саба?ты? та?ырыбы :К?згі жапыра?
Атырау қаласы, Дамбы селосы
«Ынтымақ» балабақшасы
Бейнелеу пән мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Орамалды әшекейлеу.
Сабақтың мақсаты :
1 Білімділігі :Балалардың ұлттық киімдер туралы түсінігін кеңейтіп ,ою-өрнектердің ерекшеліктерін білу.
2 Дамытушылығы : Балалардың шығармашылық қабілеттерін , өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.Тапқырлыққа шапшаңдыққа баулу.
3 Тәрбиелілігі : Ұлттық құндылықтарды бағалауға ,әсемдікті көре білуге ,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі : Сыный әдісті қолдану,түсіндіру ,көрсету сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі : интерактивтік тақта,слайдттар,үлгі қағаз .Суреттер ,сүлгі қылқалам , су бояқ.
Сабақтың жүру барысы :
1 Слайд көрсету .
2 Өткен сабақты еске түсіру.
3 Жаңа сабақ .
4 Демонстрационды материалмен жұмыс .
5 Ғажайып сәт .
6 Сурет салудың үлгісі .
7Сергіту сәті .
8 Сабақты қортындылау
Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Күн күлімдеп нұр төкті ,
Бізге жолдап .
Жақсы сөздер нұр септі,
Бізге жодап.
Есте сақтап кеңесті,
Достарға сыйла
Кел қосылып айтайық!
Бір-бірімізге
Сәлем , сәлем ,сәлем.
Балалар орындарына отырып ,интерактивтік тақтадан күз мезгілі туралы бейне роликті көреді.Тәрбиеші:-Балалар бұл қай мезгіл?-Дұрыс ,күз айларын атайықшы?-Күздің қандай ерекшеліктері бар?
-Балалар күз мезгілінде адамдар қалай киінеді?
-Күз мезгілінде киетін киімдерді атаңдар?
-Орамалды кімдер тағады?
Жарайсыңдар балалар ,күз мезгілінде ауа салқындайды,жапырақтар сарғайып ,айнала алтындай жарқырап,бір ғажайып түрге енеді. Жеміс-жидектер піседі,егіншілер егінін жинайды,жабайы аңдар қысқы азықтарын жинайды.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар жылы киімдерін киеді.
Жұмбақ шешу:
Қасиетті бас киім ,
Өрнектерден сыр шерткен,
Аналар мен әжелерге ,
Қажет киім.
( Орамал )
Өте жақсы балалар сендер жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар . Жұмбақтың шешуі орамал екен.
Ендеше балалар ,тақтаға назар аударайық .
Интерактивтік тақтадан орамал туралы бейне ролик қарайды. Қараған ролик бойынша балалар өз ойларын айтады.
- Мақта жерден өсіп шығады,оны жинап ,жіп жасайды.Жіптен түрлі киімдер,орамалдар жасайды.
Тәрбиеші: Асыл әжелеріміз ,ардақты аналарымыз бен қыз балалар орамал тағады . Орамалдың түрлері көп . Әсіресе әжелеріміз бастарынан ақ жаулықтарын тастамаған. Орамал әрі әдеміліктің белгісі, әрі тазалықтың бір белгісі.
Қазақ халқында ананың ақ жаулығын киелі санайды.Орамалға байланысты ырым тыйымдар да бар.
« Орамалды теппе»
« Орамалды аяғыңмен баспа»
« Орамалды теріс тақпа»
Қонаққа ақжаулықты әже келеді.
Сәлеметсіңдерме балалар.
Сәлеметсізбе .
Бұл не жиын ?
Әже бұл балабақша .Мұнда өте өнерлі балалар тәрбиеленеді .
Өте жақсы .Меніңде өнерім бар.Киімдерге кесте төгемін. Кәзірде жаңа түскен келінімнің орамалын кестелеп жа-тырмын .Әже қоржынынан кестелі орамалын шығарып, балаларға кесте төгіп көрсетеді.
Енді балалар осы орамалымызды ақ қағазға бейнелейікші. Алдымен қара қарындашпен оюдың суретін салып аламыз. Оюлардың түрі өте көп. Табиғаттың керемет-тері сан алуан болса ,оюлардың да түрлері алуан түрлі. Ал біздер балалар өзіміздің Жайық өзенін оюлап көр-сетейік.Ақ қағазымыздың төрт жағын ирек су өрнегімен өрнектейміз .Ирелеңдеп ағып жатқан суға ұқсатып әжелеріміз бұл ою түрін ирек су деп атаған..Ортасына гул өрнегін саламыз. Балалар сурет салғанда қарындашты көзімізге жақындатпаймыз , аузымызға салмаймыз. Оюлардың суретін салсақ қылқаламды суға малып су бояқпен ою өрнекті бояймыз.
Дидактикалық ойын: «Бұл қандай ою ».Мақсаты: түрлі оюлардың атауын білу. Ұлттық құндылықтарды бағалай білу.Ойынның шарты:тәрбиеші балаларға ою өректердің суреттін ұсынып,олардың атауларын сұрайды. Ойын аяқталған соң, сергіту сәті жасалынады.
Ал балалар тұрайық
Алақады соғайық,
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп,
Бір отырып ,бір тұрып,
Орнымызды табайық,
Әдемі сурет салайық.
Мұғалім сабақ соңында балалардың жұмыстарын көріп ,
мадақтайды.
Қорытынды :
Сұрақ - жауап
Балалар біз бүгін қандай киім түрімен таныстық?
Орамал неден жасалынады?
Балалар бүгін қандай ою өртектермен таныстық?
Орамалды кімдер тағады?