Адамдарды? к?згі е?бегі (д?ниетану 1-сынып)


Бекітемін: Мулдагалиева С.Х.
Пәні: Дүниетану
Күні: 15.12.2015.
Сабақтың тақырыбы: Адамдардың күзгі еңбегі
Сабақтың мақсаты:
Адамдардың күзгі еңбегі туралы мағлұмат беру
Адам, қоғам, табиғат арасындағы байланысты және қоршаған орта туралы ұғымдарды дамыту.
Оқушылардың еңбекке және табиғатқа қамқорлық пен қарау көзқарасына тәрбиелеу.
Әдіс – тәсіл. Сұрақ – жауап, әңгімелесу, талдау.
Көрнекілік: күзгі адамдардың еңбегі туралы суреттер, әр түрлі сабаққа байланысты плакаттар т.б.
Сабақтың барысы:
ҰйымдастыруПсихологиялық дайындық
Алақай – ау алақай!
Алақай – ау алақай!
Бұдан былай мен енді,
Емеспін жай балақай!
Осыдан да көлемді,
Оқи алам өлеңді.
Бардым бүгін мектепкеОқушымын мен енді. – Жарайсыңдар.
Балалар, сабаққа қай мезгілде келеміз?
Күз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген тақырыптарға шолуСимантикалық карта
Тірі табиғат Өлі табиғат
Күн +
Тау +
Адам + Тас +
Саз +
Жануар + Құм +
Өсімдік + Су +
Ауа +
Құс + Өлі табиғатқа нелер жатады? - Күн, ауа, су, тау, құм, тас, саз
Өлі табиғат заттар несімен ерекшеленеді? - Өлі табиғат заттары қоректенбейді, өспейді, көбеймейді.
Тірі табиғатқа нелер жатады? - Тірі табиғатқа өсімдіктер, жануарлар, адамдар, құстар жатады.
Тірі табиғатқа жататындар тіршілік жасай ма? - Олар көбейеді, өседі, тіршілігін тоқтатады.
Тірі табиғат өлі табиғатсыз тіршілік ете ала ма? - Тіршілік ете алмайды.
Жеміс – жидектердің, көкөністердің суреттерін көрсетіп, бұлардың атауларын сұрау
Бақта нелер өседі? - Жемістер мен жидектер.
Бақшада нелер өседі? - Көкіністер
Балалар, жеміс – жидектерді, көкөністерді қай уақытта егеді? - Көктемде
Қай мезгілде күтіп баптайды? – Жазда
Қашан жинайды? – Күзде
Қыс, Көктем, Жаз, Күз бұлар нелер? – Жыл мелгілдері
Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін атап берейікші
Қыста қар жауады, күн аяз болады, адамдар қалың киінеді.....
Көктемде қар ериді, адамдар жеңіл киінеді, құстар оралады, ағаштар бүршік атады......
Жазда күн жылы, адамдар суға түседі, демалады......
Күзде күн суытып жиі жаңбыр жауады, ағаштар жапырақтарынан айырылады, жапырақтар сары түске боялады.
Жаңа сабақты хабарлау.
Бұл суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? - Күз
Күз мезгіліндегі ауа райын бақылау белгілерін айтайық (шартты белгілер көрсетіліп, оларды атау)
Балалар, ата – бабаларымыз ауа райын бақылаған кезде жан-жануарларды, құстарды қарап – ақ біліп отырған.
ҚОЙ
—    қысты күні қорадан ерте өргізерде шықпай шегіншектеп, маңырап, шулай берсе, ауа райы бұзылады;
—     қыс басында қора қабырғасын жиектеп шашырай жатса, қыс қаһарсыз жұмсақ болар;
—     тұяғымен төсін жиі қасыса, сойғанда қарын түгі қалың болса, қыста қар қалың болар;
—    жүні қобырап, дымқыл тартса, жиі-жиі пысқырынса, лақ, қозы секендеп ойнақтаса, сақа қойлар құлағын қаққыласа, жаңбыр жауар;
ЖАЛПЫ ҚҰСТАР
—     көңілдене сайраса — келер күн ашық;
—     жыл құстары топ-тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;
—     жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;
Күзде ағаштар несімен айырылады? – Жапырағынан
Әрине ағаштардың бәрі жалаңаштанып жапырағынан айырылады.
Олар қандай түске боялады? Қызғыш, сары түске енеді.
Осы жапырақтарды жабайы аңдар не істейді? Астарына төсейді.
Күзде құстар қайда кетеді? Жылы жаққа.
Жылы жаққа кеткен құстарды не дейміз? «Жыл құстары» дейміз.
Күз туралы тағы не білеміз? - Күн суытады, жылы киім киеді.
Күзде адамдардың еңбегі туралы не білеміз? - Астық жинайды, бақшаны жинайды.
Малға дайындық қалай жасайды? - Қораларын жөндейді, жылы қораға кіргізеді.
Сергіту сәті
Кіріспе сөзі: Күзде көптеген жұмыстар жүргізіледі соған тоқталайық.
- Адамдар не істейді?
- Қысқа дайындық жасайды
- Отбасында саяжайларда жеміс пен жидектерді қайнатады және тұздайды
- Мал қораларын жөндейді, азық сақтайтын қоймаларын, шөбін дайындайды, картоп, сәбіз, пияздарын салады.
6. Кітаптан мәтінді оқып беру, талдау.
7. Кітаптағы суретпен жұмыс.
«Қыстың қамын жазда ойла». Өздеріне оқытып, мағынасын ашу.
Жаз бойы бос жүрме еңбектену керек, еңбегіңнің жемісін қыста қиналмай жеп, рахатқа батасың. Жалқау болмау керек.
Әбу Сарсеновтың өлеңін бір оқушыға оқыту талдау
8. Дәптермен жұмыс – Күзге байланысты бір нәрсенің суретін салу
9. Қорытынды:
Көкөністер мен жемістерді бақ пен бақшаға орналастыру арқылы тапсырманы орындату.
Балалар, орнымыздан тұрайық, мына өлеңді хормен айтайық.
Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл.
Қауіп қатер төнсе оған,
Қамқорға алып сүйе біл.
10. Үйге тапсырма
Мәтінді оқу, түсінігін айту
Әбу Сарсеновтың өлеңін жаттау
Берілген суретті аяқтау
Мадақтау