Математикадан саба? : Квадрат ?шм?шені к?бейткіштерге жіктеуге есептер шы?ару.
Сабақтың тақырыбы: Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуге
есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: 1) Өткен тақырыпты қорытындылай отырып, алған
білім-білік дағдыларын жинақтау;
2) Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға, өз
жетістігін бағалай білуге дағдыландыру;
3) Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа,
нақтылыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: білімдерін жүйелеу
Сабақтың типі: практикалық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап.
Сабақтың пәнаралық байланысы:математика,информатика.
Сабақтың көрнекілігі:үлестірмелі карточкалар, слайдтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. (кері байланыс картасы)
І. Қызығушылықты ояту.
Квадрат теңдеу
1)
толымды келтірілген толымсыз
2)Қандай шарт орындалғанда ах2+bх+с теңдеуінің:
а) таңбалары қарама- қарсы екі түбірі; б)екі теріс түбірі; в) екі оң түбірі бар?
3) Қандай көпмүше квадрат үшмүше деп аталады?
4) Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласы?
5)Квадрат үшмүшенің түбірлері?
6)Квадрат үшмүшенің түбірлерін табудың әртүрлі тәсілдерін ата?
7)Квадрат үшмүшенің түбірлері жоқ болса, оны көбейткіштерге жіктеуге бола ма?
ІІ. Мағынаны тану.(Деңгейлік тапсырмалар)
А тобы.
1.Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеңдер:
І топ ІІ топ ІІІ топ
4х2-7х+3 5х2-18х+16 3х2-11х-14
В тобы.
1.Көбейткіштерге жіктеңдер:
І топ ІІ топ ІІІ топ
х3-5х2-14х х3+4х2-21х х3+х2-20х
2. Түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрыңдар:
І топ ІІ топ ІІІ топ
х1=-56; х2=7 х1=0,9; х2=-11 х1=-0,8; х2=-15С тобы.
1.Бөлшекті қысқартыңдар.
І топ ІІ топ ІІІ топ
а2+4аb+4b2а3+8b327х3-у318х2+6ху+2у22х2-3х-24х2-12. 10а2-6а+5аb-3b5а2-8а+32а2-10а-аb+5b3а2-14а-5х2-4х+1х2-22+3х+7+43Оқушылар тапсырмаларды өз топтарында орындап, тақтаға көрсетеді.
№330(1 – І топ, 2- ІІ топ, 4- ІІІ топ)тақтамен жұмыс.
ІІІ. Ой толғаныс
Тест сұрақтары. Кім жылдам?
1. ах4+bх+с=0, (а≠0) түріндегі теңдеу қандай теңдеу?
А) биквадрат теңдеу В) квадрат теңдеу С) келтірілген квадрат теңдеу
2. 4х2-5=0 қандай теңдеу?
А) толымсыз кв.теңдеу В) толымды квадрат теңдеу С) сызықтық теңдеу
3. Квадрат теңдеудің неше түрі бар?
А) төрт В)екі С) үш
4. Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатыны неге байланысты?
А) теңдеудің берілуіне байланысты В) Дискриминантқа
С) түбірі жоқ болуына
5. Түбірлері -3 және 10 сандары болатын квадрат теңдеуді құрыңдар.
А) х2-7х-30=0 В)х2+7х-30=0 С)х2+7х+30=0
6. Теңдеулерді шешпестен, түбірлерінің таңбасы қарама – қарсы болатынын көрсетіңдер.
1) х2-10х-5=0 2) х2-14=0 3) х2+5х+4=0
А.бәрі; В)1), 2); С.Жоқ
7. Теңдеулерді шешпестен, түбірлерінің таңбасы бірдей болатынын көрсетіңдер:
1)х2+10х+9=0 2)х2-2х-3=0 3)х2-4х+3=0
А)1), 3); В)бәрі С)1
8. Теңдеуді шешпестен, бір түбірі х=-1 бола алатын теңдеулерді көрсетіңдер:
1) х2-х=0 2)х2+11х+10=0 3) х2+1=0
А) бәрі В) 1),3); С) 2).
9. Теңдеуді шешпестен, бір түбірі х=1 бола алатын теңдеулерді көрсетіңдер:
1)х2+8х+7=0 2)9х2-11х+2=0 3)х2+1=0
А) бәрі В) 2); С) 1), 3).
10.Дұрыс теңдікті көрсетіңдер:
1)х2+3х+2=(х-2)(х-1) 2)2х2-3х+1=2(х-1)(х-13) 3)х2-х-6=(х-3)(х+2)
А) бәрі В) 3). С) 1), 2).
Логикалық тапсырма.
1. Термометр аяз болған соң -30С көрсетіп тұр.Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (Жауабы: -30С)
2. Допты лақтырғанда доп сол ізбен кері қайту үшін, оны қалай лақтыру керек?(Жауабы: жоғары)
3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? (Жауабы: шырпы)ІV. Қорытындылау, бағалау.
V. Үйге тапсырма: №330 (3), 341.