Внеклассное мероприятие для казахских классов


Саб.тақырыбы:Ас-адамның арқауы.
Саб.мақсаты:1.Оқушыларды дастарқан басында сақталатын рәсімдермен,ырым-тыйым-
дармен таныстыру.Ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен және ұлттық
ыдыс-аяқтармен таныстыру.
2.Оқушыларды дәстүрді сақтауға,нанды, басқа да тағамдарды қастерлеуге,
ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.
3.Оқушылардың мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастыру,тілдерін дамыту,
сөздік қорларын дамыту.
Саб.көрнекілігі: нақыл сөздер, ыдыс-аяқ суреттері,қанатты сөздер. «Тамақты тарта жесең,
санаңды ашар,көп жесең,ұйқы басар», «Таспен атқанды,аспен ат».
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Шаттық шеңбері.
Бар елде,әлемде тыныштық,
Мен де,сен де тыныштық.
Бар елде,әлемде тыныштық,
Отбасы ішінде тыныштық.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ас-адамның арқауы.» Тәрбие сағатында:
*Дастарқан басындағы дәстүрлер.
*Ырым-тыйымдар.
*Асты қалай ішу керек.
*Түрлі-түрлі тағамдар.
*Ыдыс-аяқ туралы жұмбақтар жасырамыз.
I. Дастарқан басындағы дәстүрлерге тоқталайын.
*Халық қуанышты да,қайғыны да дастарқан басында бөліскен.Өсиет айту,бата беру, достасу бәрі де дастарқан басында шешілген.Сондықтан халық дастарқанды «Құттыхана-ның берекесі» деп қасиет тұтады.
*Дастарқаннан дәм татқандар татуласу,келісу сияқты рәсімдерді орындайды.
* «Таспен атқанды,аспен ат» деп халық бекер айтпаған.Себебі ,дастарқан дәмі-киелі. Оны татып,келісімін бұзса,астың киесі ұрады дейді.
*Сонымен бірге дастарқан күнделікті отбасының тамақтануына,үйге келген адамға дәм таттыруға,той- тамашаға,ас-су беруге жайылады.
*Онда ас қою,ас ұсыну,ас алу,ас қайыру,асқа бата беру рәсімдері орындалады.
*Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында асты ең алдымен ата-анаға,үлкенге ұсынады.
*Ас ішу кезінде ауызды сылпылдатпай,тәртіппен тамақтану,қасықты оң қолда ұстау,түзу отыру,тазалық сақтау рәсімдері орындалады.
*Дастарқан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.
*Тамақ ішер алдында,тамақтанып болған соң қолға су құйылады.Құйылатын су жылы болу керек.
Су құйдым да құманмен,
Қолына мен әкемнің.
Содан кейін оған мен ,
Орамалды әпердім.
*Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.
*Тамақтанып болғаннан кейін дастарқан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді.
*Тойға жайылған дастарқанға қойылатын ас тәртібі оған жиналған адамдардың достық, туыстық қатынастарына байланысты орындалады.
Бұл дәстүрлерді оқушылар көрініс арқылы көрсетеді.
Ән «Салт дәстүрі халқымның»хор.
II.Дастарқан басында сақталатын ырым-тыйымдар.
*Ас жүрген жер-береке.
*Дастарқанға бірінші нанды әкеліп қояды.
*Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
*Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
*Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.
*Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды.Себебі сынық ыдыспен ас беру-қонақты сыйламағандық.Және сынық ыдыспен ас ішу-жаман ырым.
*Тамақты жатып ішуге болмайды.
*Ас ішіп болғаннан соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
*Дастарқаннан аттауға болмайды.
-Ас үстінен аттама,
Астан үлкен емессің.
-Өле жегенше,бөле же.
Ал,қазір ортаға биші қызымызды шақырайын.
***Биле десең,билейді,
Аяғы жерге тимейді.
Диана атты қызымыз,
«Қазақ»биін билейді.
Ас ішу кезінде ізет,сыйласым,инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
III:Ас ішу тәртібі.
*Тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
*Асты асықпай,әбден шайнап жұту керек.
*Тамақ ішіп отырып кітап оқуға,теледидар көруге болмайды.
*Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады.Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.
*Әсіресе,қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ,қазы-қарта,жал-жая,қымыз,шұбат,құрт тағы басқалар жатады.
IY.Түрлі-түрлі тағамдар.
Ал, қазір балалар жұмбақтар жасырып көрейін,жауабын табасыздар ма?
*Алға жайып тұз-дәмін,
Келтіреді үй сәнін.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кең пейіл де арайлы
Осы жерден тарайды.Бұл не? (Дастарқан)
*Беттескен қос табақ
Ортасында бас табақ,
Көз бен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша.Бұл не? ( Таба нан)
*Өзі ащы,
Бірақ дәмді етер тамақты. Бұл не? (Тұз)
*Айдалада ақ отау,аузы мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа)
*Аппақ су-дәмі тәтті,
Ішсең сусын,
Шөліңді қандырады. (Қымыз)
*Мал төлдеп
Әр ауыл,
Пісірді ақ бауыр.Бұл не? ( Уыз)
*Әжем уыстап сығып,
Далада кептірген
Қатты әрі тәтті
Дәмін кім бар жеп көрген? Бұл не? (Құрт)
*Қабат-қабат киінген,
Төбеде шашы түйілген.
Жеп көріп ем,өзін мен,
Жас шығарды көзімнен.
Y.Ыдыс-аяқ туралы жұмбақтар.
*Отқа қойсаң елпілдеп
Быж-быж етіп тұншығар
Тақиясы селкілдеп,
Танауынан су шығар. (Шәйнек)
*Сабы бар,басы шатыр,
Табысын өлшеп әкеп
Құдыққа тасып жатыр. (Қасық)
*Өткір көзді келеді,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та турар ол. (Пышақ)
*Балшықтан істеген ыдыс не? (Құмыра)
*Ұйытып қойып ішкенім не? (Айран)
*Тұзын көріп татқаным не? (Сорпа)
Балалар тақпақтар айтады. «Нан-ардақты, адал ас» Өтебай Тұрманжанов.тағы да «Бір үзім нан», «Қымыз», «Шұбат»т.с.с.