открытый урок на тему К?пм?шелерді к?бейткіштерге жіктеуге есептер шы?ару


2014-2015 оқу жылы
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі
Сыныбы: 7 «А»
Күні: 19.11.2014ж
Пән мұғалімі: Баймағанбетова Бота
Ашық сабақ
Тақырыбы: КӨПМҮШЕЛЕРДІ КӨБЕЙТКІШТЕРГЕ ЖІКТЕУГЕ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
Күні: 19.11.2014жыл
Сыныбы: 7 «А»
Пәні:алгебра
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік:көпмүшені көпмүшеге көбейту амалына кері амал ретінде көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдап,білім дәрежелерін байқау;
ә)дамытушылық:есептер шығарту арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін,іскерліктерін,өз бетімен еңбектену,жеке оқушының білім,білік дағдыларын дамыту;
б)тәрбиелілік:оқушыларды ұқыптылыққа,сауаттылыққа,шапшаңдылыққа,алғырлыққа,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың әдісі:практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,тест парақшалары, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
(балаларды түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.)
Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа,
Зула, алға! Алып бестік, бекем бол,
Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма! –дей келе мен сендерге балалар бүгінгі сабақта тек бестік алуларыңа тілектеспін.
Оқушылар бәріміз білеміз 11 қараша күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы болды. Ендеше мен сендердің де осы туралы кішкене мағлұмат алғандарыңды дұрыс деп білдім.(Презентациямен көрсету)
Балалар бүгінгі біз сабағымыздың әр кезеңіңде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы атаулы күндері ақындардың, жазушылардың, әртістердің туған күнімен байланыстырып сабақ өтсек.
Өткен тақырып бойынша негізгі мәселелерге шолу жасау
Ендеше, балалар өткен сабақты еске түсіре отырып,125 жылдығы тойланып отырған қазақтың көрнекті жазушы, драматургті табайық.
Бірмүше дегеніміз не?
Көпмүше дегеніміз не?
Көпмүшенің дәрежесі дегеніміз не?
Көпмүшенің мүшелері дегеніміз не?
Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?
(Жүсіпбек Аймауытовтың суреті шығады қысқаша мағлұмат)
ІІ Үй жұмысын тексеру
Енді үй жұмысын тексере отырып 2-ші қазақтың көрнекті жазушысы биыл 120 жылдығын аталып өткен қазақ әдебиетінің қалыптастырушысымен танысамыз.
№266
ax2-bx2-bx+ax-a+b=a-bx2-x-1ax2+bx2-bx-ax+a+b=a+bx2-x+1ax2+bx2-bx-ax+cx2-cx=x-1a+b+cxax2+bx2+ax-cx2+bx-cx=x+1a+b-cx№267
aс2-ad+c3-cd-bc2+bd=c2-da+c-bmx2+my2-nx2-ny2+n-m=x2+y2-1m-nxy2-ny2-mx+mn+m2x-m2n=y2-m+m2x-na2b+a+ab2+b+2ab+2=ab+1a+b+2x2-xy+x-xy2+y3-y2=x-y2x-y+1(Бейімбет Майлиннің суреті шығады қысқаша мағлұмат беру.)
ІІІ Ойлан тап (ауызша есептер)
Міне, балалар енді келесі 120 жылдығы аталып өткен қоғам қайраткерін мына тапсырмаларды орындау арқылы кім екенін білеміз.
Көпмүше түрінде көрсет
а5(3а-4)
3с(с2+2с-7)
(3х-6)2х3
8-(8х+7)
5а+(11-а)
(6у+2)-6у
(Ілияс Жансүгіров презентациямен көрсету)
IVКім жылдам? Бұл кезеңде 105 жылдығы аталып өткен жазушы аталарыңызды білетін боласыздар.
Ұқсас бірмүшені көрсет
9ас 2) -17 3) 9ху 4)-17ас
А. 1-3 Б. 1-3, 2-4 В. 1-7
2. Қай өрнек көпмүше бола алмайды?
1) 3а+в 2) 7а2+в+3 3) 7а22*3
А. 1-2 Б. 3 В.2-3
3. Берілген көпмүшені стандарт түрде жаз.
а3*а5-3а*а*а*0,5+7а2
А. а8-3,5+7а2 Б. а15-1,5а3+7а2 В. а8-1,5а3+7а2
4. Жақшаны ашып ұқсастарын біріктір
11+(7а-11)
А. 22+7а Б. 7а В. -7а+22
5. Ықшамда:
9а-(3-5а)
А. 14а-3 Б. 4а+3 В. 4а-3
6. Көбейтуді орында
5(а+1)
А. 5а+1 Б. 5а В. 5а+5
7. Көбейтуді орында:
3а2(7-а)
А. 21а2-3а2 Б. 21а2-3а3 В. -21а3
(Әбділдә Тәжібаев презентациямен қысқаша мағлұмат)
V Оқулықпен жұмыс
Бұл кезеңде 100 жылдығын тойлап отырған Құрмет белгісінің иегері, актриса әжелеріңді білетін боласыздар.
№269
№271
№274 (1,2)
VI Логикалық есептер
Логикалық тапсырманы орындап болған соң ақын, журналист, мемлекет және қоғам қайраткері 75 жылдығын аталып өтетін апамызды білетін боламыз.
Алдыңғы күні 13 жаста едім, келесі жылы 15-ке келемін, - деді Бекзат. Бекзат дұрыс айтқан болса, оның туған күні қашан?
Алуа атасы туралы әр кезде жаңаша айтуға тырысады. «Менің әкемнің әкесі», «Менің әкемнің бауырының әкесі», «Менің әкемнің қызының әкесінің әкесі», «Менің бауырымның әкесінің оның әкесінің бауыры». Алуа неше рет қателесті?
(Фариза Оңғарсынова презентациямен көрсетіп мағлұмат беру)
VII Сабақты қорытындылау
Осы сабақты Фариза Оңғарсынова апамыздың «Ұстаз» деген өлең шумағымен аяқтағым келіп отыр.
Сан жастың қамын шертесің
Тағдырын ойлап, толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
Үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
Шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің,
Бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым сенің әр күнің,
Әр сәтің тұрған бір ерлік! – дей келе сабағымды аяқтаймын
VIII Үйге тапсырма: 274 (3,4) 278
IX Оқушыны бағалау