План урока по казахскому языку на тему ?лтты? ойындар
Пән Қазақ тілі
Сынып 3 Б
Тақырып Ұлттық ойындар.
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Негізгі идея, мәселе Тыңдалым тәсілдерін қолдану арқылы Ұлттық ойындар түрлері туралы әңгімелеу
Мақсат Ұлттық ойындар түрлерін білу, ажырату
Күтілетін нәтиже Білім: Тыңдалым арқылы оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білуі
Білік: түрлі тапсырмаларды орындату
Жұмыс түрлері түсіндіру, ойландыру, іздендіру, сұрақ- жауап.
Сілтемелер мен дереккөздері Презентация, тыңдалым, суреттер
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Мазмұны
(мұғаліммен оқушылардың іс әрекеті) Уақыт Қорытынды нәтиже
Сабаққа еңгізу
Психологиялық жағдай
«Кел, әңгімелесейік» кезеңі
Дыбыстық жаттығу
Сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу
Үй тапсырмасын тексеру
«Жаңа сөздер сандығы»
Сабақтың мәнін түсінуі
(осмысление)
Жаңа сабақ
Сынып оқушыларымен амандасу. Оқушылар амандасады. (1 слайдт)
Балалар, көңіл-күйіңіз қандай?
(ТАМАША!)
(2 слайдт)
Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
Тәң дыбыстар неше? Олар қандай?
Тәң дыбыстарға мысал келтіріндер
Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсындар?
Дұрыс айтасындар , «Ұлттық ойындар», «Ұлттық ойындар» аудармасын кім айтады?
Балалар: «Национальные игры».
Бүгін сабақта біз Ұлттық ойындарының түрлерімен танысамыз, элементтерін көрсетеміз, бүгін сабақта біз 2 топқа бөлінеміз, сабақты сайыс түрінде өткіземіз. 1 топ – Алғыр, 2 топ – Жігер. Әр топ өзінің капитандарын сайлайды. Сендер бүгін өз тобына ұпай жинайсындар, әр бір тапсырмаға 1 балл беріледі, сабақтың соңында балл санап, баға беріледі.
Ең алдымен үй тапсырмасын тексерейік.
Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
Балалар: Домбыра үйірмесі тақырыпты өттік.
Өткен тақырыпты қайтала отырып ұлттық ойының бір түрімен танысамыз, ол – Асық. Қазір әр топтың капитаны осы қоржыннан асықты алып номер бойынша сұраққа жауап береді.
Ал бастайық:
1 сұрақ – Үйірме дегеніміз не? (Үйірме дегеніміз – айналасып жүрген істерінің бір түрі)
Бағалау. Ұпай беру
2 сұрақ – Үйірме сөзінің аудармасы қандай? (Үйірме сөзінің аудармасы - кружок)
Бағалау. Ұпай беру
3 сұрақ – Қандай үйірме түрлері бар? (аспаптық (домбыра, саксафон, гитара), шығармашылық (вокал, би, бейнелеу), интеллектуалды (тілдері)
Бағалау. Ұпай беру
4 сұрақ – Біздің мектепте қандай үйірмелер бар? (Біздің мектепте би, бейнелеу өнері үйірмелер бар)
Бағалау. Ұпай беру
5 сұрақ – Сен қандай үйірмеге барасын? (Мен ... үйірмеге барамын)
Бағалау. Ұпай беру
6 сұрақ – қазақтардың ұлы күйшілерді білесіңдер ме? (Құрманғазы Сарғыбайұлы – күйші-ақын, Қорқыт, Асанқайғы, Қазтуған )
Бағалау. Ұпай беру
Сергіту сәті (видео)
Енді бүгінгі тақырыппен толығырақ танысайық. Балалар, қандай ұлттық ойындар түрлерін білесіндер?
Балалар: қыз қуу, алтыбақан, тоғыз құмалақ, көкпар және тағы да басқа осындай сияқты ойындар бар
Ұлттық –
Ойын –
Ойнау -Ептілік – Тапқырлық – Батылдық –
Арасында –
Осы сөздерді сөздіктерге жазындар
Сөздердің аудармасын кім айтады?
Енді жаңа сөздермен сөз тіркестерді құрастырайық
Ұлттық ойындар (4 слайдт)
Асық ойыны —Ойынның басты объектісі-де, құралы да — асық.
Алтыбақан - қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек.
Тоғыз-құмалақ - қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.
Қыз қуу - өте көне ойындарының бірі. Бұл ойын жарыс түрінде, жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізіледі.
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығын тәрбиелейді.
Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі.
Аударыспақ - спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады).
Енді «Көкпар» ойынан үзіндісін көріп алыңыз
КӨКПАР туралы видео
Балалар, қазір біз бәйге ойын ойнаймыз. Тапсырмаларды кім тез, жылдам орындайтының көреміз.
Сендердің көз алдында әріптер шашылып жатыр, сендерге тапсырма: бұл әріптерден ұлттық ойындарының атауларын құрастыруыңыз қажет.
Сендерге 4 минут беріледі
Бағалау. Ұпай беру
Енді балалар өте мұқият болыңыз, қазір тыңдалымды тыңдап, не түсінгенін туралы айтасындар, содан кейін мынадай тапсырмаларды орындайсындар: Алғыр тобы – балалардың аттарын айтады, қай сыныптарда оқитынын, Жігер тобы – тоғызқұмалақты неше адам ойнайды, ол қандай ойын, ойының мақсаты қандай, және екі топ көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, қай топ тапсырмаларды қатесіз орындайды, сол топқа 1 ұпай беріледі
Тыңдалым: Менің атым – Асан. Мен 3 сыныпта оқимын. Менің ең жақын досым Саян, ол да 3 сыныпта оқиды. Біз екеуіміз тоғызқұмалақ үйірмеге барамыз. Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық, математикалық ойын. Бұл ойында тақтада, екі адам арасында ойналады. Біз екеуіміз тоғызқұмалақты ойнаймыз.
Балалар тыңдалымды 2 рет тыңдайды, содан кейін тапсырмаларды орындайды.
Бағалау. Ұпай беру
1
3
3
2
5
1
1
4
1
1
4
1
8 Күнделікті сабақтың басында қойылатын сұрақтарға жауап бере алады
Үй тапсырмаларын дайындап келді, барлық оқушылар белсенді қатысады
Жаңа сөздерді бірнеше рете қайталайды, сөйлем, сөз тіркестерді құрастыра алады
Шашылған әріптерден ұлттық ойындарының атауларын құрастыра алады
Тыңдалымды тыңдайды, не түсінгенін айтады, тапсырмаларды орындай алады
Сабақты бекіту
Қорытынды
Рефлексия
Үй тапсырмасы
Бағалау
Балалар бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Балалар: Бүгін сабақта біз Ұлттық ойындар тақырыбымен таныстық.
Ұлттық ойындар қандай қасиеттерді тәрбилейді?
Балалар: Ұлттық ойындар адамгершілік, батылдық, төзімділікті тәрбилейді.
Барлық ұпайларды санау.
Смайликтерді көңіл-күй кітабына жабыстыру
«Бір Ұлттық ойын» туралы толық ақпарат жазып келу
Жарайсыңдар балалар, бүгін сабақта бәрі де жақсы жұмыс істедік, бірақ бүгін сабақта ең көп ұпай жинаған тобы ... сол тобының оқушылар «5» деген баға алады, екінші тобының оқушылары «4» деген баға алады.
Сендерге менен мынадай кішкентай сыйлықтарды дайындап әкелдім (сыйлық беру)
Бәріне де рахмет, сау болыңыздар! 1
1
1
1
Сабақта алған білімдерін бекіте алады