«Абайды? ?ара с?здері –т?рбие к?зі» атты ?деби-сазды кешіні? сценариі


«Бекітемін»
Мектеп директоры
................Кошаханова Ш.Ш.
№1Азат орта мектебі
«Абайдың қара сөздері –тәрбие көзі» атты тәрбие кештің өту барысы
Тақырыбы: «Абайдың қара сөздері –тәрбие көзі»
Жиынның ашылуы
Құттықтау сөз мектеп директоры – Қошаханова Ш.Ш.
Концерттік бағдарламасы
Фанфар, сәлемдесу
Абай келбетінде , оқушы
«Көзімнің қарас
ы» ән
Абай өмірінен үзінді (көрініс)
Абайдың өлеңдері 3 тілде оқылады
Ән «Айттым сәлем Қаламқас»
17-қарасөз (рөлге бөліп оқу)
Күй (домбыра ,шертер)
Ән «Желсіз түнде жарық ай»
Рефлексия
4.Жиынның жабылуы

Жауаптылар: Жетибаева Н.Т
Бавдинова Г.Ш
Аштыбаева Қ.Т
Ахметжанова А.А
«Бекітемін»
Мектеп директоры
...................... Кошаханова Ш.Ш.
№1Азат орта мектебі
«Абайдың қара сөздері –тәрбие көзі» атты тәрбие кештің өту барысы
Тақырыбы: «Абайдың қара сөздері –тәрбие көзі»
Мақсаты:Абайдың қара сөздерін терең меңгерту,тәрбиелік мәнін түсіндіру,сөз өнерінің қыр- сырымен таныстыру. Халық даналығы ,халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық,оның адамзат тарихы мен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, Абайдың суреттері, шаңырақ астындағы киіз үйдің көрінісі.
Өту барысы:
Музыка ойналып тұрады .
Жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы,
Өлмей тұғын артына сөз қалдырған,-деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де ,жалынды жарымен де бізбен бірге.
Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кеменгер ойшыл,данышпан ақын тарихи тұлға- Абай Құнанбаев.
Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:
...Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы. 
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын,ойшыл, дана ғұламаларының бірі,қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абайдың қара сөздері –тәрбие көзі» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Ведущий: Здравствуйте, дорогие гости. Мы рады приветствовать вас на нашем вечере, который посвящён великому поэту казахского народа, философу, композитору, ювелирному мастеру художественного слова, просветителю, мыслителю, общественному деятелю, основоположнику казахской письменной литературы и её первому классику, реформатору культуры в духе сближения с русской и европейской культурой – Абаю Кунанбаеву, чтобы выразить вечную непреходящую любовь немеркнущей памяти своему самому славному сыну и мудрейшему наставнику.Он родился 10 августа 1845 года в Казахстане, в Семипалатинской области на склонах гор Шынгыстау в семье крупного бая Кунанбая Оскенбаева (Ускенбаева) рода Тобыкты из казахского племени Аргын. Семья Абая принадлежала к местной знати; дед (Оскенбай) и прадед (Иргизбай) главенствовали в своём роду в качестве правителей и биев. Изначально поэту дали имя Ибрагим. Две замечательные женщины – умная, справедливая, сердечная бабушка Зере и мать, добрая, остроумная Улжанжан воспитывали Ибрагима. Он рос внимательным, впечатлительным мальчиком, за что мать дала ему другое имя - Абай (что значит «внимательный», «проницательный»). Под этим именем он прожил всю свою жизнь и вошел в историю. Абай происходит из знатного и богатого рода биев и аристократов. Получил хорошее образование – учился в семипалатенском медресе, а также в русской школе. Кунанбаев с юношеских лет увлекался литературой (русской, европейской), а также работами восточных ученых. Абаем создано около 170 стихов, 56 переводов, написаны поэмы, «Слова назидания»
Через века, Абай, мы слышим твоё Слово.
К нему обращаемся снова и снова.
Оно знакомо с самых ранних лет,
В нём на вопросы ищем мы ответ.
Оно нас призывает к разуму, добру,
Быть нетерпимым к подлости и злу,
Порядочность и честь свою хранить,
И всей душою Родину любить.
Мы на природу смотрим твоим взглядом,
Ты учишь: ”Любоваться ею надо!
Зимою, летом, осенью, весною
Она нас радует своею красотою”.
Нет, не напрасно на земле ты жил,
Верным словом народу родному служил.
И хоть недругов было не счесть у тебя,
Неотступно о правде писал ты всегда.
И пусть молоды мы и порою несмелы,
Рассуждаем о многом пока неумело,
Но, шагая к вершине жизненной новой,
Через века, акын, мы слышим твоё слово.
Жүргізуші:
Құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Кошаханова Шолпан Шамгунқызына береміз.
Сахна. Абайдың «Көзімнің қарасы» әні естіліп тұрады.Ортаға Абай рөлін сомдаушы оқушы шығады.
 Жүрегімнің түбіне терең бойла,
 Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,
  Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
 Мыңмен жалғыз күрестім кінә қойма.
Мақсатым тіл ұстарту өнер шашпақ,
  Наданның көзін ойып, ойын ашпақ.
Үлгі алсын деп ойлы жас жігіттер,
Думан, сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.
«Көзімнің қарасы» ән орындалады (6 «А» сыныбы)
Жүргізуші:
Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез. Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
Жас шағында Абай тәрбиені жұмсақ мінезді, мейірімді шешесі Ұлжан мен көпті көрген кәрі әжесі Зереден алады. Ол жас кезінен өлең-жыр, әңгімеге әуес болып, әжесі мен анасы айтқан ертегі-аңыздарды құмартып тыңдап өседі. 
-Абайдың балалық шағына көз жүгіртейік. 
Рөлдерде:
(Аты аталғандар бірінен соң бірі сахнаға шығып,басын иіп,сәлемдеседі.)
Абай- Нұрлат
Барлас- Темірлан
Байкөкше- Серік
Әжесі- Алмагүл
Анасы-Мариям
Биыл Абайдың жасы 13 –ке толған. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бір бөлек бір дос тапты.Онысы әсіресе әжесі,одан қала берсе, шешесі. Оның күндегі ермегі – әжесі мен анасынан әңгіме айтуды өтіну.(Абайдың үйіне екі қонақ келеді:
Біреуі- жас қонақ, екіншісі- қартаң.)
Музыка ойналып тұрады.
(Ат үстіндегі қонақтар)
Байкөкше: Сәлем бердік. Үйлеріңізге құдайы қонақ келді.
(Қонақтарды қарсы алады әжесі)Әжесі: Сәлеметсіздер ме? Онда түсіңіздер.Қонақ болыңдар.Қалдерің қалай?Жоғары шығыңдар!Жақсы болды кегендерің!
Қонақтармен жай сұрасып,амандасып болған соң,Ұлжан Абайға жымиып: Ұлжан: -Ал,балам,әжеңмен екеуімізді қажи беруші едің, жырдың дүкені,міне,жаңа келді. Мына кісі-Барлас деген ақын,ал мына ақынды сен танисың!
Абай: Иә, әже! Мен Байкөкше ақынды танимын.Былтыр бізге (Қозы Көрпеш Баян Сұлу ) жырын айтып берген. Ол жыр әлі есімде.Барлас: -Е ,балам! Қазақта шешеннің судай төгілген,тыңдаушың бордай егілген»,-дегендей сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел -елдағы.Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға Байкөкше де жалықпас!
Әжесі: Тамақ әзір болғанша, жыр-әңгімелеріңді айта отырыңдар.
Байкөкше: Олай болса, Барлас ақын «Қобыланды батыр» жырын жырлап берсін.
Автро:Осы түнде ас піскенге дейін Барлас «Қобыланды » жырын жырлайды.
Абай: Ата, мұны айтқан кім? Осы жырды шығарған кім екен?
Барлас: Әуелден келе жатқан жыр ғой.Халық аузынан тараған деседі –ау, балам!Байкөкше: Ал, рұқсат болса , біз жүрейік. Алда барар жеріміз көп.
Әжесі: Асықпаңдар. Әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіңдер.
Автор:
-деді.Бұл-Абайдың тілегі еді. Абай күндіз де,түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Барлас пен Байкөкше бір айдай Абай үйінде болады.  Ұғымтал,зеректігіне қатты риза боп, Барлас оңашада Абайға: Барлас:
-Шырағым ер жетерсің, Ер жетсең,сірә,не етерсің?! Алысқа шырқап кетерсің, Шындасаң шыңға жетерсің,
Автор:-деп домбырасын Абайға ұсынады.
Абай: (шешесіне ) Апа,қонақтарды жақсы ғып тұрып сый беріп аттандырыңызшы.Ұлжан: Міне, сіздер жақсы сөздеріңізбен баламның көңілін көтеріп ем әкелгендей болдыңыздар. Анау кәрі әжесі мен бізді де көп сейілттіңдер!
Әжесі:Тағы да келіп тұрыңдар. Жолдарың болсын! Келген сапарларың тыста бір азырақ ырым байлаттым. Ала кетіңдер.Риза боплып аттаныңдар.Автор:(Абай тысқа шығып,Барластарды аттандырды) Абай риза боп қуанып кеп,анасын қысып,белінен,мұрнынан сүйді. Қуанышты көңілмен, Барлас пен Байкөкшенің өнеріне сүйсініп Абай қатты қуанып, ұйқыға кетеді. (Бәрі сахнадан шығып кетеді)
жүргізуші: Тамаша, керемет. Рахмет сендерге! Карина, қалай ойлайсың, келесі кезекті Абай атамыздың өлеңдеріне берсек қалай болады?
жүргізуші : Да Меруерт! Я с тобой согласна. Велики заслуги Абая Кунанбаева в укреплении через дружбы казахского народа с русским.Путь экономического и культурного развития сваего народа великий поэт-гуманист видел в просвещении образовании через передовую демократическую русскую и через неё общечеловеческую культуру. Для того чтобы избежать пороков и достичь добр, необхадимо знать русски язык и русскую культуру»,-писал Абай. Поэтому Абай работал над переводами произведений великих русских писателе Крылова , Пушкина,Лермонтова и др.
Жүргізуші : Олай болса,«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың әдемі лирикасынан бастайық.
( Оқушылардың Абай өлеңдерін кезек – кезек мәнерлеп , үш тілде оқыйды)
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар ,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар ,
Әнді сүйсең , менше сүй,-деп Абай атамыз әнге деген сүйіспеншілігін білдірген. Олай болса , ауданымыздың Есік педагогикалық коледжінің 4-курс түлектерін бүгінгі әдеби кешімізге арнайы шақырып отырмыз. Сахнада Макетаева Арайлым «Айттым сәлем қаламқас» әнімен. Қарсы алыңыздар!
жүргізуші : Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – оның қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.
 Кезекті Абайдың қара сөздеріне берсек! Абайдың қара сөздерін ортаға салайық, құрметті қонақтар!( Слайд)
Жүргізуші: Слово назидания 17 слово
(Сахнаға аттары аталған оқушылар шығады)
В ролях:
Воля-
Разум-
Сердце-
Наука-
Воля, Разум и Сердце обратились однажды к Науке, чтоб разрешить спор: кто из них важнее.
Воля сказала: “Эй, Наука, ты ведь знаешь, без меня ничто не достигает совершенства: чтобы познать тебя, надо упорно учиться, а без меня этого не сделать; служить Всевышнему, поклоняясь ему, не ведая покоя, можно только с моей помощью. Нельзя, если меня нет, добиться в жизни богатства, мастерства, уважения, карьеры. Разве не я оберегаю людей от мелких страстей и держу их в узде, не я ли предостерегаю их от греха, зависти, соблазнов, не я ли помогаю им собраться и в последнюю минуту удержаться на грани пропасти? Как могут спорить со мной эти двое?”
Разум сказал: “Только я способен распознать, какое из твоих слов полезно и какое пагубно, будь то в земной или загробной жизни. Только мне дано постигнуть твой язык. Без меня не избегнуть зла, не найти выгоды, не постичь знаний. Почему эти двое спорят со мной? На что они годятся без меня?”
Сердце сказало: “Я — владыка человеческого тела. Кровь идет из меня, душа обитает во мне, без меня жизнь немыслима. Я лишаю сна, заставляю ворочаться тех, кто лежит в мягкой постели, вынуждаю их думать о бедных, не имеющих крова, мерзнущих и голодающих. По моей воле младшие почитают старших и снисходительны к меньшим. Но люди не стараются сберечь меня в чистоте и от этого страдают сами. Будь я чистым, не стал бы я делать различия между людьми. Я восторгаюсь добродетелью, я восстаю против зла и насилия. Самолюбие, совесть, милосердие, доброта — все исходит от меня. На что годятся эти двое без меня? Как они смеют спорить со мной?”
Жүргізуші:
Выслушав их, Наука ответила:
“Воля, ты все верно сказала. В тебе еще много достоинств, о которых ты не упомянула. Ничего нельзя достигнуть без твоего участия. Но ведь в тебе таится и жестокость, равная твоей силе. Ты тверда в служении добру, но не меньшую твердость проявляешь и в служении злу. Вот что плохо в тебе.
Разум! И ты прав. Без тебя невозможно добиться в жизни чего-либо. Благодаря тебе мы узнаем о создателе, посвящены в тайны двух миров. Но это не предел твоих возможностей. Лукавство и коварство тоже творения твоих рук. И добрый, и злой опираются на тебя, ты верно служишь и тому, и другому. Вот в чем твой изъян.
Моя задача — помирить вас. Хорошо бы повелителем и вершителем в этом споре явилось Сердце.
Разум! У тебя множество путей-тропинок. Сердце не может следовать по каждой из них. Оно не только радуется твоим добрым замыслам, но и сопутствует тебе в них с охотою. Но оно не последует за тобой, если ты замыслил недоброе, и даже отстранится от тебя с брезгливостью.
Воля! В тебе много силы и мужества, но и тебя Сердце способно удержать. Оно не станет препятствовать в деле благоразумном, но в деле ненужном свяжет тебе руки.
Вам следует объединиться и во всем повиноваться Сердцу. Если вы все трое мирно уживетесь в одном человеке, то прахом с его ног можно будет исцелять незрячих. Не найдете согласия, я отдам предпочтение Сердцу. Береги в себе человечность. Всевышний судит о нас по этому признаку. Так сказано и в писаниях,” Жүргізуші:
— сказала Наука.
жүргізуші : Ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Сахнада Есік педагогикалық коледжінің 4-курс түлектері Арайлым мен Жамбыл. Куй
Жүргізуші: Бүгін 21- ғасырбасында біз Абайдың шығармаларынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз.Себебі, Абай адамзаттың мәңгілік сауалдарына жауап береді.
Көріті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы ,
Ол- Абай, Ұлты- қазақ, Аты- Адам.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар « Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңінен тек дәм татқан сияқтымыз. Сол себептен Абайды оқудан , білуге ұмтылудан , ізденуден жалықпайық. Кешімізді Абайдың «Желсіз тунде жарық ай» әнімен аяқтайық.