Бастауыш сыныппен ?оштасу ерте?гілігіні? жоспары
Тақырыбы: «Рахмет саған, бастауыш мектеп!»Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» Слайдтар.Қанатты сөздер мен тақырып.Барысы:ФанфарыМұғалім: Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Бүгінгі ертеңгілігіміз бастауышпен қоштасқалы отырған балаларымыздың тек бастауышпен ғана емес, бал балалық шағымен де қоштасар сәті деп есте қалсын деп ертегі желісінде өткізгенді жөн көріп отырмыз. Ендеше ертегімізді бастайық.Мұғалім: (Арнайы дайындалған видео көрсетіледі)Ерте, ерте ерте ме екен, әлде қазір ме екен «№3 орта мектеп патшалығы» атты кішкентай ел болған екен. Бұл патшалықтың басқа патшалықтан бір ерекшелігі айнала әсем гүлдер, көк, жасыл ағаштар жайқалып патшалыққа ерекше бір сән беріп тұрады екен. Келген жанның жасыл орманының сұлулығына көздері тоймайды екен. Бұл патшалықта өмір сүріп келе жатқан әр бала сондай ақылды, білімді, өнерлі болады екен. Ол патшалыққа жамандық атаулы мүлде жоламаған екен, себебі бұл патшалықта балалар тату - тәтті өмір сүреді екен. Бұл патшалық екі хандыққа бөлініпті. Бірі «Бастауыш хандығы», екіншісі «Орта буын хандығы» екен. Ол екі хандық тату қарым - қатынаста тұрған екен. Ең кіші «Бастауыш» хандығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Тәп - тәтті бүлдіршіндер кез келген мейманды тәтті қылықтарымен баурап алады екен. Сонымен уақыт өте келе 10 жасқа толған «балбұлақтықтар» көрші «Орта буын» хандығына өтеді. Осындай күн 2010 жылы «Бастауыш хандығының» табалдырығын аттаған, 10 - ға толған 4 сыныбының тұрғындарының басына да жеткен екен. Сөйтіп олар «Орта буынға» жол тартыпты. (Слайдтан бастауыш мектептен шығып келе жатқан оқушылар көрсетіледі.)Мұғалім: Сонымен 2010 жылғы «Бастауыш хандығының» түлектері жақындап қалған екен, қарсы алайық.(Ортаға 4 б сынып оқушылары шығады.)Мұғалім: Бесіктегі баланың,Күлгенін көрген бір мұрат.Алдына түсіп ананың,Жүргенін көрген бір мұрат - дегендей, мұны көру де бір бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған мына бүлдіршіндер, 4 - ші сынып оқушылары осыдан төрт жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірттер бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Балалар бүгінгі мерекемізге екі хандықтың хашайымдары да келіп қалыпты ғой.(Ортаға екі жүргізуші шығады, олар бастауыш пен орта буын хандығының ханшайымдары болып мерекені жүргізеді)«Бастауыш хандығының» ханымы:- Ханым, менің хандығымнан тағы бір қарлығаштарым ұшқалы отыр. Ақ батамды тілеп, сенің хандығыңа өткелі отырған бүлдіршіндерім 2009 жылы тарыдай болып патшалық табалдырығын аттаған кішкене бүлдіршіндер, бүгін міне ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырата алатын шәкірт болды.«Орта буын хандығының» ханымы: Е, ханым, уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып – жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен.«Бастауыш хандығының» ханымы:- Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Балдырғандар өміріне өшпес із қалдырған бастауыш хандығымен қоштасып, ханым өзіңнің қанатыңның астына барғалы отыр.«Орта буын хандығының» ханымы: Сенің хандығыңнан менің хандығыма өтетін балдырғандарға өте разымын. Десек те, сен білесің, менің хандығыма өту оңай емес. Мен хандығыма өнерлі, білімді шығармашыл балаларды қабылдаймын.«Бастауыш хандығының» ханымы:- Ханым, жылдағы дәстүрді бұзбағым жоқ! Ендеше сол балалардың өнері мен білімін көрсетер сәт те келген екен. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына, балдырғандарымыз өз өнерлерін көрсетуге дайын. Міне, менің патшалығымның ұшқалы отырған мақтаныштары. Ендеше сөз кезегін балдырғандарымызға берейік.
Амансың ба, Рухан?
Аманбысың, Нұржайна?
Нұржайна, бүгінгі кеш ерекше болмақ. Себебі, біз ең алғаш жазу мен оқуды және санауды үйретген бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз. Мүмкін содан болар, өзім қобалжып, ыңғайсызданып тұрмын.
Нұржайна: Несіне ыңғайсызданасың, алдымен амандасайық.
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ
Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
Рухан: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер.
Қыран құстай болашағын мәпелер,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
Бірге: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Оқушылар бірге: Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
Бастауыш буын хандығы: Уа, балаларым! Білім ордасына тарыдай болып еніп едіңдер, жан-жақтарыңа таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттағандарыңа, міне, төрт жыл толыпты. Осы білім ордасына алғаш келгенде алдарыңнан күндей күліп, әсем ұстаз шықты емес пе? Ал ұстаздарыңа не айтасыңдар?
Мөлдір: Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға-деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл бойыбілім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып, басымызды иеміз.
1-оқушы: Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
2-оқушы:
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сізден жаттадым.
Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
3-оқушы:
Жүзің жылы, құшығың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге ұшамын мен.
4-оқушы:
Ақылшы асыл ұстазым,
Өзіңе мен де ұқсармын
Жеткенше қайрат, күш-әлім
Биікке самғап ұшармын.
5-оқушы:
Байсады мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
Қоссаңдар бірді екіге үш болады-
Деуші едің-біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап
Өзіңіз баға қойған кұнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
6-оқушы:
Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,
Мен үшін армандайсың, алаңдайсың
Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ.
Адалдық пен парасаттан жаралғансың.
Ән: «Ұстазым»
7-оқушы:
Армысың сен, алтын ұя мектебімСаған айтар жыр - алғысым көп меніңЖүректерге жаққан білім шырағын,Мектебіме арналады бұл әнім!Нұржайна: Иә мектебімізге, ұстаздарымызға қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше балалардың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.8-оқушы:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,Мектеп деген ғылымның ең үлкені.Мектеп деген тәрбиеші адамға.Мектеп деген даналардың мекені.Тұрсынбек: Мектебім - білім берер алтын ұям.Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай.Әрқашан қасиетті атың маған.9-оқушы:
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.Өзіңе борыштармын өмір бойыЕсейген шәкіртіңнің серті деп біл.10-оқушы:
Армысың сен алтын ұя мектебім,Саған айтар жыр алғысым көп менің.Жүректерге жаққан білім шырағын,Мақтан етем сені мәңгі мектебім.11-оқушы:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,Алтын ұя, ақ босаға киелі.Қанат қаққан білім алып өзіңнен,Күллі шәкірт саған басын иеді.12-оқушы:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.13-оқушы:
Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата - анам,Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.Тамырланып, сан тарапқа тараған.Ән: «Мектебім»«Орта буын хандығының» ханымы:- Көріктеріне ақылдары сай, тамаша балдырғандар екен. Бастауыш патшалығында 4 жыл бойы жетістіктерге жетіп жүрген балдырғандар бар ма?«Бастауыш хандығының» ханымы: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?Бастауышта алған білім, жырларынКөрсетеді бүгін міне ортада
Нұржайна: Ана тілсіз іс өрге баса алмайды,
Ана тілсіз тарих та жасалмайды.
Желмаяға мініп ап желіп жүріп
Күңіренбеген тектен тек Асан-Қайғы- дей отырып, әдебиеттік оқу сабағынан оқыған, тоқығандарымызды ортаға салайық.
Рухан: Олай болса, бірде Жетес шешеннен адамның, жердің, сөздің сәні не?- деп сұрапты. Сонда Жетес:
Адамның сәні-өнер, білім, ақылы,
Жердің сәні-жеміс, өнім, дақылы.
Сөздің сәні-өнегелі өткір нақылы
Пікірдің сәні-ең пайдалы мақұлы-депті.
«Орта буын хандығы»
Олай болса, сөздің сәні-мақал дегендей, мақал-мәтелмен айтыса аласыңдар ма?, оны да бір сынап көрейік.
Мақал-мәтел айтысы.«Бастауыш буын хандығы»: Бұл күнге жайдан-жай жете салмағанымызды ескерсек, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес. «Шуағын төккен 4 жыл» атты слайдқа назар аударыңыздар! Бір сәт елестетер болсақ……. (Слайд көрсетіледі)«Орта буын хандығы»:
Туған тілім, қазақ тілі туралы не айтар едіңдер?
14-оқушы:
Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын.
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
15-оқушы.
Жетер енді, әркімдерге ермейік,
Қазақ болып құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілін , халқым-ау.
Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.
16-оқушы:
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
17-оқушы:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанды,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Рухан:
Інжу -маржан жатар теңіз тереңінде,
Ұлы ойшылдар қалды мәңгі ел есінде.
Талаптанып жасыңнан ұғып алғын,
Математика жарар әркез керегіңе – дей келе математика пәні туралы не айтасыңдар?.
Ойланып есеп шығарып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы.
Орта буын хандығы:
Қалың елім қазағыңа қорған бол,
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол.
Ұлтаралық орыс тілін меңгеріп ап
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол-дей келе орыс тілі, ағылшын тілі, ән сабақтары мен ұстаздары туралы не айтасыңдар?
18-оқушы:
Орыс тілі әр кезде керек ертең,
Жанар апайымыздың көңілі өте көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең,
Барлық жандар осындай болса екен.
Ж. Нұржайна «Кеңпейілді де парасатты» номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі Жанар Бөкейханқызы марапатталады. Бастауыш буын хандығы табыс етеді.
19-оқушы:
Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып, ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай..
Мерует апай тәлімі,
Сәулесін шашқан жарықтай.
Ж. Рйхан «Байсалды да мейірімді» номинациясымен ағылшын тілі мұғалімі Меруерт апай марапатталады.
20-оқушы:
Гүлнар апай өнерлі,
Әсем әннің шебері.
Қызықтырып ән күйге,
Бізді үйретіп келеді.
Ж. Нұржайна «Күміс көмек» номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімі Гүлнар Екпінқызы марапатталады.
21-оқушы:
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Майра апайдың жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Ж. Рухан . «Алғашқы ұстаз» номинациясымен Майра Елюбайқызы марапатталады.
22-оқушы.
Ұстаздар сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Ж. Нұржайна: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
23-оқушы.
Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген-дегендей әкенің орны бөлек-ау.
24-оқушы.
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,
Ақылды балаларың оны білген!
Ж. Рухан. Әр ана өз баласының мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымыздың мынадай бір нақыл сөзі бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Ж. Нұржайна: Иә, дұрыс айтасың, Рухан. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
25-оқушы.
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт бріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
26-оқушы.
Кейдемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
Ән: «Айдидарлы анашым».
«Бастауыш хандығының» ханымы:- Мен өзімнің хандығымның балдырғандарына риза болып отырмын. Әрі қарай балалардың өнерін тамашалайық!
Ж. Рухан. Бізді болашаққа не бастайды?
Оқушылар бірге: Ұстаздың көрсеткен жолы,
Ата-ананың ақылы
Болашаққа деген сенім.
Бастауыш буын хандығы: Орта буын ханымы, өрендеріңнің білімімен өнеріне ризасыз ба? Келесі басқышқа қабылдайсыз ба? Болашақта сапалы біліммен сусындап, өнерлі шәкірт болатынына сенесіз бе?
Орта буын хандығы: Менің сенімімді ақтау үшін, мектеп ережесін сақтау үшін бұйрық шығардым, сол бұйрықты оқып берейін.
Мамырдың 12 –сі, 2014 жыл . Бұйрық №2
Бастауыш буыннан орта буынға 19 оқушының көшірілуі туралы.
Мектеп ережесі сақтау.
Мектепке күнделікті мектеп формасымен келу.
Сабақты жақсы оқу.
Үлкенді сыйлау.
Орта буын хандығы: Ал, балалар, білімдерің мен өнерлеріңді тамашаладым. Енді мені басқа мектептердің балаларын осылай орта буынға қабылдап алуым керек. Ендеше сендермен қоштасайын. Қош болыңдар, кездескенше!
Ж. Рухан: Төрт жыл бойы нұрын төккен,
Аттандырған ақ тілекпен.
Ұстаз үмітін ақтаймыз деп,
Серт береміз шын жүректен! – дей келе келесі құттықтау сөзін оқу ісінің меңгерушісі Тлеген Ержігітұлына береміз.
Алғыс хат, грамоталап беру, құттықтау.
Ж. Нұржайна: Келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Бастауыш буын хандығы: Қанаттарың қатайды,
Биікке енді самғаңдар.
Білім жолы - сары жол,
Ізденіңдер талмаңдар-дей келе, міне, балалар сыннан да сүрінбей өттіңдер, білім жолындағы сапарларың сәтті болсын. Ақ жол тілеймін. Қадамдарыңа гүл бітсін!
Балалар, сендердің 4 жыл оқыған еңбектеріңді бағалай келе бастауыш мектепті толық бітірді деген дипломды табыс етейін.
Оқушылар бірге:
Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауышым!
Ж. Рухан: Мың бұралып билеген,
Аруды кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға,
Кімдер басын имген- дей келе бүлдіршіндерімізді вальс биімен ортаға шақырайық. Мұғалім: Қырандарыңыздың білім қуған қанаттары талмасын,
Тек биікке самғасын.
Білім ордасында өткен бастауыш мектеппен қоштасу салтанатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше аман сау болыңыздар.