бармақ емессің, қолөнер үйренбек, мал шашпақ, айтып
қоймақ, өнер шашпақ.
21 –жаттығу Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап, әрқайсысымен сөйлем құраңыз.
Үлгі: Аш-ашпақ. Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ. (Абай)
Шаш, үйрен, қой, сөйле.
22-жаттығу Етістіктерді салыстырыңыз, шақтарын анықтаңыз.
Ол университетте оқиды. Ол болашақта осы университетте оқиды.
Жұмыскерлер бастыққа барады. Күте тұрса, бастық та келеді.
Ол Алматыға барады. Ол есейгенде Алматыға барады.
23-жаттығу Сөйлемдерден етістіктерді тауып, шақтарын анықтаңыз.
Мен ылғи ерте тұрамын. Әсет кітап оқиды. Жұмыскерлер келе жатыр. Олар
сөйлесіп тұр. Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа. Жаманмен дос
болсаң қаларсың ұятқа. Жас-қартаймақ, жоқ-тумақ, туған-өлмек. Батыр жігіт
қол бастар.
24-жаттығу Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз, аударыңыз.
1.Еңбек етсең- ........ .
2.Күшіңе сенбе, .................... .
3. Еңбектің наны тәтті, ................. .
4. Еңбек етсең ерінбей,................... .
5. Орақшының жаманы, ..................... .
6. Етікшіні балға мен біз асырайды, егіншіні ................... .
7.Бір кісі қазған құдықтан, ....................................... .
25-жаттығуСөздерді жіктеңіз.
Жіктеу ес-рі Жіктік жалғаулары жекеше және көпше түрде
Мен Оқушы+... Суретші+... Мұғалім+... Студент+.. Дәрігер +... Аспаз+...
Сен
Сіз
Ол
Біз
Сендер
Сіздер
Олар
26-жаттығу Етістіктерді болжалды келер шақ формасында жазыңыз.
Жіктеу есімдіктері Бару Келу Сөйлеу Қарау
Мен
Барармын
Қарармын
Сен
Сіз
Ол
Сөйлер
Біз
Сендер
Сіздер
Олар Келер
27 –жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз
... 100 жыл бар,...12 ай бар, ...4 апта бар, ...7 күн бар, ...24 сағат бар, ...60
минут бар, ...60 секунд.
28-жаттығу Әр жыл мезгіліне қатысты айтылатын сөз тіркестерінің қатарын
жалғастырыңыз.
1. Аязды күн, .........................................................................
2. Жылы жел, ..........................................................................
3. Ыстық күн, .......................................................................
4. Жапырақтар түседі, .............................................
29-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қыс айлары ... ?
2. Қыста күн ... болады?
3. Қыста ... жауады?
4. Көктемде ... ұшып келеді?
5. Күзде ... піседі?
6. Күзде жапырақтар ... болады?
7. Күзде базарда, дүкенде ... көп болады?
8. Балалар ... шомылады?
9. Жазда ... гүлдер өседі?
30-жаттығу Сұраулы сөйлемге айналдырыңыз. Үлгі. Күн ыстық – күн ыстық па?
Күн ыстық, жылы көктем, күз салқын, аспан ашық, қаңтар аяз, күн суық,
биыл жылы, түрлі көбелек, қазір жаз.
31-жаттығу Әр сөзбен сөйлем құраңыз. Үлгі: Былтыр қыс суық болды.
суық салқын
жылы Қыс ыстық
желді Көктем болды
келесі Жаз жаңа
ашық Күзбиыл
бүгін Күнкеше
түн Жылбылтыр
Ай
32-жаттығу Даталардың екінші нұсқасын жазыңыз.
1.Бесінші тамыз Тамыздың бесі
2. Жиырмасыншы қаңтар
3. Он тоғызыншы мамыр
4. Төртінші ақпан
5. Отызыншы шілде
6. Екінші желтоқсан
7. Он екінші сәуір
33-жаттығу. Күрделі сан есімдерді оқыңыз.
1956, 1234, 982, 3597, 799, 4702, 642, 1008, 9531, 7894.
34-жаттығуКөп нүктенің орнына берілген сөздерді қойыңыз:
тағамдар, тәбетіңді,ет, турайды, қонақтар,дастарханға.
Кешке біздің үйге ... келеді. Анамның дайындаған тамақтары ... ашады.
Сыйлы қонақтарға әрине ... асылады. Піскен соң етті ... қояды
35-жаттығу Жақшаның ішіндегі сөздердің дұрыс нұсқасын жазыңыз
Мен асханадан (алманың, қуырдақтың, алманың) шырынын іштім. Бұл
асхананының (тағамдарының, асыдың, судың) дәмі ерекше жақсы. (кофе,
шайдың, сорпаның) түсі қызыл. Ана отырған (Әсетнің, Әсеттердің, Әсеттің)
жолдасы ма? (тамақдың, асның, тамақтың) қандай түрлерін ұнатасыз?
36-жаттығу Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. Ілік септігі бар сөйлемдерді теріп
жазыңыз.
Вкус этого супа. Фрукты нашего сада. Запах свежего лука. Домашняя еда.
Вкусные булочки. Вчерашний хлеб. Восточные блюда. Национальные
блюда.
37-жаттығу Ілік септігінің жалғауларын қойыңыз
Асхана... тағамдары, сорпа... дәмі, ас... тұзы, палау... сәбізі, ет... сорпасы,
шай... түсі, мәнті... түрлері, үй... дастарханы, тағам... мерзімі
38-жаттығу Қазақ тіліне аударыңыз. Сын есімдерден салыстырмалы шырай түрін жасаңыз.
Большой, вкусный, интересный, дорогой, дешевый, теплый,
жаркий,добрый, зеленый, красный, сочный, жидкий, твердый, мягкий,
соленный,кислый, сладкий.
им родственникам.
Синтаксис тарауына арналған жаттығулар
1-жаттығу .Көп нүктенің орнына жақшада берілген сөзді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру керек.
1.Мақтаны көтерген нәзік қыз алаңқайлау аралықпен зыр (жүгіру, келу)..., жаңа терген мақтасын атып ұрды.
2.Бетіндегі шып-шып теріне мақтаның ұсақ ұлпалары (жабысу)..., беті де мақта сияқты болып кетіпті.
3.Түнде мылтық (атылу)..., дауысы қатты естілді.
4. Кеше кешке уақытым (болмау)..., сүйікті телехикаямды көре алмадым.
2-жаттығу .Көп нүктенің орнына салалас құрмалас сөйлем болатындай
етіп толықтыр.
1.Бұрын мұрны шолақтау (болу)..., биыл біраз ұзарып қалыпты.
2.Онда талай жастар білім (алу)..., еліміздің әр жерінде еңбекке араласуда.
3. Қыз кітапты партаға (қою)..., оны оқуға кірісті.
4. Болат қарындасына сыйлық (әперу, келу)..., бірақ ақшасы жетпеді.
«Аралас» тобының тапсырмасы.
1.Абай үйге (кіру).., Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді.
2.Күн (шығу)..., ел тұра (бастау)..., - Нұрлан әлі жоқ.
3.Амантай Серғазыларға (ақылдасу еді)..., Жамантайдың науқасының түрі жаман (болу)... , олар ырық бере қоймады.
4.Білмегенін (білу деп)..., оқушылар ынтығар.
3-жаттығу
Мәтінді оқып шығып, сөз тіркестерін тауып, оларды байланысу түрлеріне қарай талдаңдар.
«Менің ауылым - «Ақбота» колхозы темір жолдан тоғыз шақырымдай жерде болатын. Ауылдың өкпе тұсында «Оныншы» деп аталатын разъезд бар-ды. Ауыл поселкеге айналып, поселке қала болып үлкейіп жатады. Бұл дүниеде өспейтін разъездер екен ғой. «Оныншы» біздің бала күнімізде разъезд еді. Жігіт болып, соғыстан келгенімде де сол разъезд қалпында алдымнан шықты. Бірақ ол маған шетелдің сәнді қалаларынан әлдеқайда қымбат, әлдеқайда артық еді.
4-жаттығу
Төмендегі нақыл сөздердің мағынасын түсіндір. Мазмұнын қара сөзбен жаз. Бұйрықты сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
1. Ақ көңіл мен адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс, әдемі болса-жиіркенішті.
2. Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу әйелге ұлы адамға жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық-қырсықпен тең.
3. Өзің жақсы болсаң- айналаңда досың көп; жаман болсаң- жалғыз жүресің; орташа болсаң-сен де бір жақсының жанын жағалайсың.
4. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса- іздеген досың алыстан өзі келеді
5-жаттығу
Мәтінді оқыңдар. Мәтіннің мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер.
Тапсырма. Мәтіндегі толықтауыштарды тауып, құрамына, тұлғасына, сөз табына қарай талдаңдар.
Өз басынан кешкен оқиғаларды да мүдірмей, жақсы әңгімелейді. 2. Он үшінші номерлі штурмовикпен Талғат тапсырма орындай бастады. 3. Оған қарай совет самолетінен оқ атылмады. 4. Авиацияда қалыптасқан бұл қағиданы Талғат бірінші боп бұзды. 5. Ол штурмовикпен истребительге шабуыл жасады. 6. Бірақ мұны Талғат ешкімге айтып жатпады. 7. Кешікпей оған мені шақырды. 8. Корпус командирі менімен амандасқан соң, «отыр» деді. 9. –Бұл дивизияның атақты мергені Төлеуғали Әбдібековке берген кеңесі.
Тапсырма. Толықтауыштың түрлеріне сөйлем құраңдар. Тура толықтауышты бір бағанға, жанама толықтауышты бір бағанға жазыңдар.
6-жаттығу
Өздерің ойлап табыңдар.
Берілген баяндауыш бойынша сұрақ орнына тиісті толықтауыш тауып, сөйлем құраңдар.
(кімге?) көмектесемін.
(нені?) орындадым.
(неде?) бар.
(неден?) түстік.
(немен?) таныстық.
7-жаттығу
Мәтінді түсініп оқыңдар. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөз таптарын ажыратыңдар.
1. Сөйтіп менің студенттік дәуірімнің алғашқы күндері өте бастады. 2. Университетке, оның биік-биік аудиторияларына бойым үйреніп, оқушылардың аты-жөнін біліп, біртіндеп көшелі студент қатарына қосылып келе жаттым. 3. Өстіп отырғанымызда бірнеше минут өтті. 4. Осындай ойлар жалғаса береді. 5. Соғыста жеңіл нәрсе, жұмсақ зат ұстап көрмегендіктен аудиторияда қолыма ілінгеннің бәрі жеп-жеңіл көрініп, не құлатып, не қиратып алатын әдетімнен де айыға түстім. 6. Меңтай үйреткен осы әдіс өмірлік әдет болып кетті. 7. Туған елдің дәмін татқаныма қуандым. 8. Кеудемді лапылдаған бір қуаныш кернеді.
8-жаттығу
Қалай? Қайтіп? Сұрауларына жауап болатын пысықтауыш мүшесі бар 5 мысал ойлап айтыңдар.
Ол пысықтауыштар:
а) көсемшеден, ә) есімшеден, б) септік жалғаулы есімдерден, в) –дай, дей жұрнағы жалғанған сөз тізбектерінен және еліктеуіш сөздерден болсын.
9-жаттығу
Берілген сөйлемдерді жай сөйлем түрлеріне ажыратып, синтаксистік талдау жасаңдар.
Оқытушы келе жатыр. 2. Айнала жым-жырт. 3. Қыздың не сұрағалы отырғанын сезгендей, жүрегім су ете қалды. 4. Бар дәлелімен тайға басқандай етіп көрсетіп отырған бұл кемшіліктерді еріксіз мойындауға тура келеді. 5. Аудитория сілтідей тынып қалған еді. 6. Мен оқып болдым. 7. Біз бұған ішек-сілеміз қата күліп жатырмыз. 8. Екеуінен де маған үзбей келіп тұратын үшкіл хаттар пышақ кескендей тыйылып қалды.
Тапсырма. Сөйлемдерден тұрақты сөз тіркестерін тауып мағынасын түсіндір, сол сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құра.
10-жаттығу
-Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық, морфологиялық талдау жаса.Берілген сөйлемдерді жай сөйлем түрлеріне ажыратып, синтаксистік талдау жасаңдар.
Мұнда шешемнің айтқан бірсыпыра сөздері жазылған. Шешем бастауыш мектепте мұғалімдік қызмет атқарған, сауатты кісі болатын. Оқыған кітаптарының ақ бетіне өз ойларын жазып, тастай салатын. Менің он жасыма дейін біз ауылда тұрдық. Одан соң Риддер деген қалаға көшіп барып, әкем жұмысшы болды. Былтыр ауылға барғанда (әкемнің інісі ауылда тұрады) апам оқыған кітаптардың беттерін бір- бірлеп ақтарып отырып, оның өз қолымен жазған жазуларын мына дәптерге көшіріп алған едім.
11-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы. Жай сөйлемдерді бір бөлек, құрмалас сөйлемдерді бір бөлек жаз.Құрмалас сөйлемдерді жасалу жолына және түрлеріне қарай ажырат.
Оны мен де сездім. 2. Өстіп отырғанымызда бірнеше минут өтті. 3. Шошып тұрмын, алайда ілгері қарай ұмтыла бердім. 4. Меңтайдың алдында жатқан сиясауытты көргенде осы оқиға есіме түсті. 5. Ол қорқып кетті, сондықтан артқа қарай шегіншектеді. 6. Ми айналып жерге түсердей ыстық. 7. Жігіттің қызды жақсы көруінің себептері көп, бірақ оның бәрін ауыз шіркін айтып жеткізе ала ма? 8. Біз кейде қызықты әңгімелер айтып күлеміз, кейде соғыста мерт болған достарымызды ойлап жылаймыз. 9. Басқа қыздар мырс ете қалды. 10. Хатымды бүктедім де, тез почташыға бердім.
12-жаттығу
Төменде берілген кестені дұрыс шешсеңдер, құрмалас сөйлемнің түрлері шығады.
С А Қ Т А Ү Т Л
Ы Б А С С С Г І
Ң Ғ А А Н І З Е
Р А Й Л Д Қ А М
А Л С Е М Е Р С
К А С Т Л Ы Л Ы
Е З Е К І Л Ы Қ
Т А Л Ғ А У Ы Т
13-жаттығу
Берілген сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлеріне ажырат. Синтаксистік талдау жаса, бағыныңқы, басыңқы сыңарларын ажыратып көрсет.
Бірақ солардың ішінде өз көңіліңе өте ұнап, өзгелерден ыстық болып танылғандары бар. 2. Ал енді ол кітап дүкенге келіп түскенде, сенің қуанышыңда шек болмайды. 3. Оқушы ретінде менің де жан-тәніммен жақсы көрер, өзгелерден ерекше бағалар кітаптарым бар. 4. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. 5. Бүркітбаймен қосылып, біржола қалып қояды. 6. Оның ашулы жүзін көрмейін деп, төмен тұқырып алғанмын. 7. Осы кезде үзіліс бітіп, профессор аудиторияға қайта кірді. 8. Меңтайдың ұрыспасына анық көзім жеткеннен кейін, бағана өзі айтқан қызыл көрпенің тарихын білгім келді.
14- жаттығу
Жалаң сөйлемдерді бір бөлек,жайылма сөйлемдерді бір бір бөлек көшіріп жазыңдар.
Екуеі жүгіріп ала жүгірді.Күн жылынды. Қар еріді. Сейтен үйде жоқ болып шықты.Жұлдыздар көрінбейді.Әлдеқайдан поезд айқайлайды.Поезд жақындады.Станцияның басы олай-бұлай жүгірген адамдарға толған. Поезд кілт тоқтады. Поездан адамдар түсе бастады. Есігі жабық тұр.Дәулет кітаптарды әсіресе көркем әдебиетті көп оқитын.
15-жаттығу Жақты және жақсыз сөйлемдерді теріп жазыңыздар.
Бұланбай қозғалған жоқ.Жолшыбай қалың нөсерге тап болдық. Досанның қайтадан тауға барғысы келді. Сені сынайтын жердің орайы жаңа келді.Абайдың да шек сілесі қатты. Әлден уақыттан кейін жұрт аяғы басылды. Үш аттыға көзі тұсті. Қыран балапаны екеуі ұшып жүреді. Бұл екеуі де кішкентай балалар.
16-жаттығу
Толымды ,толымсыз және атаулы сөйлемдерді ажыратыңыз.
Мен күндіз екі кітап алған едім. Мынауың қандай кітап? Сүйіншіні бізге сіз беріңіз. Ал сүйіншіні өздерің қалаңдар.Бізге сіз күй тартып беріңіз.Мен әуелде айдың туғанын байқамай қалдым. Түн. Бұлт астында жылжыған ай. Жаз. Түн.Айсыз ашық аспан.Қажырлы еңбек етуге тура келеді. Онысына Есенай да ыразылық білдірген жоқ. Шыңболаттың өзі жүйрік қасқа айғырға мінбек екен.
17- жаттығу
Тапсырма. Төмендегі сызбаларға сәйкес көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жазыңдар.
Б
а
ғ
ы
ның
қы
с
ө
й
л
е
мд
е
р




Басыңқы сөйлем



18-жаттығу
Төл сөз бен автор сөзіне байланысты тыныс белгілерін қой.
1. Аға сержант, қайда жол тартып барасың деді. 2. Орта жолдан қайтып келдім, жолдас лейтенант. 3. Шынымды айтайын ба деді оған Бауыржан. 4. Рас, мүңкіп тұр деді оқ-дәрі иісінің қандай болатынын білмесе де. 5. Өзімше орындадым, Мұхит аға деп орнымнан тұрдым. 6. Қызық екен –ау өзі де деп әркімдер осы тұста сүйсіне үн қатысып қалады. 7. Ендеше мұны газетке басудың керегі жоқ деді әдеби қызметкер. 8. Неге дедім мен абыржып. 9. Жоқ, соны айт деді Зайкүл тақымдап. 10. Жиналыстан неге кетіп қалдыңыздар дедім мен Сәукенге.
Тапсырма. Қарамен жазылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса, қалаған 3 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
19-жаттығу
Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдырыңдар.
1. –Лашын өліп қалды, -деді тәтем менің сұрағыма жауап беріп. 2. –Бүркітбай сол үш түлкінің ең қызылын басына тымақ қып киді,- деп тәтем сөзін аяқтады. 3. –Өзің сәлемдесуге шебер екенсің ғой,- дедім Танаға әзілдеп. 4. –Бір ұрыста жау қолына түсіп қалдым,- деп бастапты батыр. 5. –Студент болсам да, жұмыс істесем болатын емес, тұрмыс қиын боп барады,- деп шынымды айттым. 6. –Бұл өлең жаза алушы ма еді?-деді Бәкеңнің сөзіне сенбегендей. 7. –Бұл сенің нешінші қаламақың? -деді Шалдуар ақшаны өзіме қайтарып беріп жатып. 8. –Қыздар, маған бір ой келіп отыр, -деді Меңтай бір үзілістің кезінде.
20-жаттығу
Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыш мүшелерді ажыратыңыз.Дара бастауыштың жасалу жолын түсіндіріңіз.
Абай аға,мынау-біздің үйлер. Осынша кең үйде жиналған жүк те жоқ.Бұл ұсынысқа сіздің де тез жауап бере қоюыңыз қиын екенін білем.Ойланыңыз,өлшеңіз жауабын содан кейін бересіз.Табалдырықтан бастап төрге дейін төселген түкті кілемдер табаныңнан тартып былқ-былқ етеді.. Әр ауылдың тұсынан қой-қозысы,сиыр-түйесі,мол жылқылары шұбыртады.Біз болсақ бес-алты қырқаны сыртынан бағып отырмыз.Асқардың олай өткенін вагоннан ешкім сезген жоқ.
21-жаттығу
Анықтауышты тауып сапалық,дара,күрделі түрлеріне талдау жасаңыз
Әсіресе ажымы мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тәрізді. Бірақ мөлдіреген моншақтай соншалық таза, сондай сүйкімді және ең ыстық, ең сүйікті баласының аузынан шыққан мына сияқты анық кекесін Абайға аса ауыр тиді. Содан кейін әлгі көрініс үріккен құстай қайтып оралмады. Бұл әңгімені ұйып тыңдай отыра Тұрар кенет селк ете қалды. Жер дүние жап-жасыл, әр түрлі мәнері бар кілем жапқан сықылды.Жаманнан жақсы тумай ма,жаманның көзін жумай ма.Жүйріктерінің тізгінін босатып жіберді.Ұлпа көбік қар жер бетін тегіс жауыпты.Үлкендер шәй ішіп. Қызылдың иіскер қауынын жеп жатқанда Раушан өзінің ботасымен қоштасты. Әр тереңнің түбі бар.
«№1 Самар орта мектебі» КММ
Грамматикалық жаттығулар жинағы
9-11 сынып
Құрастырған мұғалімдер: Нурпиисова Ж.К
Айтышева Г.К
Самар ауылы
2014жыл