К?з ханшайымы — 2014 атты ханшайымдар сайысы


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата-аналар, балғын балалар! Міне туған өлкемізге алуан түсті жапырақтарын төгіп, толқып, би билеп күз айы да келіп жетті. Ел байлығын арттырған берекелі күз.
Ата - ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылды да, парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық. Балалар қараңдаршы біреу есік қағып тұрған сияқты. Қане, ол кім болды екен?
(Залға алма ағашы әуенмен кіріп келеді)
Алма ағашы: Амансыңдар ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені достарыммен бірге сендердің орталарыңа алып келді. Мінекей күзде келді, жапырақтар сарғайып жерге түсіп, күн суыта бастады. Балалар, айтыңдаршы, бұл жерге не себептен жиналдыңдар, неге бәрің әдемі көйлек киіп алғансыңдар?
Жүргізуші: Алма ағашы, бүгін бізде күз мерекесіне орай балабақшамызда алғаш рет «Күз ханшайымы - 2014» сайысы болғалы жатыр. Осы мерекеден күз ханшайымын тағайындауымыз қажет. Ханшайымдар өз өнерлерін ортаға салып, кім жеңіске жетсе, «Күз ханшайымы - 2014» атағын алады. Алма ағашы сенде бізбен бірге балалардың өнерлерін тамашала.
Алма ағашы: Жарайды, сендердің өнерлеріңді көріп бір сергіп қалатын болдым.
Жүргізуші:
Мерекесі халықтың       Алтын күзді бастайық       Алтын күзге арналған       Сайысымызды бастайық! - дей отырып, «Күз ханшайымы - 2014» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Құттықтау сөз кезегі «Приозерск қаласының №2 мектеп-балабақша кешені» КММ-нің директоры – Алтынбекова Қарлығаш Серікқызына беріледі: (әуен)
Жүргізуші:
Балалар бар өнерін салары анық,Өнегелі тәлімді алған қанып.Ал ендеше таныстырырп өтейін мен,Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады.
1. бөлім «Тегін білмеген тектілік» Таныстыру2. бөлім. «Өз өнеріңді көрсет» өнер сайысы3. бөлім «Оң саусағың майысып,шебер болар ма екенсің» үй тапсырмасы, «Күз жомарт» тақырыбына салат дайындап әкелу, қорғау сайысы4. бөлім «Сымбатына сән киім жарасады» сән сайысы5. бөлім «Алғыр болсаң тауып көр» сұрақ- жауап сайысы
Қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық. (Әуен ойнап тұрады)
1. Біржан Айзере анасы (Найманова Гюлназ)
2. Жаңабай Жанель анасы (Исиркова Гүлжанат)
3. Жанел анасы (Жұлдыз)
4. Қуанышова Ұлтай анасы ()
5. Нұрғалиқызы Аделя анасы (Исатаева )
6. Атемкулова Ақжүніс анасы ()
7. Несіпбек Рыскүл анасы (Оразгүл)
Өнерпаздар өнерін салыстырып,Бәйге үшін терлетер шабыстырып.Әділдікті қолдайтын баға беріп,Жіберейік қазыларды таныстырып.Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.. (Әділ қазылар алқасымен таныстыру)
1_________________________________________________________________2_________________________________________________________________3_________________________________________________________________4_________________________________________________________________5_________________________________________________________________6_________________________________________________________________
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз.Бір басына өнері жетер дейміз.Сайысқа келген сайыскерлер кезектесіпӨздерін таныстырып өтер дейміз - деп кезекті I-кезең «Тегін білмеген тектілік» таныстыруға береміз.
Сайысымыздың бірінші шарты бойынша сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтеді.
1._________________________________________________________________2._________________________________________________________________3._________________________________________________________________4._________________________________________________________________5._________________________________________________________________6._________________________________________________________________7._________________________________________________________________
Әділ қазы алқалары бағаларыңызды берсеңіздер. Ең жоғарғы ұпай «5».
Балалар аман болсын әр үйдегіТаусылмасын ананың әлдилері«Күзгі жапырақтар» биін билейді томпаң қағып«Балдәурен» тобының сәбилері
«Күзгі жапыратар» биін қарсы алайық.
Өнер жаста жаныңдарӨнерпаздар дарындыларКөрейік, ән, би, күйді көрермендерКөрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп сайысымыздың ІІ шарты бойынша
ІІ –сайыс (Өз өнеріңді көрсет) сайыскерлерімізді өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
1._________________________________________________________________2._________________________________________________________________3._________________________________________________________________4._________________________________________________________________5._________________________________________________________________6._________________________________________________________________7._________________________________________________________________
Жүргізуші:  
Балабақша бағында.         Сайраңдаймыз жанында         Нақ өзіндей бүлдіршін         Көп достардың жанында - деп,біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің «Алтын күз» тақырыбына дайындап келген өлең шумақтарын тамашалайық.
ТАҚПАҚ
Ұлтай мен Жанелдей аруымыз сызылтып ән саладыӘн айтып биде билеп жан салады.Бұл ұлы мерекеде ән салғандаБарлық достар шапалақтап қарсы алады.Ән «Балабақша» қабыл алыңыздар.
Сайысымыздың ІІІ шарты бойынша III-сайыс қолөнер сайыскерлерімізді үй тапсырмасы бойынша «Күз жомарт» тақырыбына кез-келген күзгі жеміс – жидектерден немесе күзгі табиғи материалдардан бұйым жасап әкелу және күз мерекесіне мерекелік салат дайындап әкеліп, құрамымен қорғау болатын. Сайыскерлерімізді үй тапсырмасы бойынша ортаға шақырамыз.
1._________________________________________________________________2._________________________________________________________________3._________________________________________________________________4._________________________________________________________________5._________________________________________________________________6._________________________________________________________________7._________________________________________________________________
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәніменӘр сұлу әсем болар өз сәніменКүз сәні өнерімен ортаға шығыпСән көрсетер сайыскерлер сәнімен – деп сайысымыздың IV - шарты – «Сымбатына сән киім жарасады» деп аталады. Сайыскерлерімізді өз фантазиясы бойынша сән үлгісін көрсету үшін ортаға шақырамыз.
1._________________________________________________________________2._________________________________________________________________3._________________________________________________________________4._________________________________________________________________5._________________________________________________________________6._________________________________________________________________7._________________________________________________________________
Жүргізуші:
«Тапқырлар, білгірлер, білімділер».Тыңдаңыздар халайық!Босқа қарап тұрмайықКезегі енді сайыстың Сұраққа жауап табайық! – дей отырып, сайысымыздың V-ші кезеңі «Алғыр болсаң тауып көр» кезеңін бастайық.
Сайыстың шартымен таныстырп өтетін болсам, кез-келген күзгі жеміс-жидекті немесе көкөністі таңдап алып, артында берілген сұрақтарға жауап береміз.1._________________________________________________________________2._________________________________________________________________3._________________________________________________________________4._________________________________________________________________5._________________________________________________________________6._________________________________________________________________7._________________________________________________________________
Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша мың бұралған бишілеріміз Нұрсұлтан мен Жанелдің «үнді биін» тамашалаңыздар.
(Ортаға Жанел мен Нұрсұлтан «Хаттуба»)
Жүргізуші:
Әділ қазы шешедіІстің ақ пен қарасынБүгінгі міне сайыстың Әділ берер бағасын – деп ал енді сөз кезегін төрешілерге береміз. Мадақтау. 
Білім, ғылым, өнерге,Қанат қағар кездерің.Еліміздің ертеңі,Үміт етер өздерің.- дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы - 2014» сайысы осымен өз мәресіне жетті, келіп қатысып тамашалағандарыңызға көп рахмет. Мереке құтты болсын!