К?з мезгіліндегі адамдарды? е?бегі


Сабақтың тақырыбы: Күз мезгіліндегі адамдардың еңбегіСабақтың жалпы мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке, сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ой - қиялын дамыту. Жинақы дұрыс сөйлеуге, сұраққа нақты, толық жауап беруге дағдыландыру.Тәрбиелілігі: Оқушыларды күз байлығымен, көкөніс түрлерімен таныстыра отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға және еңбек етуге тәрбиелеу.Қолданылатын модульдер мен әдіс - тәсілдер:Жас ерекшелігіне қарай оқыту, Акт, сын тұрғысынан ойлауға үйретуДжигсо, мозайка әдісі, ойын әдісі, миға шабуыл әдісіКөрнекіліктер: Суреттер, жұмбақтар мәтін, оқулық, постер құрату үшін плакаттар, критерилер жазылған таратпа парақшаларКіріспе 3 минКүннің суретімен топ мүшелері бір - біріне тілек тілеп шығады.Ынтымақтастық атмосфера орнатадыТопқа бөлу Кеспелермен топқа бөлу Ағаштардың атауы бойынша топқа бөлінеді. 1 - топ Аққайың, 2 - топ Терек, 3 - топ Тұт, 4 - топ Шырша, 5 - топ ЕменҮй тапсырмасын пысықтау 5 минӨткен материал бойынша сұрақтар әр топқа беріледіБұлттар төніп, жерге төгіліп,Дымқыл тұман басады.Шөп сарғайып, өңі тайып,Дала нұры қашады.Ойнай алмай,Денең мұздап тоңады.Бөбектерім айтыңдаршыБұл қай кезде болады?Б: «Күз» мезгілінде.Күз мезгілінің ерекшелігін атаңдар?Күз мезгілінің ай аттарын атаңдар?Ауа райын немен өлшейміз?Табиғат тұстарын атаңдар?Өлі табиғат пен тірі табиғат дегеніміз не?Жаңа материалмен жұмыс 15 минӘр топқа қиындылар үлестіріледі олар сол қиындылардан бүгінгі тақырыпты тауып шығады, яғни Мозайка әдісі арқылы тақырыптың мақсатын ашады.Тақырыпты ашу үшін сұрақтар жуан, жіңішкеЖаңа сабақты қолдануТоптарға берілген шығармашылық тапсырманы топ басшылары Джигсо әдісі арқылы ауысып топтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізедіОқулықпен жұмысМақалдар.1. Еңбегің қатты болсаЖегенің тәтті болады.2. Еңбек етсең емерсің.3. Еңбек етпеген ішіп - жемейді.Әр топ дайындап келген жұмбақтарын жасырадыЖұмбақ шешкізу.1. Бойын жерге жасырған,Бұрымы бар жасылдан. ( Сәбіз)2. Әр желінің асты толған көк қоян,Көк қоянды жаз болғанда жеп қоям. (Қияр)3. Іші жұмсақ, сүті қатты,Еті қызыл, сүтті тәтті. (Қарбыз)4. Қалың киімді ұнатады,Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)5. Басым - дене, денем бас,Мойным қысқа бұрылмас (Орамжапырақ)6. Ұзын мұртты сарыларҚойнында наны бар. (Бидай)Жаңа сабақты қорытындылауКүз туралы суреттер пайдаланып оқушылар постер құрастыру тапсырмасын орындатады оны қорғатады.БағалауФормативті бағалау критери бойыншаКері байланыс 3 минОқушыларға стикер таратып өздеріне ұнаған сәттерін жазып тақтаға жеміс ағашына ілдіруРефлексияНе сәтті өтті?Не сәтсіз болды?Нені дамыту керек?