?зін-?зі тану п?нінен ?нерлі бала с?йкімді саба? жоспары 3 — сынып


Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі бала сүйкімді».
Ашық сабақ.(3 – сынып)
Сабақтың мақсаты:   «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Сабақ әдісі:шығармашылық.Көрнекіліктері:Интерактивті тақта, слайдтар,қуыршақтар,суреттер,әндер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Ақырын «Көңіл толқыны»күйі ойнап тұрады.
Шаттық шеңбері: Балалар барлығы шеңберге тұрып, хормен айтады.
«Өмір таны,өнер қу, Өнер сүйсең жиренбе,
Өнер табу ол да оқу. Дамыта бер,үйрен де.
Талаптансаң тартынба, «Өнер алды кең»-деп біл,
Өз күшіңмен жол табу. Қалсын үлгі кейінге.
Үй тапсырмасын тексеру: «Құмға салған сурет» мәтінімен жұмыс .Мазмұндау,пікірлесу
Өнерге құштарлығы қалай көрінді?.
Әңгімелесу.
Әбілхан Қастеев туралы бейнеролик көрсету.
А) Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады екен? Б) Ақын дегеніміз кім екен балалар? Балалар қандай адамдарды өнерлі деп санайды екенбіз? «Өнерлі өрге жүзер » деген мақалды қалай түсінесіңдер? А)Қуыршақ театры «Өнерліге өлім жоқ» ертегісінің желісімен сахналық қойылым.
В) Тапсырма. Балалар топтық жұмыс. Әр топқа тапсырма 4-5жол құрастыру ,өнер көрсету.  
С) Жаңа ақпаратты талдау. Оқушыларға өнер, өнерпаздық сөздерінің мағынасын түсіндіріп, жұмыс жүргізу. «Қоршаған әлемді көркемдеп бейнелеу көрінісі «өнер»деп аталады. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.» Д) Дәптермен жұмыс.Ребусты шешу. Дәптердегі тапсырманы орындау барысында балаларда өнерлі бала туралы ойлар жинақталады. Е) Сергіту сәті. Мұғалім мен оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім кубик лақтырады. Кубиктің 6 жағында, 6 мамандық иесі болады.1. Биші; 2. Әнші; 3. Домбырашы; 4.Құрылысшы; 5.Суретші; 6. Актер. Кубуктің қай жағы түссе, сол адамның қимылын бірге жасайды. (күй «Адай»)
 «Ақсақ құлан» мултьфильмін интерактивті тақтадан көрсету,пікір айту. 4. Жаңа сабақты бекіту. Балаларға жүрекше таратып , бүгін мен не үйрендім» деген сұраққа жауап жазуын сұраймын. Балалар «өнер адамы» деп кімдерді атаймыз? Жарайсыңдар, балалар! Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп айтамыз .
Сергіту сәті. С.Қалиевтің «Өнер» өлеңін қимылмен көрсету: Домбырам күмбірлеп,күй шерте аламын.(Сол қолын көтеріп,домбыра тарту қимылын көрсету).Бұрала би билеп(би қимылы),Сурет те саламын.Ұқсатып кілемге,Кесте детігемін.Актерше рөлде ойнай да білемін(күлімдеу бет әлпетін өзгерту).Жалықпай талай күн, жасаймын мүсінде,Өнер көп бойымда,Мақтану маған жат.(қолын жайып,өзін көрсетеді)
Жүректен – жүрекке. а) бірінші топ – бұлтқа адам жанын жабырқататын сөздер
в) екінші топ – күнге анасы қалай еркелететінін жазу, үшінші топ – кемпірқосаққа алғыс айтқандағы сөздер жазу. Балалар, кез – келген өнер түрі адамға жақсы сезімдер сыйлайды екен. Дәл қазір барлығымыз шеңберге тұрып, қол ұстасып ,халық әні «Сәулем-ай» әнін орындайық.
Үйге тапсырма беру. Өнер туралы мақалдар жазу. Бағалау. Дұрыс жауапқа гүлдер беріліп отырады. Оқушылар өз – өздерін бағалайды. «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Жақсы».