«Ата-ана ?адірін…» атты сахналы? ?н — кешіні? сценариі


«Ата-ана қадірін...» атты сахналық ән - кешінің
сценариі
Жүргізушілер : 1. Махаббат ; 2. Әділ .
1. Махаббат : Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
2. Әділ : Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарсада өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін.
1. Махаббат : Әділ, бүгін менің жүрегім ерекше соғуда.
2. Әділ : Неге, Махаббат. Мүмкін ауырып тұрған боларсың?
1. Махаббат : Жоқ, жоқ. Жүрегімнің ерекше соғуының себебі, бүгінгі ата-аналарымызға арналған ән-кешіміздің қалай өтеді деп ойланғаннан болар?
2. Әділ : Оны еш уайымдаудың қажеті жоқ. Себебі, бәріміз шын жүректен қызмет жасап жүрміз. Менің ойымша бәрі тамаша болуы тиіс.
1. Махаббат : Иә, оның рас. Баласы үшін жанын аямайтын ата-аналарымызға мың алғыс. Осындай тамаша кеш арқылы өз рахметімізді білдірсек қандай тамаша.
2. Әділ : Тар құрсағын кеңейткен,
Тас емшегін жібіткен.
Ыңылдап жатып ауырсаң,
Жарты өмірін кеміткен - деп, жырлағандай аналарымыз үшін қандай қызмет жасасақ та жарасады.
1. Махаббат : Ал, олай болса бүгінгі ата-аналарымызға арналған кешімізді бастаймыз. Сіздер үшін Жұлдызай мен Асылбектің орындауында «Кешір ана» әні.
1. Махаббат : Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
2. Әділ : Қымбатты да, ардақты ата-аналарымыз! Сіздерге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксекте аз. Алла сіздерге ең алдымен мықты денсаулық, ұзақ өмір берсін!
1. Махаббат : Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, бақытқа кенеліп жүре беріңіздер!!!
Замираның орындауында «Сенің жалғыз ғана анаң бар» монологі.
2. Әділ : Аналарға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз бар.
1. Махаббат : Ендеше сіздерге арналған ән-жырымыз ешқашан таусылмауға тиісті, таусылмайды да. Ендігі кезек шын жүректен сіздерге арналған жүрекжарды өлең шумақтарында.
Өлең оқитындар : Жұлдызай, Арман, Аяулым, Әбілхайыр, Жібек, Азамат, Жанна.
Өлең оқылып болған соң «Аққу» биі.
1. Махаббат : Аяулы ата-аналар!!! Біздер үшін сіздердің ыстық алақандарыңыздан артық ешнәрсе жоқ. Біз сіздерді сондай жақсы көреміз.
2. Әділ : Кезек сіздерге арналған өлең шумақтарында.
Өлең оқитындар : Дана, Асылбек, Фарида, Меруерт, Әсел, Наташа, Зарема.
2. Әділ : Әбілхайыр мен Арманның орындауында «Әке» әні. Қабыл алыңыздар!!!

1. Махаббат : Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
2. Әділ : Замираның орындауында «1 жасында анасынан айрылған жас қыздың мұңы» атты монологі. Қабыл алыңыздар!!!
Би. Орындайтындар : Махаббат, Дана, Меруерт.
2. Әділ : Фариданың орындауында «Ана» монологі.
1. Махаббат : Қазір кейбір жас отбастары ата-аналарын қартайған шағында «Қарттар үйіне» апарып жатады. Ата-анасының жүрегі қалай қиналатынын білмейді де. Ондай сұмдық ойдан аулақ болайық. Ата-аналарымызды қартайғанда алақанға салып аялайық. Алдарыңызда «Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда» атты сахналық көрініс.

2. Әділ : Жұлдызайдың орындауында «Ана» әні.
1. Махаббат : Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана.
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға.
2. Әділ : Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп.
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
1. Махаббат : Қымбатты ата-аналар, ұстаздар, алдарыңызда бүгінгі кешті ұйымдастырып отырған, құрметті сынып жетекшіміз – Оразбеков Серікбай Орынбекұлы.
Мұғалім сөзін әнмен аяқтайды. Сыйлықтар тарқатылады. Салют, хлопушкалар атылады.