М?тінді есептерді квадрат те?деулер ар?ылы шы?ару
Тексерілді: Қ.Г.Байгулакова/директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары/
Күні 17.01.2017ж Пәні математика Сабақ 53
Сынып 8ә Қатысқандар саны қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару
Сабақ негізделген
оқу мақсаты Есепті теңдеу құру арқылы шығару жайлы оқушылардың білімдерін жүйелеу және өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасау.
Оқу нәтижелері Барлық оқушылар
Квадрат теңдеулер туралы ұғымды біледі, теңдеулер шеше алады.
Оқушылардың басым бөлігі
Мәтінді есептерді шығаруда теңдеу құра біледі
Кейбір оқушылар
- Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шеше алады.
Алдыңғы оқу Биквадрат теңдеулер
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Дерек көздері
Басталуы
«Маған уақытымды саясат пен теңдеуге бөлуге тура келеді. Алайда меніңше теңдеу саясаттан анағұрлым маңызды. Себебі саясат осы уақыттық қана, ал теңдеу мәңгілік.» ғұлама - Альберт Эйнштей
Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. Оқушылар шеңбер болып тұрып, математикаға байланысты термин сөздер айтады.
Машина маркалары арқылы топқа бірігеді.
Үй тапсырмасын тексеру. §11-өз бетінше оқуы, мысалдарды талдауы, мақал-мәтел бойынша есеп құрастыру
2-тапсырма. Оқушы зердесін анықтау мақсатында:
«Зерде». (Мұнда мақал – мәтелдер айтылады. Оның ішіндегі екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері және теңдеу беріледі, яғни Виет теоремасы, Виет теоремасына кері теорема бойынша квадрат теңдеу құру керек. Әр теңдеуге 3 ұпай)
Топ спикеріне бағалау парағы таратылады, оқушы белсенділігін арттыру,алдағы жұмыстың алгоритімін түсіндіру.
Доп лақтыру әдісі ашық сұрақтар қою.
1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады ?
2. Егер ах2 +вх+с=0 теңдеуіндегі в немесе с нөльге тең болса, онда ол теңдеулер қандай теңдеулер болады ?
3. Квадрат теңдеуді шешудің қандай әдістерін білесіңдер?
4.Биквадрат теңдеу деген не? Анықтамасын айтып бер т.б5.Теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады,егер…
6. Теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады,егер…
7. ax2+bx+c=0 теңдеуінің екі түбірі болады,егер…
8. ax2+bx+c=0 теңдеуінің бір түбірі болады,егер…
9. ax2+bx+c=0 теңдеуінің түбірі болмайды,егер…
Оқушылар өткен білімдерін естеріне түсіреді.
Жаңа сабақ .(Мұғалімнің түсіндірмесі).
Квадрат теңдеу арқылы шығарылатын кез келген мәтінде есепті шығару үшін мына алгоритмді басшылыққа алған жөн:
1.Есептің мәтінінде берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті анықтау үшін есептің шартын білу қажет;
2.Бастапқы шаманы әріппен белгілеу;
3.Теңдеу құру;
4.Құрылған теңдеудің түбірлерін табу;
5.Табылған түбірлердің қайсысы теңдеуді қанағатттандыратынын тексеру.
Берліген алгортимді қолданып,есептер шығаруға мысал келтіру.
Мысал. Егер тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің біреуі екіншісінен 4 см қысқа екені және гипотенузасы 20 см-ге тең екені белгілі болса,осы үшбұрыштың катеттерін тап.
Кіші катет х см-ге тең болады.Пифогор теоремасы бойынша гипотенузасының квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең болады,яғни
.
Шыққан теңдеуді ықшамдайық: В
С А
Бұдан мынаны табамыз: ,
Есептің мағынасы бойынша х-тің мәні оң сан болуы тиіс.Бұл шартты тек екінші түбір, яғни 12 саны қанағаттандырады.
Жауабы:12 см,16 см. А.Әбілқасымова З.Жұмағұлова
А. Абдиев
В. Корчевский.
,
«Көзге көрінетін айғақ» ,
Ортасы
Жаңа білімді меңгеру
« Джигсо әдісі » оқулықтағы 3мысал есептерін топта талдап түсініп, келесі топ мүшелеріне баяндайды, түсіндіреді
« Өкіл » стратегиясы (оқулықпен жұмыс)
Деңгейлік есептер ұсынылады (А,В,С деңгейлері бойынша)
А-деңгейі: №203(1-2)
В-деңгейі: №205 (1-2)
С-деңгейі: № 209(1-2)
Есепті өздігінен шығарады, топта талқылайды, оқушылар алған білімдерімен бөлісуге өз үйлеріне оралады.
Есептер жазылған таратпа қағаздары,
топ басшысы топтағы оқушылар іс әрекетін бағалайды .Топ бірін-бірі бағалайды.
Оқушы зердесін анықтау мақсатында:
«Балық қаңқасы» стратегиясы
2-тапсырма. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту
«Зерде». (Мұнда мақал – мәтелдер айтылады. Оның ішіндегі екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері және теңдеу беріледі, яғни Виет теоремасы, Виет теоремасына кері теорема бойынша квадрат теңдеу құру керек. Әр теңдеуге 3 ұпай)
1. Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады.
x1=1000, x2=1, Жауабы: x2-1001x+1000=0
2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес. x1=7, x2=1; Жауабы: x2-8x+7=0
3. Бір тал кессең, он тал ек.
x1=1, x2=10; Жауабы: x2-11x+10=0
4. x2-9x+8=0
x1=1, x2=8; Жауабы: Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы5. x2-14x+49=0
x1=7, x2=7; Жауабы: Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім ал.
6. x2-10x+24=0
x1=6, x2=4; Жауабы: Алтау ала болса ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса төбедегі жетеді.
Алгебра 8сынып
Аяқталуы
Сабақты қорыту
Үйге тапсырма № 204, 206 , 211
Оқушы білімін бағалау . Сабақта үйренгенін бағалау
РЕФЛЕКЦИЯ
Ұнады Неліктен? Қиын болды Неліктен?
«Смайликтер»
Қосымша ақпарат
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы
Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сл ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1. Оқушылар жаңа тақырыпты өз бетінше оқып меңгеруі тиімді болды. 2. Оқушы зердесін анықтау мақсатында алынған мақал-мәтел арқылы есеп құру және
«Өкіл» әдісін қолданғаным тиімді болды
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.Деңгейлік тапсырмасын топ мүшелері өз деңгейлеріне қарай дұрыс бөліссе.
2.Есептерді тақтада шығартып жібергенде уақытты ұтар едім.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
1.Мәтіндік есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға машықтандыруым қажет.
2.Квадрат теңдеу құру жолдарын үйретуім керек
Мысал. Егер тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің біреуі екіншісінен 4 см қысқа екені және гипотенузасы 20 см-ге тең екені белгілі болса,осы үшбұрыштың катеттерін тап.
Кіші катет х см-ге тең болады.Пифогор теоремасы бойынша гипотенузасының квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең болады,яғни
.
Шыққан теңдеуді ықшамдайық: В
С А
Бұдан мынаны табамыз:,
Есептің мағынасы бойынша х-тің мәні оң сан болуы тиіс.Бұл шартты тек екінші түбір, яғни 12 саны қанағаттандырады.
Жауабы:12 см,16 см.
Ұнады Неліктен? Қиын болды Неліктен?
Ұнады Неліктен? Қиын болды Неліктен?
Ұнады Неліктен? Қиын болды Неліктен?
Ұнады Неліктен? Қиын болды Неліктен?
Ұнады Неліктен? Қиын болды Неліктен?
Ұнады Неліктен? Қиын болды Неліктен?
Ұнады Неліктен? Қиын болды Неліктен?
10 20 30 40 50 60
10 20 30 40 50 60
10 20 30 40 50 60
10 20 30 40 50 60